Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН



Pdf көрінісі
бет129/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН 
ЭТНОГРАФИЗМДЕР 
 
Аннотация:  мақалада  көркем  шығармалар  тіліндегі  көнерген  сөздер  мен 
этнографизмдер  туралы  сөз  болады.  Қазақ  тіл  біліміндегі  этнолексика:  этнографиялық, 
тарихи,  лексика-семантикалық,  этимологиялық,  танымдық  тұрғыдан  қарастырылып 
келеді.  Қолданыстағы  сөздің  этноқызметі,  мағынасы  оның  тілдік  қатынастағы  жұмсалу 
ерекшеліктерін  айқындаумен  маңыздырақ.  Тіліміздегі  сөздердің  мәтін  ішіндегі  қолданысы 
этнолексика  арқылы  көрініс  беріп,  тұтастай  бір  ұлттың  этномәдени,  тарихи,  ұлттық 
бітім-болмысын  таныта  түседі.  Мәтін  құрамындағы  сөздің,  сөз  тіркесінің 
этнолингвистикалық қолданылу ерекшеліктерінің айқындалуы тілдің әлеуметтік ортадағы 
қызметі туралы жан-жақты хабар беруге бағытталады. 
Тірек  сөздер:  Көнерген  сөздер,  этнолексика,  архаизм,  историзм,  этнографизм, 
этномәдени, этнолингвистика. 
 
Қазақ  халқы  өзінің  көшпелі  тұрмысында,  небір  қилы  замандарды  басынан  кешсе  де 
тілін  жоғалтпай,  тіл  арқылы  халықтың  тұрмыс-салтын,  өзіндік  ерекшеліктерін  ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғастырды.  Қоғамның  дамуына  байланысты,  ғылым  мен  техниканың    дамуына 
орай, әдеби тіліміз толығып отырады, жаңарады, ал кейде кейбір сөздер қолданыстан қалып, 
мағынасы  көмескіленеді.  Осыған  байланысты  академик  Р.Сыздық:  «Сөз  мағынасының 
эволюциясы тек дамудан, яғни жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен 
қатар  сөз  мағынасының  күңгірттенуі  не  мүлде  ұмытылуы,  ауысуы,  кеңеюі,  тарылуы  т.т. 
құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады», – дейді [1, 165]. Кейбір жағдайларда 
мағынасы көмескі сөздердің мағынасы жаңарып, кеңейіп қолданысқа түсіп жатады. Байырғы 
қазақ сөздерінің көнеріп, мағынасын тек мәтін ішінде түсінетін жағдайлар тілімізде кездесіп 
жатады. Көнерген сөздер, негізінен, архаизмдер және историзмдер болып келеді. 
 Ғалым С.Исаев көнерген сөздерге төмендегідей  анықтама береді: «Тіл-тілде көнерген 
сөздердің  историзмдер  мен  архаизмдер  деп  аталатын  екі  түрі  бар.  Кейбір  заттар  мен 
құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары – 
сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы, сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуанбасы, 
дүре, малай, күң, бай, болыс, т.б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. 
Бұрынғы  атаулары  ескіріп,  кейін  басқа  атаулармен  беріліп  жүрген  заттар  мен 
құбылыстар  бар.  Мысалы,  жасақ  немесе  қол-әскер,  қолбасы-әскер  басы,  почтабай  –  хат 
тасушы, жатақ – отырықшы, серіктік – бірлесу, қосын – ұйым, желек – орамал т.б. 
Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы 
атаулары архаизмдер деп аталады» [2, 29]. 
Кейбір  көнерген  сөздер  күнделікті  тұрмыста  көп  қолданылмағанмен,  халықтың 
жадында,  тарихи  әрі  өнер  туындыларында,  көркем  әдебиеттерде  сақталады.  Өйткені  әрбір 
әдеби  немесе  өнер  туындысында  суреттеліп  отырған  тарихи  кезеңнің,  заманның  рух-
болмысымен  бірге,  тілдік  ерекшелігі  де  сақталуға  тиіс.  Сондықтан  қазақ  жұртының  өткен-
кеткені  жайлы  ілгері-кейінгі  жазылған  жазушылардың  көркем  туындыларында  сирек 
қолданылатын сөздер, пассив сөздер азды-көпті кездеседі.  
Көркем  шығарманың  жүрегі  сөз  дей  отыра,  жазушылар  өз  туындыларында  заманның 
ағымын көрсету арқылы және сол заманның тілімен сөйлеп, бізге жеткізуге тырысады. Сол 
заманның адамының қайталанбас бейнесін ашу үшін қаламгер зор еңбек атқарады. Сонымен 
қоса  көркем  туындыда  ұлттық  бояу,  колоритті  жеткізу  үшін  әр  түрлі  тілдік  құралдарды 
пайдаланады.  Көнерген  сөздер  қазіргі  уақытта  көркем  әдеби  шығармаларда  көптен-көп 


254 
 
кездеседі.  Жазушы  шығармаларында  Кеңес  өкіметіне  дейінгі  сөздер  қазір  осы  көнерген 
сөздерге айналып отыр.  
Әр  жазушының  өмір  сүріп  отырған  кезең  тілімен  сөйлеуі  заңдылық.  Қаламгер 
туындыларында  қолданылған  көнерген  сөздердің  дені  әлеуметтік  қоғам,  әкімшілік,  ел 
басқару  істеріне  байланысты  лексемалар:  болыс,  би,  дуан,  жүзбасы,  кемесер,  барымта, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет