Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет175/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204
стратегиялар көрсетілген.  
Ауытқу  стратегиясы  коммуникант  ақпаратты  беру  әрекетін  тоқтататынын  немесе 
тақырыптан,  сондай-ақ  қиындықтарға  әкелетін  оған  байланысты  ұғымдардан  аулақ  болуын 
білдіреді.  Ауытқу  стратегиясы  құрылымында  келесі  компенсаторлық  іскерліктерді  атап 
көрсетуге болады: өз пікірін түсіріп кету және негізгі ой тақырыбынан кету. 
Паралингвистикалық  стратегиялар  деп  іске  асыру  барысында  барлық  қол  жетімді 
паралингвистикалық  құралдар  (ым-ишарат,  мимика,  көзбен  ымдау,  дыбысқа  еліктеу, 
интонация,  тембр,  суреттерді,  заттарды  көрсету  және  т.б.)  пайдаланылатын  стратегиялар 
түсініледі.  
Жетістік  стратегиясы  деп  бастапқы  жоспарланған  коммуникативтік  мақсатқа  қол 
жеткізуге  бағытталған  іс-әрекеттер  түсініледі.  Бұл  стратегия,  өз  кезегінде,  келесі  қосалқы 
стратегиялармен  ұсынылған:  жуықтату,  орын  ауысу,  сұхбаттасушыға  көмек  көрсету,  күту 
және антиципация. 
Жуықтату  қосалқы  стратегиясы  ізденуші  идеяның,  ойдың  тілдік  құралдардың 
көмегімен  болжалды,  жуық  берілуіне  негізделген  іскерлікті  болжайды.  Сөйлеуші 
семантикалық белгілердің ізделіп тұрған бірлігімен жеткілікті ортақ лексикалық бірліктерді 
немесе құрылымдарды пайдаланады.  
Орын  ауыстыру  қосалқы  стратегиясы  іздестірілетін  тілдік  бірліктердің  немесе 
конструкциялардың  семантикалық  және  формалды  белгілері  туралы  білім  мен  түсініктерді 
таңдап  алынған  бірліктер  мен  конструкцияларға  көшіруге  негізделген  біліктерді  қамтиды. 
Сұхбаттасушыға көмек көрсету қосалқы стратегиясы коммуникативтік қиындық жағдайында 
қажетті көмек алу мақсатында сөйлеу серіктесімен өзара іс-қимыл жасауды көздейді.  
Күту қосалқы стратегиясы жадқа дұрыс сөз немесе құбылыс келгенше уақытты ұтып 
алу үшін үзіліс жасау немесе толтырғыш сөздерді пайдалану.   
Антиципация қосалқы стратегиясы (ықтимал болжау) - бұл коммуниканттың сөйлеу 
тәжірибесінде  бұрын  кездеспеген  сөздер  мен  сөйлеу  құрылымдарын  тікелей  түсіну. 
Зерттеліп  отырған  мәселеге  қатысты    дереккөздерді  талдау  арқылы  компенсаторлық 
стратегиялардың  мынадай  негізгі  түрлері  анықталды:  перефразалау  стратегиясы,  орын 
ауыстыру  стратегиясы,  ауытқу  стратегиясы,  қысқарту  стратегиясы,  жоспарлау 
стратегиясы,  болжау  стратегиясы,  этикалық  стратегиялар,  жадтан  алу  стратегиясы, 
паралингвистикалық  стратегиялар.  Компенсаторлық  стратегиялардың  түрлері  мен 
мазмұнын келесі кестеден көруге болады.  
Компенсаторлық 
стратегиялар 
Түрлері 
Мазмұны 


309 
 
Перефразалау стратегиясы 
  
Жуықтату (апроксимация) 
Қалаған идеяның жуықтап берілуі. 
Сөзтудыру. 
Қалаған ұғымды беру үшін жаңа сөзді ойластыру. 
Сипаттамамен алмастыру. 
Қажетті  сөзді  пайдаланудың  орнына  заттың 
немесе әрекеттің белгілерін сипаттау. 
Синонимдеу. 
Қажетті сөздің синонимдерін пайдалану. 
Орын 
ауыстыру 
стратегиясы 
Тура аударма. 
Сөзбе-сөзаудару. 
Кодтарды ауыстыру. 
Сөзді аудармай пайдалану. 
Ауытқу стратегиясы 
 
Тақырыптан ауытқу. 
Сөйлеуші  тиісті  лексика  мен  құрылымдарды 
білмесе, тақырыпты таңдамайды.  
Пікірдіжалғастырудан 
бас 
тарту. 
Сөйлеуші  ой  білдірудің  тиісті  құралдарының 
жетіспеушілігінен тоқтайды. 
Қысқарту стратегиясы 
 
 
Пікірдің  формальды  жағын 
қысқарту. 
Сөйлеуші 
сенімді 
емес 
ережелерді 
пайдаланбайды. 
Функционалдық қысқарту. 
Тек  белгілі  бір  тақырыптар  мен  сөйлеу  актілерін 
пайдалану.  
Жоспарлау стратегиясы 
Оңайлату. 
Қызметтік сөздер мен аффикстерді қолданбау 
Болжау стратегиясы 
 
Антиципация. 
Әңгімелесушінің сөздерін болжау. 
Болжам. 
Контекст  пен  өзіндік  өмір  тәжірибесіне  сүйеніп 
деректерді қолдану. 
Этикалық стратегиялар 
 
Кешірімсұрау. 
Сұхбаттасушының  алдында  білмегені  үшін 
кешірім сұрау.  
Көмек. 
Әңгімелесушіге көмек көрсету  
Жадтан алу стратегиясы 
 
Күту. 
Сөйлеуші қажетті сөз есіне түскенше күтеді. 
Семантикалық өріс. 
Семантикалық өріс сәйкестендіріледі, содан кейін 
сөзді іздеуде көрініс табады. 
Басқатілдер. 
Басқа тілдегі тиісті сөзді пайдалану. 
Кідіріс. 
Кідірістерді толықтырушы сөздермен толтыру. 
Паралингвистикалық 
стратегиялар 
 
Ым-ишарат, 
мінез-құлық, 
көзқарас,  суреттер,  тембр 
және т.б. 
Бейвербалды қатынас құралын пайдалану. 
Компенсаторлық  құзыреттілік  коммуникация  барысында  туындайтын  проблемаларды 
шешудің  жаңа  нұсқаларын  іздеуге,  коммуникативтік  жағдайға  сәйкес  өз  мінез-құлқын 
өзгертуге  және  барлық  коммуникативтік  актіні  оңтайлы  жоспарлауға  мәжбүр  етеді. 
Осылайша,  оқушыларда  алдын  ала  дайындалмаған  тілдік  жағдайлар  мен  жағдаяттарда 
коммуникацияға кіруге мүмкіндік беретін жалпы дағдылар мен іскерліктер қалыптасуы тиіс. 
Ал  бұл  өз  кезегінде  жаттығулар  мен  тапсырмаларды  ұтымды  қолдану  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Олай  болса,  компенсаторлық  стратегияларға  бірнеше  мысал  келтірейік. 
«Болжау» немесе «ой қорыту» стратегиялары білім жетіспеушілігінің орнын толтыра алады 
(мәселен,  лингвистикалық  және  тілдік  емес  «кілттер»  арқылы  таныс  емес  сөздердің 
мағынасын табу).  
Мысалы; 5-тапсырма (паралингвистикалық стратегия). 
Мақсаты:  Берілген  сөйлемдердегі  асты  сызылған  сөздерді  мағыналарына  қарай 
суретпен сәйкестендіріп, кестені толтырыңыз. 
 


310 
 
 
Тапсырманың тиімділігі: 
1.  Оқушылардың сөздік қорын молайтады; 
2.  Тапқырлыққа баулиды; 
3.  Ұзақ мерзімді жадыны дамытады. 
Күтілетін  нәтижесi:  Оқушылaр  сөздердің  тура  және  ауыспалы  мағыналарын 
ажыратып, омонимдерді қалай қолдануға болатынын үйренеді 
Айтылым немесе жазылымдағы стратегиялар тобына синонимдерді қолдану, ана тіліне 
көшу  (немесе  аудару)  бейвербалды  амалдарды,  ым-ишараттарды  қолдану,  әңгімелесуде 
жартылай  немесе  толық  ауытқу  (тақырыпты  талқылаудан  қашқақтау)  тақырып  алмастыру, 
мәтіндегі сөздерді ұқсас заттарға алмастыру, перифразалар немесе сипаттамалар қолдануды 
жатқызуға болады. Мысалы; 
4-тапсырма(паралингвистикалық стратегия). 
  Тапсырманың мақсаты:Төмендегі суреттердегі дағды-ишараларды сипаттап жазыңыз. 
 
 
 
Тапсырманың тиімділігі: 
1.  Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытады
2.  Ой-өрісін дамытады; 
Күтілетін  нәтижесі:  Оқушылaр  шығармашылық  тұрғыдан  бiлiм  aлуғa  дaғдылaнaды, 
сөйлесу кезінде сөздің орнына дағды-ишараттарды қолдануға болатынын үйренеді. 


311 
 
Оқылымда қолданылатын компенсаторлық стратегияларға ШТ оқытушылары аса қатты 
көңіл бөледі. Көптеген танымал стратегиялар қатарына мыналар жатады: таныс элементтер 
негізінде  (префикс,  аффикс,  сөз  түбірі,  сөзжасам)  сөз  мағынасын  түсіну,  мәтін  бойынша 
таныс емес сөздердің  мағынасын болжау, таныс емес сөздерді  аудару  үшін сөздік  қолдану, 
паратекстуалды  құралдарды  (иллюстрациялар,  графикалық  құралдар,  арнайы  шрифт) 
қолдану. Мысалы; 
Тапсырманың мақсаты: Берілген аңызды мұқият оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
▪ Бұдан әрі не болады?
▪ Аңыз немен аяқталады?
▪ Аңыздың  идеясы неде?   
Тапсырманың тиімділігі:
1. Ойын дәл, анық жеткізуге 
үйретеді;
2. Оқушының пәнге деген 
қызығушылығын оятады;
3. Сын тұрғысынан ойлауға 
дағдыландырады.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылaр
шығармашылық тұрғыдан бiлiм aлуғa
дaғдылaнaды, үзілген
мәтінді
өз
ойымен жалғастыруға, салыстыра
білуге үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет