сырмақ, текемет, текеметте – Күнікей, жалғыз әйнек түбінде. Алты көзден үшеу жоқ,
лақтар ойнап сындырған. Қалғаны аман қалсын деп, әйнекті жүдә жұлдырған. Күн
жылыды не керек? Бала-шаға, қозы-лақ жол қып алды әйнекті. Лақ ойнақтап көрпеге,
жығып кетеді шәйнекті («Күнікейдің жазығы», 235-б.).
Әйтеуір көктің көлемі ғой, бір жағынан, Құлтума мен Жұматайдың еңбегін еміп, бір
жағынан, қызымен екеуі байлардың жібін иіріп, алашасын, бауын тоқып, сырмағын
сырып, кестесін тігіп, ұрттап-жалап жаз бойы тамақтан кенде болған жоқ («Күнікейдің
жазығы», 260-б.).
Құдалардың келу қарсаңында бозбалалар да дәмелі аттарын таң асырып, ер-
тоқымын, айыл-тұрманын түзеп, қам қалысты. Анадай жерге сегіз қанат ақ отау
тігіліп, іші кілем, киіз, алаша, көрпе, жастық, түс киізбен безелді («Күнікейдің жазығы»,
305-б.).
Өз әлінше Шекер де үйінің ішін мырсындай қылып қойыпты. Атасы өлсе, атамайтын
жалғыз қара ала сырмағын төрінің алдына төсепті. Ноқталы кебісін, тот әбдіре,
Достарыңызбен бөлісу: |