Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Сын  есімнен  болған  қос  сөзді  синонимдер



Pdf көрінісі
бет148/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   204
Сын  есімнен  болған  қос  сөзді  синонимдер:  Бірақ  аумалы-төкпелі  заманда  жан 
сақтағанның да зияны жоқ. («Әке», 16-б.) 
Атымды  көрейін  деп  албарды  айнала  бергенімде  Айтбайдың  үйінің  есігінің  алдында 
тұрған алба-жұлба қайыршыны көрдім (24-б.). 
Зат есімнен жасалған қос сөздер: Күздің жауын-шашыны бір басылмай қойған (24-
б.). 
Жын-перілер  жайлаған  түн  баласында  лашықтан  шығып,  қам  ойлайтын  тірі  жан 
некен-саяқ («Тозақ оттары жымыңдайды», 153-б.). 
Ырыздық, несібе таусылған күні бәріміз көз жұмамыз («Әке», 21-б.). 
Соны  әдейі  келіп  көріп,  ішіне  құт  тілеп,  қайырлы  болсын  айтып,  отбасы  бәле-
жаладан аулақ болу үшін, әкесінен қалған бір тұмарды босағаға әкеліп қақпақ ойы болатын 
(«Әке», 22-б.). 
Ағайын-ел  топырлап  келіп,  көңіл  айтуда.  Өлікті  жөнелту  салтанатынан  бірдеңе 
түссе,  ауданы  бар,  туған-туысы  бар,  жандарын  салып-ақ  жатыр  («Қыз  Бәтіш  пен 
Ерсейіт», 207-б.). 
Майдан жақтан хат-хабар үзілген жоқ. («Оралу», 76-б.). 
Істің  мәніне  Әбен  сонда  түсінді;  күш-қуатынан  айырылып,  құр  сүлдері  қалғандай, 
бүкшиіп басын көтермеген күйі хатшыға қолын созды («Қайырсыз жұма»,281-б.). 
Сонау  ойын-сауық,  той,  бейбіт  күнде,  туып-өскен  мекен-жұрт  осыншалық  ғапыл, 
ғйыптан-ғайып көзден бір-бір ұшты («Тозақ оттары жымыңдайды»,169-б.). 
Және  бүкіл  кісілікті  тек  осы  бір  қосалқы  тірліктің  төңірегінен  іздеп,    басқа  негізгі 


266 
 
ғұмырыңды  ,  негізгі  ықылас-ниетіңді,  ой-санаңды  тегіс  жоққа  шығару  барып  тұрған 
сыңаржақтық емес пе?.. 
Бақсы дәрі-дәрмектерін  жаққаннан кейін, сыртынан  ораптаңып тастады  («Тозақ 
оттары жымыңдайды»,168-б.). 
Құлап қалмай, аман-сау жерге түссем деген қорқыныш бұған дейінгі қорқыныштың  
Қазақ  тіліндегі  синонимдер  толып  жатқан  тәсілдер  арқылы  жасалады.  Күрделену 
арқылы:  күрделі  сөздердің  құрамына  енген  түбір  сөздер  оп-оңай  бірікпейді.  Өзінен-өзі 
қосарланбайды  немесе  кездейсоқ  тіркеспейді.  Олар  белгілі  бір  заңдылыққа,  ұғымға 
негізделіп күрделенеді. 
  Ә.Болғанбаев  пен  Ғ.Қалиев:  «  синонимдерді  жекелеп  те,  кезектестіріп  те,  жұптап  та, 
топтап  та  қолданғанымыз  сияқты,  оларды  қосарлап  та  (қосақтап  та)  пайдаланамыз.  Екі 
синоним  сөз  қосарланып  қолданғанда  бұлардың  білдіретін  ұғымының  көлемі  кеңейеді  [6, 
116-б.] – деген ой айтады.  
Әдетте  қосарлама  қос  сөздер  мағына  жағынан  ыңғайлас,  морфологиялық  жағынан 
тектес, синтаксистік жағынан теңдес (пара-пар) сөздерден (компоненттерден) құралады. Ал 
синонимдік  қатынастағы  қос  сөздердің  беретін  мағынасы  туралы  А.  Ысқақов:  «Мәндес 
сыңарлардан  қосарланған  қос  сөздер  мағыналары  бір-біріне  жақын  сыңарлардан    құралады 
да, топтау, жинақтау ұғымдарын білдіреді» дейді [5, 119]. 
Қосарланып қолданған өзара мәндес  сөздер бір-бірінің мағыналарын айқындай түседі. 
Айтылмақ  ойдың  әсерін  күшейтіп,  экспрессивтік  бояуын  қалыңдатады.  Сонымен  бірге 
жазушының тіл шеберлігін де танытады.  
Себебі қос сөз – стильдік авторлар единица, яғни бұл қосар сөздер жекелеген автордың  
қаламынан шығатын бірқолданар тұлғалары. Жалпы қосар сөздерді тудырушы автор әр түрлі 
сөздерді  тіркестірмей,  мағыналас,  тақырыптас  сөздерді  қосарлап,  олардың  фонетикалық 
жағынан  үндесіп,  ұйқасып  келуіне  зор  мән  береді.  Осындай  фонетикалық  жағынан  үндесіп 
келетін қос сөздер мәтін ырғақтылығын тудырады.  
Көркем  шығармаларда  синонимдер  зат  есім,  етістік  болған  түрлері  жиі  кездеседі,  бұл 
сөз  таптарының  синонимдік  қатар  құрауға  бейімділігінен  болса,  екінші  жағынан, 
туындыдағы кейіпкер тілінің шындықты бейнелеу, оқиғаны дамыту қызметімен байланысты 
болса керек. 
Синонимдерді қосарлап қолдану, бірнеше синонимдерді қатар келтіру – сөз мағынасын 
бірте-бірте күшейтіп, немесе әлсірете, сөздің экспрессиялығын жақсы көрсететін амал.  
Көркем  шығармалар  тіліндегі  қосарланған  синонимдерді  саралай  келе,  оларды 
кейіпкердің  сезімдерін,  көңіл-күйлерін,  психологиялық  халін,  әсерлері  мен  ойларын 
нақтыландыру мақсатында қолданылғанын байқадық. 
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әр тарапты екендігін 
көрсетеді.  Сөздік  құрам  неғұрлым  бай,  әр  тарапты  болса,  тіл  де  соғұрлым  бай,  орамды 
болады.  Сөйтіп,  синонимдердің  молдығы  –  тілдің  байлығын,  дамыған  тіл  екендігін 
аңғартатын көрсеткіштің бірі. 
Синоним  сөздерді  жете  білудің  мәні  бар.  Лексиконы  синонимдерге  бай  адам  сөз 
мағыналарының  арасындағы  нәзік  айырмашылықтарды  да  дөп  басып  айтуға  шебер  келеді. 
өзара  мәндес  сөздердің    мағыналық  нәзік  айырмашылықтарын  жете  білген  адам  синоним 
сөздердің  сыңарларының  айтылатын  ойға  дәлме-дәл  келетінін    тауып  қолданады  да,  оның 
жазғаны  немесе  сөйлеген  сөзі  нысанаға  дәл  тиіп  жатадығ,  әрі  келісті,  әрі  мәнерлі  болып 
шығады. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы, 1987. – 378 б. 
2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2002. – 180 б.  
3 Таласпаева Ж. Стилистика және лексика. – Петропавл, 2005. – 81 б. 
4 Сыздық Р.Ғ. Сөз құдіреті. – Алматы, 2005. – 132 б. 
5 Ысқақов А. Қазақ тілі. – Алматы, 1991. – 381 б. 
6 Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ.  Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.  – Алматы, 2001. – 
256 б. 


267 
 
 
ӘОЖ 82:809.434.2 
ШАЛАБАЙ БЕРДІБАЙ 
 РАҚЫМЖАН ОРАЛСЫН ҚАЛИҚАЙДАРҚЫЗЫ 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
bshalabai@mail.ru

Oralsyn90@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет