Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет183/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

саралап  оқыту  технологиясы.  Біздің  елімізде  осы  технологияның  негізін  қалаушылары 
Ж.У.Кобдикова, Ж.А.Қараев. Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, 
оқушыларға  қойылатын  талаптардың  әр  түрлілігі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Деңгейлеп 
оқыту  технологиясының  мақсаты  –  әрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейіне  оқу  материалын 
меңгеруін  қамтамасыз  етеуі.  Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша 
пайдалана  отырып  білім  алуға  жағдай  жасап,  мүмкіндік  береді.  Бұл  технология  әр  түрлі 
категориядағы  балаларға  бірдей  зейін  аударып,  олармен  саралай  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
береді [3, 19]. 
Әр  сыныпта  оқу  озаттары  мен  үлгермеушілер  пайда  болу  себебі  –  балалардың  даму 
деңгейінің  бірыңғай  болмауы,  жеке  қабілеттеріндегі  айырмашылықтар  болып  отыр.  Сол 
себептен сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқыту жиі қолданылады. Осының нәтижесінде әр 
оқушы  сабақ  кезінде  жаңа  білім  қосып  қана  қоймайды,  соны  өзі  игеріп,  талап,  пікір 
таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.  
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  өйткені  ол  оқушының  ойлауын,  елестету  мен  есте 
сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.  
1-деңгейлік тапсырмалар.  
1. Жаңа сөздерді еске сақтап, орысша, қазақша баламасын жазыңдар.  
2. Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөз тіркестерін құрастырыңдар.  
2-деңгейлік тапсырмалар.  
1. Жаңа сөздерге сұрақ қойыңдар  
2. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастырыңдар.  
3-деңгейлік тапсырмалар.  


326 
 
1.  Ашық,  қара,  бала,  оқушы,  биік,  жатыр...  сөздерін  қатыстырып,  шағын  мәтін 
құрастырыңдар. 
2. Екі сөзді салыстырып, екінші жағын толтырыңдар:  
«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер  
«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер  
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды 
да,  оларды  міндетті  түрде  толық  орындап  болғаннан  кейін  ғана  келесі  деңгейге  көшіп 
отырады.  Бұл  оқушылар  арасында  жарысу  жағдайын  туғызады  және  әр  оқушының 
мемлекеттік  стандартқа  сай  білім  алуына  кепілдік  береді,  әр  оқушының  өз  қабілетіне, 
қызметіне  сәйкесті  жоғары  деңгейге  көтерілуіне  толық  жағдай  жасайды.  Аталған  жаңа 
бағалау  әдісі  әр  оқушының  дамуын  қадағалайтын  педагогикалық  мониторинг  құруға 
мүмкіндік  береді.  Деңгейлік  тапсырмалардың  мақсаты  –  оқушыға  жеңілден  қиынға, 
қарапайымнан  –  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатын  жұмыстар  жүйесін  ұсына 
отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. 
Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  өзіндік  ықпалы  зор.  Оқушыларға  өздік  жұмысын 
ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін 
мониторингтік  жүйе  арқылы  өздері  бағалап,  диагностикалауға  қол  жеткізеді.  Ж.Қараевтың 
деңгейлеп,  саралап  оқыту  технологиясы  мынандай  4  деңгейге  бөлінген:  Репродуктивтік 
деңгей– жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар 
оқушылардың  алдыңғы  сабақтарда  алған  білімдеріне  және  оқушыға  байланысты. 
Алгоритмдік  деңгей–  мұнда  оқушы  мұғалімнің  түсіндіруімен  қабылдаған  ақпаратты 
пайдалана  отырып  орындайды.  Эвристикалық  деңгей–  оқушы  өзі  ізденіп,  қосымша 
әдебиеттерді  қолдана  отырып  жауап  береді.  Шығармашылық  деңгей  –  оқушының  таза 
өзіндік  шығармашылығын  байқатады.  Жаңа  тақырыпты  оқушылар  шығармашылық  ізденіс 
үстінде өздігінен меңгереді [4, 4]. 
Қазақ  тілі  сабақтарында  қолданылатын  тиімді  технологиялардың  бірі  –  модульдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет