Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

E-mail: tleubaev63@mail.ru 
 
ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕРЕН ТҰЛҒА 
 
Аннотация: 
мақалада 
Ш.Уәлиханов 
атындағы 
Көкшетау 
мемлекеттік 
университетінің  доценті,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Сәбит  Жәмбектің 
ұстаздық,  ғылыми  шығармашылық  жұмыстары  туралы  айтылады.  С.Жәмбектің 
Көкшетау  өңірінің  Ақан  сері,  Біржан  сал  сынды  маңдайға  біткен  құндыздарының 
шығармашылығына  терең  талдау  жасай  білген  мақалалары  және  Естай  Мырзахметов, 
Төлеген Қажыбаев т.б. ақын жазушылары, осы өңірден шыққан атақты тұлғалар туралы 
жазған  ғылыми  мақалаларына  шолу  жасалды.  Мақала  С.Жәмбектің  ұстаздық,  ғалымдық, 
адами болмысын сипаттайды. С.Жәмбектің 60 жылдық мерейлі мерейтойына арналады 
Тірек  сөздер:  Көкше,  филология  факультеті,  жастық  шақ,  дәріс,  домбыра,  ғалым, 
әдебиетші. 
 
Адам  өмірінің  қызық  та  қимас  кезеңі  –  жастық  шақ.  Әсіресе,  армандаған  оқуыңды 
бітіріп,  жүрегің  қалаған  мамандық  иесі  атанып,  алғаш  қызмет  атқарған  кезеңде  танысып, 
біліскен  жандардың  орны  ерекше.  Өткен  ғасырдың  80  жылдарының  соңында  қазақтың 
маңдайына  біткен  сол  кездегі    қос  университетті  ҚазМУ  мен  ҚарМУ-ды  қатар  аяқтадық. 


24 
 
Көрікті  Көкшедегі  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  педагогикалық  иниститутына  (қазіргі 
Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университеті)  ол  Қарағандыдан  Е.Букетов 
атындағы  ҚарМУ-ды,  мен  Алматыдан  әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ-ды  бітіріп  (ол  кезде 
С.М.Киров  атындағы)  қызметке  бірге  келдік.  Бір  кафедрадамыз,  жөн  сұрасып,  таныстық. 
Міне,  мен  Сәбит  Нұрмұхамбетұлы  Жәмбекті  осы  кезден  бері  білемін.  Қыз  мінезді,  баяу 
сөйлейтін,  сыпайы,  салмақты  жігіт  екен.  Ақсүйектік  байқалады.  Сезімталдық,  сырбаздық 
аңғарылады.  Ептеп  домбыра  тартады.  Шертпе  күйдің  шебер  орындаушысы.  Институтта, 
жатақханада,  кітапханада  кездесіп  жүрдік.  Тоталитарлық  жүйенің  тоңы  жібіп,  сеңі  бұзыла 
бастаған  шақ.  Алаш  арыстары  ақтала  бастаған  кезең.  Қазақтың  маңдайына  сыймай  кеткен 
талантты  ақын,  жазықсыз  жаламен  атылып  кеткен  аяулы  арыстарымыздың  бірі  Мағжан 
Жұмабаев атындағы студенттердің «Жас қалам» атты әдеби бірлестігін құрдық. Қатар дәріс 
оқимыз.  Алдымызда  ақылшы  ағаларымыз  Көкше  өңіріне  ғана  емес  республикаға  танымал 
ғалымдардың  бірі  кафедра  меңгерушісі,  бірі  факультет  деканы  Жағыпар  Мұсаұлы,  Оғаз 
Арыстанғалиұлы, Нарбай Сафиянұлы, Аманжол Ыдырысұлы, таланты тарихшы, ақынжанды 
азамат  Тоқтар  Қожин.  Осы  бір  айтулы  тұлғалар  студенттер  конференциясының  төрінде 
отырады.  Бәрі  де  білгір.  Әрқайсысы  өз  саласының,  өздері  зерттеп  жүрген  дәуірдің  белгілі 
мамандары болғандықтан, әрбір студенттің баяндамасы жан-жақты талқыланады. Әділ сын, 
тұщымды пікір айтылып, ақыл-кеңес берілетін.  
Ұстаздық қызмет-абыройлы, мерейлі қызмет десек те,бұл салаға екінің бірінің бұрыла 
бермесі  анық.  Оқу-ағарту  ісі,  білім-ғылым  жолы  қиын,  әрі  бұралаң-қалтарысы  көп  күрделі 
жол. С.Жәмбекұлының әдебиетші ғалымдығы, ғылыми-педагогикалық қызметі Ш.Уәлиханов 
атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетімен,  оның  ішінде  филология  факультетімен 
тығыз байланысты. Біраз уақыт қазақ әдебиеті тарихынан, әдебиет теориясынан дәріс оқып, 
кейін  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетіне  қарай  бет  бұрды.  Ұстаздық  қызметпен  қатар 
ғылым  жолына  да  қадам  жасады.  Алматымен,  қасиетті  қарашаңырақ  Қазақ  ұлттық 
университетінің  ұстаз  ғалымдарымен  байланыс  жасап,  ғылыми  жұмысының  тақырыбын, 
зерттеу  нысанын  белгілей  бастады.  Көрнекті  әдебиеттаушы  ғалым,  филология 
ғылымдарының докторы, профессор біздің ұстазымыз Ханғали аға Сүйіншәлиевтің ғылыми 
жұмысына  жетекші  болуға  келісімін  алды.  Тақырыбын  бекітті.  Кандидатық  диссертация 
тақырыбы,  жалпы  ғылыми  жұмыс  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі 
Бернияз  Күлеев  шығармашылығына  арналды.  Ғылыми  зерттеу  мен  ізденістің  өзіндік 
өзгешелігі, сыр-сипаттары бар. Ғылыми тақырып бекіту,оны жазу мен жариялау ісі, көпшілік 
алдында  ашық  әрі  дербес  қорғау  төзімділік  пен  еңбекқорлықты  қажет  етеді.Менің  Сәбит 
досым  ғылым  жолындағы  белгілі-белгісіз,  көлеңкелі-көңілсіз  тұстар,  қиындықтар  мен 
кедергілерді  жеңе  алды.  Жұмысын  сәтті  аяқтап,  қорғай  білді.  Ол  туралы  көрнекті 
әдебиеттанушы  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Өмірхан 
Әбдиманұлы өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деген еңбегінде былай дейді: «ХХ 
ғасыр  басындағы  қазақ  әдебитіне  тұнба  тұнық  жыр,  көрікті  де  көркем  поэзияны  әкелген 
көрнекті ақынды тануға, танытуға біраз зерттеушілер өз үлестерін қосты. Олар - Бернияздың 
ақындығын  әр  қырынан  зерттеп,  жан-жақты  танытуға  лайықты  үлес  қосқан  көрнекті 
ғалымдар:  Ы.Дүйсенбаев,  Б.Кенжебаев,  Ә.Дербісалин,  К.Шәменов,  С.Жәмбеков  және  тағы 
басқалар  деп  атап  өтеді»  [1.367].  Бұл  әдебиеттанушы  ғалымдар  тарапынан  ғалым 
С.Жәмбектің ғылымдағы қол жеткен табыстарын, ұзақ жемісті еңбегін бағалаудың бір қыры 
ғана  Б.Күлеев  –  шығармашылық  жолын  ағартушылықтан  бастаған  ақын.  Сыршылдық,  сыр 
мен  сезім  тоғысы  оның  барлық  туындысына  тән.  Ақын  туған  әдебиеті  үшін  аянбай  еңбек 
етті. Оның шығармашылығы үшін жемісті болған кезең 1919 жыл болады. Осы кезеңде ақын 
өндірте  жазып,  әртүрлі  тақырыпқа  қалам  тербейді.  Рухы  биік  ақын  үшін  бұл  жыл-сапалық 
тұрғыдан жетілу жылы болды. Не бары 24 жыл ғұмыр кешіп, көк өрім кезінде көз жұмған, 
өзінен үлкен үміт күткен алдыңғы ағалары мен жырларын сүйсіне оқыған қалың оқырманын 
орны  толмас  қайғыға  батырып  кете  барған  Бернияз  ақынның  соңында  айшықты  жырлары 
қалды.  Міне,  осы  жауһар  жырдың  қазақ  оқырманының  игілігіне  айналуына,  ХХ  ғасыр 
басындағы  қазақ  әдебиеті  деген  әдебиеттің  үлкен  кезеңінен  өзіндік  орнын  алуына,  әділ 


25 
 
бағалануына  әдебиет  зерттеушісі  ретінде  С.Жәмбек  өзінің  өткір  ойларымен,  өзіндік 
қайталанбас  соны  пікірлерімен,  тың  тұжырымдарымен  көп  еңбек  сіңірді,  көзге  түсті.  Аузы 
дуалы  ағаларының  назарына  ілікті.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  абыздарына  айналған 
біздің  университеттегі,  ғылымдағы  сүйікті  ұстаздарымыз  Зейнолла  Қабдолов,  Тұрсынбек 
Кәкішев,  Ханғали  Сүйіншәлиев,  Алма  Қыраубаева,  Жанғара  Дәдебаев,  Өмірхан 
Әбдиманұлы,  Құныпия  Алпысбаевтардың,  өз  замандастары:  Жолдасбек  Мәмбетов,  Шоқан 
Шортанбаевтардың  Сәбит  досымыз  жайлы  айтқан  ағалық  ақжайма  пікірлерінің,  ыстық 
ілтипаттарының,  достық  пейілдерінің  куәсі  болдық,  құлағымызбен  естідік.  Досымыз  үшін 
қуанып, досымыз үшін марқайдық. 
Бүгінде  алпыстың  асқарына  шығып  отырған  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 
мемлекеттік  университетінің  доценті,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Сәбит 
Нұрмұхамбетұлы  Жәмбектің  еңбекқорлығы  мен  сан  қырлы  қабілет-қарымы  адамды  еріксіз 
тәнті  етеді.Үнемі  ізденіс  үстінде  жүретін  ғалымның  ғылыми  тереңдігі,  дүниетанымының 
кеңдігі  Көкше  өңірінен  шыққан  сал-серілер,  әншілер  мен  ақын-жазушылар,  фольклорлық 
мұралар, олардың жиналуы, зерттелуі туралы жазған ғылыми-танымдық мақалалары соның 
айқын  дәлелі.  Ақан  серінің  әнші,  композиторлығымен  қатар  ақындық  қырына  талдау 
жасайды.  Жазба  поэзия  дәстүріне,  соның  ішінде,  Абай  поэзиясына  тән  ұқсастықтар  мен 
үндесулерді  нақты  мысалдармен  дәлелдеп  отырады.  Ақан  серінің  «Мылтық  пен 
мергеншілік»  өлеңі  Абайдың  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  өлеңімен  рухтас.  Дәлел 
керек  пе?  Өлеңдерді  салыстырып  қараңыз,  Сәбиттің  тұжырымының  дұрыстығына  көзіңіз 
жетеді [2]. 
Мен  «Біржан  алтын  таудай  айқындалған.»  атты  мақаласында  Біржан  творчествосына 
жан-жақты  талдау  жасайды.  Қазақтың  бай  ауыз  әдебиеті  мен  музыкалық  фольклорының 
Біржан шығармашылығында алатын орны жайлы, оның Абайдай данышпанмен кездесуінің 
оң  әсері  туралы  тың  деректер  келтіреді.  Біржан  мен  Сараның  айтысы,  олардың  кездесуінің 
тарихы  жайлы  қызықты  дәйектермен  сөйлейді.  Айтыс  өмірде  болмаған,  оны  Әріп  ақын 
жанынан  шығарған  деген  кейбір  зерттеушілердің  пікірімен  келіспейтіндігін  батыл  түрде 
білдіреді.  Біржанның  Жетісуға  баруы,  Сарамен  кездесуі  жайлы  тарихи  деректерге  сүйене 
отырып,  өз  көзқарасын  дәлелдейді.  Біржанның  ағалары  Ержан  мен  Нұржанның  Меккеге 
қажылық сапары, қырғыз манабы Шәбденмен құдалығы, сол жерде Сара туралы естігендігін 
негізге алады. Есімбек би, Тұрысбек қажылардың адами қасиеттеріне тоқталады. Біржанның 
ән мәтіні мен әуенінің органикалық тұтастығына назар аударады [3,3]. 
Қазақтың  ағартушы  ғалымы,  көрнекті  фольклор  зерттеушісі  Шоқан  Уәлихановтың 
эпостану ғылымына қосқан үлесі,  оның әдебиеттанушы ғалымдығы  туралы  «Ш.Уәлиханов-
эпостанушы»  атты  мақаласында  кеңінен  тоқталады.  Қырғыздың  әйгілі  эпосы  «Манас» 
жырының,  Ер  Қосай»,  «Ер  Көкше»  жырларының  жазылып  алыну  тарихы,  көркемдік  мән-
маңызы  туралы  Шоқан  Уәлихановтың  ой-пікірлері  мен  тұжырымдарына  ғылыми  тұрғыдан 
дәлелдер  тауып,  өткір  тұжырым  жасайды.  Едіге  жырының  тарихи  негіздерін  ғылымда 
саралап, алғаш пікір айтқан Ш.Уәлиханов екеніне тоқталады. Қазақ ғылымының мақтанышы 
Шоқанның  қазақ  әдебиетін  танып,  бағалаудағы  өзінің  тарихилық  принципін  берік 
ұстанғандығын көпшілік назарына жеткізуді мақсат етеді [4]. 
Қазіргі  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  Көкшетау  пединститутындағы  қызметіміз 
кезінде  танысып,  ағалы-інілі  сыйластықта  болған  айтулы  тұлғалар  Естай  Мырзахметов  пен 
Төлеген  Қажыбаев  шығармашылығы  жайлы  Сәбит  Нұрмұхамбетұлының  жазған  ғылыми 
мақалалары  жан  сүйсінтеді.  «Е.Мырзахметов  прозасының  белестері»  атты  мақаласында 
қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жалғыз Көкшетаудың емес исі қазақтың мақтанышы Естай 
ағамыздың  шығармашылығына  кеңінен  тоқталады.  Қазақ  әдебиетінің  алтын  қорынан  ойып 
тұрып орын алған Естай ағамыздың «Сынық шаңғы», «Туған күн», «Он бес жыл өткен соң», 
«Хайроштың  аманаты»,  «Көгалдайдың  көк  шапағы»  повестер  мен  әңгімелер  жинағы 
«Медет»  романы  туралы  Сәбит  Жәмбеков  тереңнен  толғанып,  құнды  ғылыми  теориялық 
талдаулар  жасайды.  Оқырмандарды  Есағаңның  әр  шығармасының  кейіпкерлерімен  бірге 
қуанып,  бірге  мұңайып,  солар  өмір  сүрген  ортаға  қарай  еріксіз  жетелейді.  Өзіміз  студент 


26 
 
кезімізде  жата-жастанып  оқыған  «Медет»  романы  туралы,  бас  кейіпкер  Медеттің  тағдыры 
туралы жан-жақты талдау жасайды. Естай Мырзахметов шығармаларының көркемдік қуаты, 
образдар  жүйесінің  саналуандығы,  тілдік  ерекшелігі,  кейііпкерлер  өмір  сүрген  кезеңдегі 
уақыт пен кеңістік туралы кеңінен сөз болады. Жазушының Көкше өңірінің тарихы туралы 
жазған публицистикалық мақалалары мен  әлем, одақ әдебиетінен аударған аудармалары да 
ғалым С.Жәмбектің назарынан тыс қалмайды [5,5]. 
«Сезім  болып  буырқанған  Төлеген-жыр»  деген  мақаласы  Көкше  жеріндегі  жыр 
жампозы, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ерекше талант иесі ақын, драматург, прозашы, 
көсемсөзші, журналист Төлеген Қажыбай шығармашылығына арналған. Төлеген ағамыздың 
сұлуда  сыршыл,  шуақ  нұрға  толы  көркем  де  кербез  өлең  әлеміне  Сәбитпен  бірге  саяхат 
жасайсыз.  Жан  жадыратар  жылы  жырдың  сиқырлы  әлеміне  бой  ұрасыз.  Сұлулығына 
сұқтанып,  ақынның  әдемі  поэтикалық  әуеніне  құлақ  түресіз.  Төлеген  болып  мұңаясыз, 
Төлеген  болып  толғанасыз.  Ақын  жырларындағы  сөзбен  салынған  суретті  тамашалайсыз. 
Ғалым  өз  пайымдауларында  ақын  пөэзиясының  стилін,  оның  даралық  болмысы  мен 
ерекшелігін  айқындайтын  өлшем-оның  көркем,  айшықты,  бейнелі  де  бедерлі  тіліне 
тоқталады: 
Сезім бердің-мен неге сезінбеймін; 
Жүрек бердің-қызықтан безінбеймін; 
Сабыр бердің-тастабан төзімдеймін; 
Қайрат бердің-қайыңның безіндеймін; 
Қайғы бердің-мен қалай жеңілдеймін; 
Аз ғана ғұмыр бердің-өліаракезіндеймін; 
Сана бердің-ой кешіп көз ілмеймін; 
Ақынның  әрбір  сөзі  құрғақ  ділмәрсу,  жалаң  тілден  аулақ,  тайпалған  жорғаның 
жүрісіндей әсер қалдыратын сезімге толы суреттен тұратын көркем тіл. Ақын жырларында 
қоғам,  заман,  дәуір,  адам  болмысын  өз  жүрегі,  өз  сезімі  арқылы  өткізіп,  өз  оқырмандарын 
ойлылығымен,  сыршылдығымен  тербеп,  өмір-дүние  туралы  ойларға  жетелеп  келе 
жатқандығын ғалым Сәбит Жәмбек тап басып айта білген [6]. 
Осы  бағыттағы  жазған  дүниелерін  оқып,  ой-елегінен  өткізіп  отырып,  Сәбит  достың 
отыз жылға жуық  қызмет  еткен ұстаз, ғалым атандырған, жар сүйгізіп, ұрпақ өрбітіп, сый-
құрметке  бөлеп  отырған  киелі  Көкше  жеріне,  оның  жандүниелері  Көкшенің  табиғатындай 
сұлу халқына деген перзенттік алғысы мен ыстық ықыласы болар деген ойға қаласың. 
Сәбит  Жәмбектің  ғылыми  мақаларымен  танысу  барысында  атамай  кетуге  болмайтын 
тағы  бір  тұшымды  дүниесі  1991  жылы  9  ақпанда  жастардың  Республикалық  газеті 
«Өркенде»  жарияланған  Қазақтың  көрнекті  ақыны,  драматург  Мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Оразалиннің поэзиясы жайында жазылған «Өлең 
де  сұлулықты  қалайды»  атты  мақаласы.Бұл  мақала  ақын  Нұлан  Оразалиннің  «Жетінші 
құрлық» деген атпен жарық көрген өлеңдер жинағын талдауға арналған. Университетті жаңа 
бітіріп  келген  жас  әдебиетші  Сәбит  Жәмбектің  сол  кездегі  аяқ  алысы  мен  сөз  саптасына, 
салиқалы  ой-пікіріне  риза  боласыз.  Ақын  өлеңдерін  әр  қырынан  қарастырып  сұлулық 
дүниесі,  әсемдік  әлемі,  сыршыл  поэзиясы  туралы  сөз  қозғайды.  Нұлан  ақынның  осы 
жинақтағы  «Таныстыру»  атты  өлеңіндегі  лирикалық  кейіпкері  өз  ұлына  өзі  өскен  мекенді, 
туған үйінің бұрынғы орнын, бір әулеттің жұртын, аталарының ескі қорымын көрсетуі әсерлі 
шыққан. Қос күмбездің қасындағы төмпешікте менің атам,сенің бабаң жатыр дейді ұлына: 
Білем...Білем...Көкейіңде сұрау көп. 
Әкемнеге сәл мұңайып тұр-ау» деп 
Қиналма ұлым, тізе бүк, 
Жатыр мұнда ту көтерген бір әулет. 
Осы арада туып өскен, жар құшқан, 
(Көсегесі көгергендей алғыстан) 
Талып кісі жатыр ұйықтап ұл сүйген, 
Қыз да сүйген, 


27 
 
Салын, жанын сақтап сан қыстан, - дегенде жүрегіңіз ерекше шым етіп, өн бойыңызға 
біртүрлі  беймәлім  ыстық  сағыныш  ағыны  тарайды.  Көкірекке  лықсып  келген,  аяулы  бейне 
көпкедейін көз алдыңнан сәулеленіп кетпей қояды. Міне, осы тектес парастты пайымдаулар 
мен терең талдаулар Сәбит Жәмбектің ғылыми еңбектерінің өзегі деуге болады [7,2]. 
Көкшетау университетінің киесіндей болған бүгінде арамызда жоқ, кәтепті қара нардай 
ағаларымыз  Жағыпар  Мұсаұлы,  Оғаз  Арыстанғалиұлы,  Нарбай  Сафиянұлымен  сыйласып, 
інілік  ізетінен  жаңылмай  құрметтеп,  еркелеп,  білікті  әріптес  бола  алды.  Бүгінгі  күні 
солардың көзіндей болып, қасында бірге қызмет  істеп жүрген Көкшенің көзі  тірі  шежіресі, 
көрнекті  ғалым  ағасы  Аманжол  Ыдырысұлына  деген  шынайы  інілік  ізетін,  жүрекжарды 
лебізін естіп, біліп көріп жүрміз. Тектілік пен имандылықтың, адалдықтың белгісі дегеніміз 
осы болар. 
Сәбит  доспен  арамызда  берік  байланыс,  шынайы  сыйластық  бар.  Кездесіп,  жүздесіп 
хабарласып  тұрамыз.  Бір-бірімізге  сезім  шуағын,  жан  жылуын  сыйлауға  тырысамыз.  Өмір 
атты  алып  кемеде  әрқайсымыз  өз  бағытымызда  аман-есен  жүзіп  келеміз.  Қысқа  ғұмыр, 
өлшеулі  өмірде  сезім  селдіреп,  арамыз  алшақтамаса  екен.  Ұстаздық  қызметте,  ғалымдық 
жолда қанатың талмасын, еңбегің жансын, өрісің тарылмасын, Сәбе! Халқың қадіріңе жетсін, 
алпысың құтты болсын, паң Нұрмұхамбеттің баласы! 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 

Әбдиманұлы Ө.  ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы 2017, -437 бб. 

 Жәмбек  С.Н.  Ақан  серінің  шайырлық  болмысы//Ақан  сері  Қорамсаұлының  175  жылдығына 
арналған  «Бір  кезде  Ақан  едім  аспандағы»    атты  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 
материалдары. 2018, 44-48 б. 

Жәмбек С.Н. Мен Біржан алтын таудай айқындалған // «Көкшетау» газеті, 30 шілде, 1999. 

Жәмбек С. Ш.Уәлиханов –эпостанушы// БҚМУ хабаршысы, №1. 2016 жыл,  – Орал.   

Е.Мырзахметов прозасының белестері. Көгалдайдың көкшақпағы. – Алматы,1987.  

Жәмбек С.Н. Сезім болып бұрқанған Төлеген – жыр //«Бұқпа» - тәуелсіз газет, –Көкшетау-Ақмола, 
Қызылжар өңірінің апталығы, №47 (616) 29 қараша, 2012. 

Өлең  де  сұлулықты  қалайды  //«Өркен»  газеті,  –Алматы,  республикалық    жастар  газеті,  9  ақпан, 
1991. 
 
ӘОЖ 821-0 
МАМЫТ АМАНГЕЛДІ АЛТЫБАЙҰЛЫ 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 
 Шымкент, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет