Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


тілмәш,  ауылнай,  шабарман



Pdf көрінісі
бет131/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   204
тілмәш,  ауылнай,  шабарман  дегендерді,  тағы  түрлі  «адам»  болған  «атқа  мінгендерді» 
Қартқожа зорлықшыл, жалмауыз, жан алғыш деп ұғушы еді («Қартқожа», 27-б.). Берілген 
мысалдардағы  хан,  болыс,  тілмәш,  ауылнай,  шабарман  әкімшілік  басқаруларға  байланысты 
енген кірме сөздер. Бұлар қазіргі таңда көнерген сөздер болып табылады.  
Шайдан  кейін  байдың  нөкер-билері  бірі  Мамырбаймен,  бірі  Имамбаймен,  бірі 
Мүсірәлімен оңаша шығып, сөзге кірісті («Ақбілек», 285-б.).  
Сол кезде ел арасының барымтасы болып, жылқыға сақ болып тұрған кез болса керек 
(«Қартқожа»,  72-б.).  Бірінің  дәлелі  –  қойдың  қай  қосқа  сойылуы,  екіншінің  дәлелі  –  қойдың 
кімнен алғандығы (Сонда, 77-б.).  
Сол  жақта  қатарласып  кемпірдің  баласы,  тағы  да  бір-екі  қожа,  тағы  бір  кемпір, 
Алтын мейтін молда отыр (Сонда, 39-б.). 
Келтірілген  мысалдардағы  көнерген  сөздер  мәдени  бояулы  тіл  бірліктері  деп 
қарастыруға  болатын  ерекше  жүйе.  Себебі  мұндай  сөздер  ұлттық  сипат  береді.  Бірақ  олар 
шығармада  әртүрлі  деңгейде  көрініс  табады.  Жазушы  шығармаларын  оқырмандар  оқи 
отырып,  сол  дәуірдің  тілімен  ғана  танысып  қоймайды,  сол  уақытқа,  кеңістікке  шолу 
жасайды.  Оған  дәлел  жоғарыда  лингвомәдени  бірліктер  деп  таныған  сөздер  (би,  болыс, 
патша,  ауылнай,  дуан,  ұлық)  мен  олардың  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  және  әскери 
иерархияны көрсету.  
Қаламгер  шығармаларында  қазіргі  күні  ұмытылып  қалған  және    өте  сирек 
қолданылатын ұлттық ойын атаулары да кездеседі. 
Халқымыздың  ежелден  желісі  үзілмей  жеткен  көне  салт-дәстүрлері  мен  әдет-
ғұрыптары  –  рухани,  мәдени  және  адамгершілік  дүниеміздегі  қымбат  қазыналарымыздың 
бірі. «Халқым қандай десең, салтынан сынап біл» демекші салт-дәстүрлерден этностың мінез 
құлқы,  үлгі-өнегесі,  зейін-зердесі,  даналығы  мен  даралығы,  шешендігі  мен  тапқырлығы, 
ақыл-ойы,  сондай-ақ,  жаратушы  мен  жаратылысқа,  өзін  қоршаған  жанды,  жансыз  әлемге 
деген моральдік, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді.   
Қазақ  тіл  біліміндегі  этнолексика  этнографиялық,  тарихи,  лексика-семантикалық, 
этимологиялық,  танымдық  тұрғыдан  қарастырылып  келеді.  Қолданыстағы  сөздің 
этноқызметі,  мағынасы  оның  тілдік  қатынастағы  жұмсалу  ерекшеліктерін  айқындаумен 
маңыздырақ.  Мәтін  құрамындағы  сөздің,  сөз  тіркесінің  этнолингвистикалық  қолданылу 
ерекшеліктерінің  айқындалуы  тілдің  әлеуметтік  ортадағы  қызметі  туралы  жан-жақты  хабар 
беруге  бағытталады.  Тіліміздегі  сөздердің  мәтін  ішіндегі  қолданысы  этнолексика  арқылы 
көрініс  беріп,  тұтастай  бір  ұлттың  этномәдени,  тарихи,  ұлттық  бітім-болмысын  таныта 
түседі.  
Этнолексика, мәдени лексика жайлы құнды пікірлер ғалым Ж.А.Манкеева еңбектерінде 
қарастырылып,  дәлелді  тұжырымдар  берілген.  Ғалым  этнолексикаға  былайша  баға  береді: 


255 
 
«Сонымен  көне  тамырлы  этнолексика  халықтың  этномәдени  тарихы  және  тілдік 
шығармашылығы  туралы  баға  жетпес  «ақпарат»  көзі  болып  табылады.  Оның  негізін 
құрайтын тұрмыстық лексиканың дені – ұлттық материалдық мәдениеттің реликті әрі рухани 
байлығымыздың түбірі. Себебі бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қызмет қана атқармайды. 
Қазақ  тіліндегі  заттық  мәдениетке  қатысты  атаулар  немесе  тұрмыстық  лексика  қазақ 
халқының  материалдық  өндірісінің  деңгейін,  сипатын,  түрлерін  және  шаруашылық  пен 
тұрғын  үй  мүліктері,  киім  мен  тұрмыс  бұйымдарын  әшекейлеуге  қажет  мұқтаждықты 
қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар 
–  қазақ  халқының  материалдық  қана  емес,  рухани  да  байлығының  көрсеткіші»  [3,7]. 
Ғалымның пікірінде атап өтілгендей, тіліміздегі этнолексиканы құрайтын атаулар сан-салалы 
болып келеді. 
Шығармада қазақ халқының өмірін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, болмысын, танымдық 
көрінісін  бейнелейтін  этномәдени  лексика  молынан  кездесіп,  ұлт  тарихын  айқындайтын 
ақпарат көзі болып табылады.  
Қазақтың  тұрмысынан  хабардар  ететін  этнолексика  үй  ішіндегі  тұрмыстық  заттарды 
атап  қана  қоймай,  сол  ұлттың  өмірінен,  тұрмысынан,  тыныс-тіршілігінен  толықтай  түсінік 
беретініне көз жеткізуімізге болады. 
Жалғыз  әйнек  жаман  үй,  төсеніші  –  жалаң  ши.  Жаман  шидің  төр  жағы  –  ала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет