g_moldybaeva@mail.ru
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСНАМАСЫНДАҒЫ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
315
Аннотация: XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру
бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның
әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре
алуға оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі
таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп
отыр.
Тірек сөздер: жаңа технологиялар, оқыту технологиялары, шығармашылық белсенділік,
оқу үрдісі, ақпарат, қызығушылық, білім беру, әдістер, техникалық құралдар.
XXIғасыр - озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа
технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы
зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар
үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни
өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1, 34].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана
емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр.
Дәстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру,
басқару және бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа
нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып
көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі.
Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
- оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
- ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
- деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере
отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-әрекет арқылы баланың жақын даму аймағында
оқытады. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологиясының
көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылады,
мақсатты оқу іс-әрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму
педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі арқылы балада ақпараттық
және жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін
қалыптастырады [2, 25].
Жаңаша оқыту технологиялардың бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» технологиясы - технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол,
құнды технология. Бұл технологияның ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ.
Кез-келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен және оқыту мен
ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен ерекшеленеді. Бұл бағдарламада жүзге тарта
стратегия бар екені белгілі. Сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау
арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік
мол.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мәселелерге назар
аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
2. Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау;
3. Қиялын дамыту үшін "менің ойымша" деген жауапқа дағдыландыру;
4. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау;
5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау;
6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау;
7. Баланың дүниетанымын кеңітіп, рухани өсуіне жағдай жасау;
8. Жеке тұлға ретінде "мен" деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Технологиялармен қатар стратегиялар да қолданылады.
316
I-саты баланың қызығушылығын ояту, ой шақыру, бұл әрбір сабақта қажет. Сатының
мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім
қорын қорыту, өзектендіру, ооқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра
отырып, оқушының оқу іс-әрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін
ояту.
II-саты мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға
жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік
береді, мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
III-саты ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы
ой елегінен өткізу, оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға әрбір
оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мән беріледі.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің
кейбір ерекшеліктерінде, "тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп
алған білім ғана білім деп, әйгілі орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір
ерекшелігі, кез-келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білімі - білім
емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар
түрінде игерілетіні.
Әр мұғалім сабақта әдістерді қолдана отырып, оқушылардың оқуға деген зейіні мен
білімін ашады. Ол, әрине, өз кезегінде мұғалімнің әдістер мен технологияларды меңгеруіне
байланысты. Сабақтың қызықты әрі сапалы болуының арқасында оқушылардың бойынан
ізденуге, оқуға деген құштарлықты, табандылық пен төзімділік сияқты қасиеттерді көруге
болады.
«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында білім беріп, икем-дағды қалыптастырып қана
қоймай, ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның
өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады. Әр
баланың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке
тұлғаға бағыттау арқылы кез-келген сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктерін
тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады.
Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында «Қазақстанда
адам капиталының сапалы өсуі - бұл, ең алдымен, білім мен денсаулық сақтау. Оқыту
үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын
арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік
аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік
бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделу керек» делінген [3, 4].
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің
айрықша маңыздылығын Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең
білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады», - деп атап көрсетті. Әр мұғалім
күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс-тәсілдермен оқушының білім сапасын
арттыруы керек. Соның бірі - ақпараттық технология.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір
технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер - технологиялық құралдардың жиынтығы.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр
түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [4, 5].
Қазіргі заман талабына сай, техникалық құралдарды пайдалана отырып, мұғалімнің әр
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануына мүмкіндігі зор. Өз жұмысында компьютерді, интерактивті
тақтаны қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың
танымдық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Сабақ арасында ойын
317
элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі
баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ғалым
Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы
мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді [5, 76]. Сол
себепті мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі.
Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді болуға мүмкіндік алады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі - интернет. Интернет оқу үрдісін
жеңілдетіп, сабақты қызықты, әрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін
көптеген мүмкіндіктер береді:
- сұраныс бойынша ақпарат алу;
- интернет тараптарында берілген пән бойынша тапсырмалар мен жаттығулар
орындау;
- пән бойынша әр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;
- сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;
- тақырыптық жобалар дайындау;
- шетел авторларының шығармаларымен танысу;
- электронды сөздіктерді қолдану;
- электронды почта арқылы шетелдіктермен хат алмасу;
- аудио, бейне материалдар қолдану.
Интернеттегі аудио, бейне бағдарламаларды оқушыларға сабақта тыңдатуға,
талқылауға болады. Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттырады [6, 23]. Мұғалім өз сабағын бір сарынды түрде өткізбей, әр түрлі методтарды
пайдалана отырып, технологияның көмегіне жүгінсе болады.
Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен
ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген
заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту
мектептің басты міндеті болып тұр. Мұғалім ізденімпаз, шығармашыл бола отырып,
педагогикалық технологияны меңгеруге бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді
міндеттейді.
Жалпы оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір
мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Мұғалім қандай әдісті қолдануды
және өз тәжірибесінен әдіс шығаруды білуі қажет. Себебі шығармашыл тұлға ретінде
оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың білім деңгейлерін
көтеруге, оқушылардың бойына намысшылдық, белсенділік, жауапкершілік, ұйымшылдық
сияқты жақсы қасиеттерді игеруіне жәрдемдеседі.
Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап
қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту -
бүгінгі күнніңөзекті мәселесі. Оқыту жүйесініңқандай түрі болмасын, олар белгілі бір
әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін
әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді.
Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаздыққызметінің іс-
тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың
негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озықүлгілері жинақталады. Сонымен
қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдалана
алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде әдістемедегі белгілім бір жүйелікті
қалыптастырады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелерінің
бірі - оқытудыңәдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар,
практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұныңөзі
оқытушының бірыңғай мақсатында өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ
арнаға тоғыстырады. Әрине, еліміздегі тәуелсіздіктіңәсері қоғам дамуының барлық
318
салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие
жүйесініңқалыптасуына ықпал етті. Мұныңөзі әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие
беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін
дамытып,
тұлғаны
қалыптастыруда
тәрбие
жүйесіндегі
инновациялық
іс-
әрекеттердіңөндірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі
ғылыми-техникалық
прогрестіңқарыштап
өскені,
кезінде
өндірісті
автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған
өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа
жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру
мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу балабақшаның
материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардыңғылыми-әдістемелік негізде жасалуына,
мұғалімдердіңұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен
бірге мекеме басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі
күн талабына ссай шебер ұйымдастыра білуімізге байданысты болмақ.
«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептіңқандай негізде құрылуына
тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек,
келешегімізге тайынбай сертесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз
күңгірт» - ұлы педагог М.Жұмабаев айтқан. Сондықтан мектеп- мемлекеттің, қоғамның және
жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік
жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан сұлулығының, интеллектуалды
әлеуетініңқамын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселесінің бірі.
Әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол
ашарлыққарым-қатынас жасаулары керек. Оқытудың түрлерін, әдістері мен құралдарын одан
әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Ғылыми-педагогикалықәдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің
нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір
ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі екен.Кейбіреулер оны
«өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім
беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды. Инновация термині қазіргі білім берудің
теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминннің нақтылы
анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Инновация ұғымы ең бірінші XIX
ғасырда мәдениеттанушылардың зерттелуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін,
екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған [7, 89].
Қоғамныңқазіргі дамуы кезеңінде оқыту мен тәрбиені нәтижелі ету білім беру
мекемелерініңөзекті мәселелеріне айналды. Мектепке дейінгі мекемелер білім беру
жүйесініңбасқа да институттары секілді белгілі бір қоғамның, қоғамдыққарым-қатынас
жүйесінің негізінде өз қызметін атқарады, сондықтан да олардың жалпы жағдайы, орны
көбіне сыртқы факторлардыңәсерінен, қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының
кейпімен анықталады.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі -
жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту
үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа
инновациялықәдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс.
Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да
тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қоғам дамыған сайын,
барлыққұрылым бірге дамиды.
319
Қазіргі таңда кәсіптік және технологиялық білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып
жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
- проблемалық оқыту;
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту;
- дәстүрлі оқыту;
- модульдік оқыту;
- сұрақ-жауап ойындары;
- цифрлық білім беру ресурстары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- баланыңөз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
- баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Проблемалық оқыту -ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп
қоймай, сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін
қалыптастырып, оның шығармашылыққабілеттерін дамыту.
Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім білік дағдыныңқалыптастыруын
жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай
болуы керек. Дамыта оқыту технологиясы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға
тәрбиешініңқарапайым ізденгіштік, зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру тән. Дәстүрлі
оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды.
Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып
бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. Цифрлық білім беру
электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, ғылыми-әдістемелік зерттеулер құрайды [8,
64].
Оқу процесін жетілдіру, оқушылардыңқазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді
меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялықәдістерді тиімді қолдана отырып,
мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді
кәсіби мамандар даярлауға әбден болады. Сол себепті болашақ мамандар жаңа
технологияларды меңгере отырып, оны практика жүзінде түрлі әдістермен қолдануларына
болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Ишанғалиева А.М. Құзіреттілік - білім мен мүмкіндіктің бірігуі. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2---
2 Бабаев С. Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар - талапшаң
мұғалім еншісі. Бастауыш мектеп. 2001 №4
3 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты халыққа жолдауы. Егемен Өазақстан 2012 №41-42 --
4 Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы Қазақстан мұғалімі. 1999
5 Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы 1973
6 ПолатЕ.С. Интернет на уроках иностранного языка. Иностранные языки в школе 2001 №3
7 Молдабекова К.Т. Хабаршы ҚазҰУ, № 8, 2010 ж.
8 Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. Алматы 2015 ж.
ӘОЖ 37.013:821.793.158
МУСАБАЛАЕВА ДИАНА АБЗАЛОВНА
ТУЛЕУОВА САНДУҒАШ ҚАНАТҚЫЗЫ
ЖОЛАМАНОВА ТОЙЫНДЫҚ МОЛДАҒАЛИҚЫЗЫ
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Көкшетау, Қазақстан
320
Достарыңызбен бөлісу: |