Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


С.ЖӘМБЕК ЖӘНЕ КӨКШЕ ФОЛЬКЛОРЫ



Pdf көрінісі
бет13/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
С.ЖӘМБЕК ЖӘНЕ КӨКШЕ ФОЛЬКЛОРЫ 
 
Аннотация: мақалада зерттеуші ғалым Сәбит Жәмбектің фольклорға арналған әдеби-
зерттеу  мақалаларының  әдебиеттану  ғылымындағы  мән,  мағынасы,  алар  орны 
қарастырылды.  Көкше  фольклоры  жайлы  мақалалрының  өзіндік  дара  ерекшеліктері  
көрсетілді. 
Тірек сөздер: фольклор, фольклортану, Көкше фольклоры, сал-cерілік. 
 
Фольклор – халықтың баға жетпес рухани қазынасы. Сан мыңдаған жылдар бойы 
ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, тала-талай өнерпаздардың сүзгісінен өткен таза мінсіз інжу-
маржан іспетті. 
Кеңес  дәуіріндегі  қоғамдық  ғылымға  үстемдік  құрып  келген  тұрпайы  таптық  саяси 
көзқарас    фольклорлық  мұраларды  тереңдеп  тануға  зардабын  тигізгені  белгілі.  Халық  ауыз 
әдебиетімен  қатар  оны  зерттейтін  ғылым  –  фольклортану  да  бұғауда  болды.  Саяси 
шектеулермен  қатар,  ұлттық  фольклордың  тарихы  мен  теориясы  еуроцентристік  ұғым-
түсініктердің жетегіне жіпсіз байланды. Сондықтан, орыс ауыз әдебиетінде бар жанрлар мен 
көркемдік  таным-түсініктердің  шеңберінде  ғана  қарастытырылған  ұлттық  сөз  өнері 
мұраларының    болмыс-бітімін,  өзіндік  табиғатын  толық  зерделеуге  жол  жабық  еді.  Кең 


28 
 
байтақ қазақ жерінің жеке өңірлеріндегі халықтың рухани мұраларын хатқа түсіру, олардың 
өзіндік  ерекшелігін  ғылыми  сараптау  жұмыстары  да  дұрыс  жолға  қойылмады.  Осы 
олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатында  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 
университетінің  доценті,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Сәбит  Нұрмұханбетұлы 
Жәмбек тәуелсіздік таңы атқан сәттен өңірлік фольклорға ден қойған екен. Мұны ғалымның 
«Көкше  өңірі  фольклорының  таралу  ареалы»,  «Көкше  өңірі  фольклорының  жанрлық 
сипаты»,  «Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті  нұсқаларының  таралу  өрісі»,  «Қазақ 
мәдениетіндегі  сал-серілік  дәстүр»,  «Балуан  Шолақтың  дәуірі  мен  сал-серілік  өнер», 
«Сұңқардың жебесіндей ұшқыр ақын» (халық ақыны Орынбай Бертағыұлы шығармашылығы 
туралы), «Мәлік Ғабдуллин және «Едіге» жыры» деген ғылыми зерттеу мақалаларынан анық 
байқауға болады.  
Сәбит  Нұрмұханбетұлының  «Көкше  өңірі  фольклорының  таралу  ареалы»  атты 
мақаласы  аймақтағы  ауыз  әдебиеті  мұраларын  жинау  мен  теориялық  тұрғыдан  саралау 
мәселелерін қамтыған. Табиғат сұлулығымен көз тартатын Көкше халық шығармашылығына 
да  бай.  Осынау  көрікті  мекенде  дүйім  жұртты  ауызына  қаратқан  ділмар  шешендердің,  
эпикалық  дастандарды  таңнан  таң  асыра  орындайтын  жыршылардың,  талайларды 
тамсантқан  күміс  көмей  әншілер  мен  сал-серілердің  басқан  іздері  сайрап  жатыр.  Ал,  ел 
жадында  шығармашылық  мұралары  сақтаулы.  Бұл  туралы  ғалым  С.Жәмбек  өзінің 
мақаласында: «Көкше өңірі – ежелден форльклорлық мұраларға бай. Өңірде сақталған, әлі де 
жалғасып  келе  жатқан  ел  мұраларының  негізін  патшалық  Ресейдің  отарлаушылық  саясаты 
да, ұлт мұраларына деген Кеңестік сыңаржақ саясат та шайқай алмады. Ел мұралары әр түрлі 
саяси  канъюктураға  қарамастан,  өзінің  дәстүрлі  эволюциялық  жолымен  дамып,  жаңғырып 
жатты»,- деп жазады. Ғалым Көкше өңірінің аумағы бір шеті Ресей федерациясының Қорған 
облысы,  екінші  шеті  қазіргі  Ақмола  облысының  аудандары  мен  бұрынғы  Көкшетау 
облысының  шегіндегі  Уәлиханов,  Қызылту,  Тайынша,  Келлер,  Айыртау,  Рузаев  аудандары  
қазір  Солтүстік  Қазақстан  облысы  территориясының  құрамына  кірген  мекендер  деп 
көрсетеді. Аталған мәселеге қатысты «Көкше өңірінің халық әдебиеті нұсқаларының таралу 
өрісі» атты келесі бір мақаласында: «Көкше өңіріндегі ел мұраларының алтын қоры әр түрлі 
кезеңдегі  ұлт  мәдениетіне,  руханиятына  деген  зарарлы,  сыңаржақ  саясаттың  өктемділігіне, 
ызғарына қарамастан өз негізін шайқатпай, сарқылтпай сақтап қалды», - деп ой түйеді. Автор 
«Көкше  өңірі  фольклорының  жанрлық  сипаты»  деген  зерттеуінде  жергілікті  халық 
мұраларының  жанрлық  сипатына,  таралу  өрісі  мен  өзіндік  нұсқаларына  ғылыми  талдау 
жасайды.  Өңірлік  фольклор  ерекшелігін  зерделеген  еңбектерінде  әдебиетші  ғалым  кейде 
поэтикалық пафосқа да ерік береді. «Жер шоқтығы – Көкшетау!... Иә, мұны ұғыну үшін бұл 
өңірді  аңыз,  ертегіге  айналдырған  сал-серілер,  әнші-ақындар  Біржан,  Ақан,  Ыбырайлардың 
көзімен  қарау  керек.  Әйтпесе  көгілдір  мұнараға  оранған  көкшіл  аспан  асты,  көгілдір 
таулардың баурайындағы мөлдіреп қана толқып жатқан мына көлдердің Күміскөл, Айнакөл 
екенін  тани  алмайсыз!  Тостаған  жанарлары  сәл  мұнарланып  қиығынан  от  шашқан  арудың 
көзіндей көлдердің келбетін бұдан басқа теңеудің дәл беруі мүмкін емес. Ботаның көзіндей 
мөлдіреген, енді бірде тұңғиық терең сырға бөлейтін көлдер күміс десе күміс, айна десе айна 
дерсіз», - деп тебіренеді. Шынында да, Көкшенің көркем көрінісі кім-кімнің болсын көңілін 
толқытпай қоймас! Мұны Көкше табиғатын алғаш көрген кезімізде өз басымыздан өткіздік 
те, Сәбит Жәмбектің ескерткеніндей сал-серілер көзімен қарау керек екенін сезіндік. 
Көкше  дегенде  сал-серілік,  ал  сал-сері  десек  Көкше  жері  көз  алдымызға  келетіні 
жасырын  емес.  Ғалым  Сәбит  Жәмбек  «Қазақ  мәдениетіндегі  сал-серілік  дәстүр»  деген 
мақаласына  осы  мәселені  өзек  етеді.  Өзінің  бастауын  ежелгі  дәуірден  алатын  сал-серілік 
өнер ұлттық мәдениетіміздің  биік белесі болғаны анық. Сал мен серілік өнердің генезисі мен 
болмыс-бітімі  туралы  Ш.Уәлиханов,  Г.Потанин,  А.Алекторов,  М.Ж.Көпеев,  Ә.Диваев, 
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Затаевич,  Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, 
Е.Тұрсынов,  С.Садырбаев,  С.Қасабасов  т.б.  еңбектерінде  түрлі  бағыттағы  ғылыми 
тұжырымдар бар. Автор сол түйінді пікілерге талдау жасайды. Кейінгі кездегі зерттеушілер 
Саят  Баймұратұлы,  Досай  Кенжетай,  Өмір  Тұяқбай,  Таласбек  Әсемқұлов,  Серікбол 


29 
 
Қондыбай  еңбектеріндегі сал-серілікті діни ұғыммен, қазақ хандығындағы батырлық, әскери 
жауынгерлік  жүйемен  байланысына  қатысты  пікірлерін  салыстыра  зерделейді.  Сәбит 
Нұрмұханбетұлы:  «Біз  сал  мен  сері  дегенде  көбіне  тіл  ұшына  Біржан  мен  Ақан  есімдері 
оралады.  Біржанды  сал  дейміз  де,  Ақанды  сері  дейміз.  Себебі  Біржанның  бойында 
салдықтың белгісі мол көрінсе, Ақанда серілік өнердің қасиеті басым. Осыдан кейін Біржан 
сал мен Ақан сері есімдері сал мен сері сөздерінің баламасы, синонимі сияқты болып кеткен. 
Алайда  мәселеге  көз  жүгіртсек,  сал  мен  серілік  тек  Біржан  мен  Ақан  құнарланған 
Сарыарқадағы өнерпаздық топырақта ХҮІІ ғ. аяғы мен ХҮІІІ ғасырларда Дәстем сал, Дүйсен 
сері, Салғара, Жанақ, Шағырай сал, Жанат сері, Сейітжан сал, Құман сері, Нияз сері, Көрпеш 
сал,  Шәрке  сал,  Сегіз  серілер  өткен»,-  деп  жазады.  ХХ  ғасырда  сал-серілік  өнер  тоқырауға 
ұшырап, тарих сахнасынан кете бастады.  Академик Ә.Марғұлан бұл жөнінде  былай дейді: 
«Арқаның  салдарының  келіп  жеткен  дәурені  ХІХ  ғасырдың  соңы,  одан  кейін  олар  мүлде 
жойыла бастады. Бұл тегінде тұрмыспен байланысты іс болу керек. ХІХ ғасырдың соңынан 
былай қарай салдар ел ауызында аңызға айналып, тек олардың айтып кеткен әндері, күйлері, 
жырлары  сақталып  келеді.  Салдарды,  серіні  ұмытпаған  көбінесе  қазақтың  жас    әйелдері, 
әдемі  киініп жүрген жас жігіттерді  олар  «сал»,  «сері»  деп атады. Сол айтқан кезден бастап 
сал  өмірі  бүтіндей  азғындады.  ХХ  ғасырдың  басында  олар  тым  өрескел  түрге  көшті. 
«Салмын»  деп  өзін-өзі  атап  жүрген  кісілердің  бойында,  жан  күйінде  бұрынғы  салдықтың 
көркем  түрі  болмады.  Ол  бір  құбыжық  ойынға,  өрескел  іске  айналды.  «Салмын»  деушілер 
жаман  ертоқымын  теріс  ерттеп,  киімін  теріс  киіп,  азып  кетті.  Ондай  «салдар»  қатарында 
айтылатын кісілер Тоқыруыннан шыққан Нұралының Сүлеймені, Кеңесбайдың Оспанбайы. 
«Сал»  боламыз  деп  олар  барлық  малын  босқа  қырып,  пішінін  құлатып,  ойына  келгенін 
істеді».   
С.Жәмбек  өзінің  «Балуан  Шолақ  дәуірі  немесе  сал-серілік  өнер»  атты  ғылыми 
еңбегінде осы тақырыпты тереңдете зерттейді. «Балуан Шолақ (Нұрмұхаммед) Баймырзаұлы 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  жасаған  қазақ  руханиятының 
тарихында  өшпес  із  қалдырған  саңлақ  өнерпаздың  бірі.  Ол  –  қазақ  мәдениетіндегі  ерекше 
құбылыс сал-серілік өнердің жүйріктері  – Сегіз сері,  Шәрпе сал, Шағырай сал, Жанат  сері, 
Көрпеш  сал,  Нияз  сері,  Біржан  сал,  Ақан  серілердің  дәстүрін  ХХ  ғасырда  дамытып, 
өркендеткен  ерен  тұлға.  Балуан  Шолақтың  ерекшелігі  –  ол  тек  ақындық,  әншілік, 
композиторлықпен  ғана  шектелмей  өнерпаздықтың  басқа  қырларын,  атап  айтсақ,  ұлттық 
спорттың төресі – күрес өнерінде жауырыны жерге тимеген, аңызға айналған палуан болып 
танылғанында»,  -  деп  әрі  қарай,  -  «...Балуан  Шолақ  және  оның  замандастары  Иман  Жүсіп, 
Мәди, Қанапия, Шашубайлар тек әнші-композитор ғана болып қоймай, сал-серіліктің өзге де 
қырларын,  әсіресе  ұлттық  спорт  ойындары,  далалық  цирк  өнерінің  алуан  қырларын  шебер 
игерген  саңлақтар  ретінде  халық  жүрегінде  сақталады»,  -  деп  жазады.  Сәбит 
Нұрмұханбетұлы  өз  зерттеулерінде  сал-серілік  қана  емес,  жалпы  Көкше  өңіріндегі  халық 
шығармашылығының  дамуы,  оның  өзіндік  ерекшелігі,  оны  тудырушы,  жеткізуші  халық 
ақындары туралы да жан-жақты зерделейді. Сондай еңбектерінің бірі – Орынбай Бертағыұлы 
шығармашылығына  арналған  «Сұңқардың  жебесіндей  ұшқыр  ақын»  атты  мақаласы.  Ғалым 
«...Көкше  өңірі  өнердің  талай  тарланбоздары  мен  ақиық  ақындар,  әншілер  мен  күйшілер 
жасаған  сырлы  өлке  болса,  өзінің  аясында  өмір  сүрген  жандардың  болмыс-бітімінің  сұлу, 
нәзік  талғамды,  сыршыл  сезімді  болып  келуі  жаратылыстың  бір  заңдылығы  тәрізді»,  -  деп 
толғанады. «Орынбай Бертағыұлы – ХІХ ғасырда өмір сүрген, соңына өшпес мирас, көркем 
мұра  қалдырған  айтулы  ірі  айтыс  ақындарының  бірі  болған.  Ақынның  қолдағы  әдеби 
мұрасына  жан-жақты  зерделей  қарасақ,  өз  дәуірінің  талай  дүлділ,  саңлақ  айтыскерлерімен 
кездесіп,  көбінде  жеңіп  отырғандығын  бағамдаймыз.  Осындай  дүлділ  өнерпаздың  ғұмыры 
мен  шығармашылық  жолы  оқырмандарымызға  әлі  де  кең  танымал  емес»,  -  деп  өкініш 
білдіреді.  Осы  олқылықтың  орнын  шамасы  келгенінше  толтыруға  тырысады.  Ақынның  
ілгеріде  жарық  көрген  айтыстарын,  олар  жөнінде  жазылған  пікірлерді    сараптан  өткізіп, 
айтыстарын  ғылыми  тұрғыдан  талдау  арқылы  шығармашылығының  мән-маңызын  ашып 
көрсетеді.  


30 
 
С.Жәмбектің фольлортануға бағытталған мақалаларының ішінде айрықша атауға лайық 
еңбегі  -  «Мәлік  Ғабдуллин  және  Едіге  жыры»  мақаласы.  Ғалым:  «Кеңестер  Одағының 
батыры,  академик  Мәлік  Ғабдуллиннің  шығармашылық  қырларын  санамалағанда,  оның  ірі 
фольклоршы ғалым, публицист,  жазушы, әдебиет  сыншысы, қоғам қайраткері  т.б. қырлары 
жалғаса  беретінін  көреміз»,  -  дей  келе,-  «Өз  дәуірінің  биік  зияткерлік  ақыл-ойы  мен 
болмысының  нарқасқасы  еді»,  -  деп  жазады.  Осындай  нартұлғаның  өміріне  шолу  жасап, 
фольлортануға  байланысты  зерттеулеріне  талдау  жүргізеді.  Соның  ішінде  «Едіге»  жыры 
туралы    ғылыми  еңбектеріне  айрықша  тоқталады.  Фольклортанушы  Мәлік  Ғабдулиннің 
талай буын шәкірттерді  халықтық мұраларды қастерлеуге, мән-маңызын түсінуге баулыған 
кітабы – жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» 
деген оқулығы. Бұл  – ұлттық фольклор туындыларын терең ғылыми талдаудан өткізген, өз 
кезеңіндегі  толыққанды  оқу  құралы  десек  асылық  емес.  Оқулықтың  алты  тарауында  ауыз 
әдебиетінің негізгі жанрлары жан-жақты сараланып, шәкірттерге мол түсінік береді. Кіріспе 
бөлімінде  халықтық  мұралардың  өзіндік  белгілері  туралы,  ауыз  әдебиетінің  жазба 
әдебиеттен  айырмашылығы  мен  байланысы  жөнінде  дәлелді  пікірлер  келтіреді.  Әрине,  сол 
заманға  сай,  фольклорға  қатысты  марксизм-ленинизм  классиктерінің  түйінді  ойларын  алға 
тартады.  Осы  тұста,  біз  өткеннің  бәрін  жоққа  шығаруға  тырысатын  бүгінгі  тым  әсіре 
жаңашыл,  жадағай  тұжырымдарға  әуестенушілік  ғылымда  жетістікке  жеткізбейтінін,  қайта 
адастыратын  жол  екенін  ескертуіміз  ләзім.  Ал,  Сәбит  Жәмбектің  Көкше  фольклорына 
қатысты мақалалары салмақты да салиқалы тұжырымдардан тұратын зерттеулер екеніне көз 
жеткіздік.   
Алпыстың  асқарына  шыққан  ғалымды  мерейтойымен  құттықтап,  ғылыми-
шығармашылық  жұмыстарына  толағай  табыстар  тілеп,  Көкше  фольклорын  жан-жақты 
тереңдеп зерттейтін шәкірттеріңіз көбейе берсін деген ізгі ниет білдіреміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Жәмбек  С.  Көкше  өңіріндегі  халық  әдебиеті  нұсқаларының  таралу  өрісі//  «Ж.Мұсаұлы:  қазақ 
филологиясының  мәселелері»  атты  ІІ  Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.  – 
Көкшетау, 2014.79-85 б.б. 
2  Жәмбек С. Көкше өңіріндегі халық әдебиеті нұсқаларының таралу өрісі/«Жер шоқтығы» әдеби-мәдени 
және қоғамдық журналы. №3 (13), қыркүйек, 2015. – 78-88 б.б. 
 
ӘОЖ 82:809.434.2 
АХАТ НҰРТАС АХАТҰЛЫ 
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет