Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет24/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   204
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИ ҮРДІС 
 
ӘОЖ 82-0 
АМАНГЕЛЬДИНА АИДА АДИЛЬБЕКОВНА 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  


65 
 
Астана, Қазақстан 
ms.amangeldina@mail.ru
 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БҮРКЕНШІК ЕСІМДЕР 
 
Аннотация: мақалада қазақ әдебиетінде өзінің болмысымен ерекшеленетін бүркеншік 
есімі тақырыбы қарастылылады. Жиырмасыншы ғасырдың басында баспасөзде орын алған 
жазушылар  арасында  лақап  атты  пайдалану  дәстүрі  шарықтай  түсті.  Әсіресе,  Алаш 
зиялыларының  баспасөз  бетіне  мақала  жариялауына  мүмкіндік  аз  болды.  Бүркеншік  есім 
қолдану  –  бұл  мәселенің  шешімін  тапты.  Жазушылар  бірнеше  лақап  аттарды  қолданды. 
Солардың  ішінде  Бейімбет  Майлиннің  74  бүркеншік  есімі  болса,  Ілияс  Жансүгіровтың  37 
лақап  ат  қолданғаны  белгілі  болды.  Бұл  тақырып  бүгінгі  күнге  дейін  толық 
зерттелмегендіктен, әлі де біраз жұмыс жасауды талап етеді. 
Тірек сөздер: қазақ әдебиеті, Алаш зиялылары, бүркеншік есім, лақап ат, ныспы. 
 
Қазақ  жұртына  ерекше  мәнге  ие  құбылыстырдың  бірі  –  ат,  есім,  ныспы.  Төл 
әдебиетімізде қаламгердің болмысы бүркеншік ат немесе бүркеншік есіммен  ерекшеленеді. 
Бүркеншік  есімдердің  ғылыми  әдебиеттерде  аллонимдер  (  туындының  авторлығын 
белгілеуде өз есімінің орнына өмірде бар және болған нақты тұлғаның атын алу), анаграмма ( 
әріптердің  теріс  қалай  жазылуы  арқылы  жасалатын  бүркеншік  есім),  астронимдер 
(астеронимдер)    (аты-жөні  орнына  бір  немесе  бірнеше  жұлдызшаны  тізіп  қол  қою), 
криптоним  (адамның  аты-жөнінің  қысқартылып,құпияланып  жазылуы),  гетероним  (  автор 
тарапынан  өз  шығармасының  басқа  шығармасынан  белгілі  бір  сипатына  байланысты 
ерекшеленуіне орай қолданылатын есім) түрлерін қолданған [1,79]. 
Бүркеншік  есім  қолданудың  түп  төркіні  әлем  әдебиетінде  орын  алған.  Қазақ 
әдебиетінде  бүркеншік  есімдердің  қолданыла  бастауы  ХХ  ғасырдың  басындағы 
интеллегенция  өкілдерінің  саяси  қызметтерінің  басталуымен  қатар  келді.  Сол  заманда 
қоғамдық-саяси  жағдайлар,  ақтар  мен  қызылдар  арасындағы  тайталас,  халықтың  бай  мен 
кедей болып бөлінуі    сияқты қарама-қайшы жағдайлар орын алды. Халқының тәуелсіздігін 
армандаған  ел  жанашырларының  елдегі  келеңсіз  жағдайларға  байланысты  үкіметке  жазған 
ашық  хаттарын  бүркеншік  есіммен  жариялауға  тура  келді.  Осылай  аз  уақыт  ішінде  Алаш 
қайраткерлері ұлтты ояту жолында баға жетпес еңбектер жазды. 
Әдебиетімізде  бүркеншік  есім  берудің  классикалық  түрі  біршама  қолданылды. 
Мысалы, псевдогиним әйел болып еркектің қол қоюын, псевдандроним еркек болып әйелдің 
қол  қоюын  айтады.  Анаграмма  ‒  әріптердің  теріс  қарай  жазылуы  арқылы  жасалатын 
бүркеншік  есім  (Волырк‒Крылов).  Криптоним  болса,  адамның  аты-жөнінің  қысқартылып, 
құпияланып  жазылуы.  Мысалы:  Николай  Добролюбовтың  «Лайбов»  деген  бүркеншік  есімі 
болған.  Ол  аты  мен  тегінің  ең  соңғы  үш  әрпін  (лай-бов)  құрастырудан  шыққан. 
Жиырмасыншы  жылдары  баспасөзде  жарияланған  еңбектердің  ішінде    бүркеншік  есімді 
қолданған  жазушы  аз  емес  [2].  Шығармаларын  бүркеншік  есіммен  жариялау  орыс 
жазушыларына  да  тән  екенін  байқаймыз.  Орыс  ғалымдарының  ішінен  бүркеншік  есімді 
қолданғандар қатарына Ф.И.Тютчев, Н.А. Некрасов,А.С.Пушкин, М.Горький т.б. жатқызуға 
болады. 
Бірақ сол бүркеншік есімдердің қандай тәртіппен жасалғанын білу өте қиын. Себебі, әр 
жазушы  әртүрлі  ойымен,  стилімен,  ыңғайымен    ерекшеленеді.  Өздерінің    алғашқы 
шығармаларын  бүркеншік атпен  жазу    қазақ   әдебиетінде  ХХ   ғасырдың бас  кезеңінде    
көрінгенімен   оның   арғы  тарихы   Орта   Азия  мен көне  Шығыс   әдебиетінде болған. 
Көрнекті  ғалым, академик  Әлкей  Марғұланның   "Ежелгі  жыр, аңыздар"  (1985 ж.) аталған   
зерттеу    еңбегінде  бүркеншік  атпен    жыр  туғызған    шаманизимді  дәріптеуші  абыздар 
кейінірек  аталы  сөз айтатан    жырауларға    айналғаны  айтылады. Солардың бірі  ‒ Нысан 
абызды  М.Әуезовтің  «Еңлік-Кебек»  пьесасынан  көреміз  [3].    Сол  себепті  бүркеншік  атты 
қолдану ерте заманнан  бар деуімізге  дәлелді  негіз бар. 


66 
 
Бүркеншік  аттар  қанатының  астында  түлеп,  қалам  қайраткеріне  айналған  Мұхтар 
Әуезов  өзінің  1917  жылғы  «Адамдық  негізі  –  әйел»  деген  ең  алғашқы  мақаласын 
«Семинарист» атымен жариялады. 1918 жылы жазған мақалаларының көп болуымен  қатар 
бүркеншік  есімдері  де  жеткілікті  болған.  Бұны  түсіндіруге  өзіндік  себептер  де  болған 
сияқты.  1918  жылы  «Абай»    журналында    жарық  көрген    мақалаларына  назар  аударсақ,  
«Ғылым»,  «Философия»,  «Япония»,  «Будда»  (Толстойдан  аударма)  сияқты  оннан  астам 
мақаланы    «М.»,    «М.Ә.»,    «Мұхтар»,  «Екеу»  деген    бүркеншік  аттарымен  жазыпты  [3]. 
Басылған мақалаларының көп болуы жаңа лақап аттың да  пайда болуына себеп болған. Тіпті 
кейбір мақалалары авторсыз да жарияланған. 
  Жазушы  музей  үйінің    архивінде  сақталған    деректерге  сүйене  отырып,  ақынның  11 
әдеби  бүркеншік  есімі  болғаны  анықталған.  Олар:  «М.Ә.»,  «М.»,    «Мұхтар»,    «Арғын»,  
«Жаяусал»,  «Қоңыр»,    «Айғақ»,  «Екеу»,  «Казпед»,    «Семей  техникумы»,  «Семинарист 
Әуезов» [3]. Осы бүркеншік есімдерінен басқа да ақынның стилінің өзгеше белгілері, ерекше 
ойлау  қабілеті  айқын  танылатын  мақалаларды  кездестіреміз.  Жазушының  өз  жазбаларында 
«Сұғанақ  сұр»  повесі,  ең  алғашқы  жазған  «Ел  ағасы»    (төрт  перделі)  пьесасы  айтылады. 
Ақынның сол деректерін нақтылай түскен Қайым Мұхаметханов өзінің «Ұлы өмір белестері» 
атты  мақаласында:  «1921  жылы  февраль  айында  Әуезовтың  «Ел  ағасы»  атты  пьесасы 
«Сибирский  бурлак»,  «Народный  дом»,  «Октябрь»  деп  аталатын  клубтардың  сахнасынан 
көрсетілді» деп жазыпты. Осы тектес М.Әуезов шығармаларының табылмай жатқандары әлі 
де бар екендігі белгілі болып отыр.[3]. Оларды анықтау үшін ақын шығармашылығы өзін әлі 
де толықтай зерттеуді  талап етеді. Әуезовтың алғашқы бүркеншік есімдерін тауып, белгісіз 
еңбектерін  зерттеуге  көп  еңбегін  сіңірген  шәкірттері  де  жеткілікті.  Солардың  ішінде 
Қ.Мұхаметханов,  М.Бөжеев  екеуін  айрықша  атаған  жөн.  Олар  жазушы  еңбектерінің 
тарихымен таныс, жинаған мағлұматтары да  мол ғалымдар. Әуезов бүркеншік есім қоюды 
кездейсоқ ала салмаған. Оның лақап аттары талай ғасыр орнығып, ескіліктен шығып, жаңаға  
бетбұрыс кезінде елдің жүрегіне үміттің бір нәрін егу талабынан пайда болған. 
Ғалым  Б.Кенжебаев  өзінің  «Бүркеншік        аттар    сыры»  («Қазақ    әдебиеті»,    1963,  13 
август)    аталған    мақаласында:  «Жиырмасыншы    жылдары  баспасөзге  белсенді  араласқан 
жазушы,  журналистердің  бүркеншік  атты  пайдаланбағаны  кемде-кем,  мұның  өзі  сол  кезде 
дәстүрге  айналған  болатын»  –  дейді  [3].  Мақаласын  лақап  атпен  беру  –  автор  үшін  тек 
жасырыну себеінде емес, сонымен қатар өз еңбегіне әділ баға алу үшін де қолданған. 
Бүркеншік  есімді  қолдану  –  қазақ  қаламгерлеріне  тән  ерекшелік.  Демек,  қай 
жазушының  мұрасын  зерттесек  те  «бүркеншік  есім»  тақырыбын  тастап  кете  алмаймыз. 
Ақындар  тек  жеке  мақалаларын  ғана  емес,  сонымен  қатар  кітаптарын  да  лақап  атпен 
жариялайтын  болған.  Бұл  ретте  Ілияс  Жансүгіровтың  «Құқ»  жинағының  «Таңқыбай» 
есімімен  жариялағанын  айтуға  болады.  Толық  бір  кітапты  жасырын  атпен  жариялау  үлкен 
батылдықты талап етеді. 
Бүркеншік  есімдердің  жұртқа  белгілі  шешімі  мен  дәлелдерін  қарастырып  көрелік. 
Авторлардың көбі бүркеншік есім ретінде өз аты мен тегінің  немесе әкесінің атының бірінші 
әріптерін қолданған. 
Мысалы алатын болсақ, М.Әуезовтың – «М.», «М.Ә.» [3],  
Бейімбет 
Майлиннің 
«Б-т», 
«М.», 
«М-Б.», 
«Б-М», 
«М-М», 
«Б» 
[4],                                                                                               
Әлихан  Бөкейхановтың  –    «А.Б.»,  «А.Н.»,  «Ә.Б.»,  Жүсіпбек  Аймауытов    «А.Ж.»,  «Ж.», 
«Ж.К.» [4]. 
Кей  кездерде  автор  тегін  жазбай  ,  тек  есімдерін  жазып  шектелетін  болған.  Б.Майлин 
«Бимағанбет» [4], Мұхтар Әуезов «Мұхтар» [3], т.б. 
Автор  өзінің  туған  жерлерінің,  руының,тегінің  атын  да  лақап  ат  ретінде  қолданған: 
Бейімбеттің «Шаңған»,  «Матай» ,«Алтай», «Қайдауыл баласы» [4], Мұхтардың «Арғын» [3], 
Міржақыптың «Малдияр», «Найманский» [5] , «Ағатай Байұлы» (Ғұмар Қарашев). 
Біраз  жағдайларда  автор  бүркеншік  есімін  ойдан  шығарып  қоя  салатын  болған. 
Мысалы,  Бейімбет  Майлиннің    «Малай»,  «Жалаңаяқ»,  «Қойшы»,  «Мен  ғой»    деген  лақап 


67 
 
аттары  болса  [4],  Ілияс  Жансүгіровтың  «Жа»,  «Жаңқа»,  «Қызыл  найза»  .Мағжан 
Жұмабаевтың «Жәжеке», «Мыж-мыж» бүркеншік есімдерін айтуға болады [2]. 
Бүркеншік есім қоюдың тағы бір түрі– жазушы дене бітіміндегі белгілі бір ерекшелікке 
байланысты тууы. Ол автор келбетіндегі белгілі бір ерекшелік болуы мүмкін немесе тек өзіне 
тән өзгешелігі де. Мысал ретінде Қадыр Тайшықов  «Қапсыңқа» ,  «Бөгде»,  «Бұйрас»  деген 
лақап аттары айтуға болады. 
Темірғали Нұртазин  «Бейімбет Майлиннің творчествосы» (1966 ж.) кітабында «әзірге 
біз  анықтаған  псевдонимі  жиырма  бір»  деп  жазса,  кейін  отызға  жуықтағанын  айтқан. 
Сонымен  қатар  Бейімбет  шығармашылығын  зерттеуші  С.Байменше    «Бейтаныс  Бейімбет» 
атты  еңбегінде  жазушының  33  бүркеншік  есімі  бар  деген  пікір  айтты.  Гуманитарлық 
ғылымдардың  академигі  Тоқтар  Бейісқұлов  Бейімбеттің  бүркеншік  есімдерін  зерттеу 
барысында жазушының 74 бүркеншік есімін көрсетеді. 1. Шаңқан. 2.Малай. 3.Жолаушы.4.Б-
т. 5.М-тай. 6. Жолшыбай. 7. М. 8. Көз. 9.Быж. 10. М-Б. 11. Тілші. 12.Б-м. 13. Қайдауыл. 14. 
Мен.  15.  Б.  16.  Жалшы.  17.М-й.  18.Жалаңаяқ.  19.  Балықшы.  20.М-М.  21.  Мереке. 
22.Жорналшы.  23.Малшы.  24.  Мырқымбай.  25.  Қарабалық  баласы.  26.  Інісі.  27.Тай. 
28.Бимағанбет.  29.  Жолаушы  батыр.  30.  Қойшы.  31.Қара  бала.  32.  Қойшығара.33.  Біз. 
34.Оқытушы. 35. Кедейшіл. 36. Оқушы. 37. Бір көрген. 40. Естіген. 41. Көзі көрген. 42. Б-ж. 
43.  Ішінде  болған. 44.Өзім. 45.Газетші. 46.Жасқаншақ. 47.Алтай. 48. Жуас. 49. Алакөз. 50. 
Егінші. 51.Ел аралаған. 52. Мұғалім. 53.Мен ғой. 54.Бекет. 55.Қарсақ. 56.Толстой қазақ. 57. 
Қараша  бала.  58.  Би.  59.Балық.  60.  Б-б-ж.  61.  Жолдан.  62.Бақ  ауған.  63.Жалшы  баласы.  64. 
Кетпен.  65.Қорғасын.  66.  Жол  болсын.  67.Бимұхамбет.  68.  Қайдауыл  баласы.  69.Малай 
баласы. 70.М-Т. 71. Кедей. 72. Елден. 73.Шоң. 74. Нық [4]. Бұл жерде Бейімбеттің бүркеншік 
есімінің көп болуы – көп жазғандығының белгісі болып табылады. Туындыларының бәріне 
өзінің атын қоя бермеген. Бейімбеттің сол замандағы газет-журналдардың көбіне атсалысқан 
ерекше тұлға болғанын байқаймыз. 
Кей  бүркеншік  есімдер  авторлардың  төл  есіміне  айналып  кеткен  жағдайлар  да  бар. 
Мысалға алатын болсақ, Ыбырай Сандыбайұлы ‒ «Үкілі Ыбырай», Нұрмағамбет Баймырзин 
‒ «Балуан Шолақ», Асан Барманбекұлы‒ «Албан Асан» ‒ шын есміге айналған лақап аттар. 
Төл  әдебиетіміздегі  үйреншікті  нәрсе  ‒  бүркеншік  атты  ұжымдық  қолдану.  Ғылымда 
полионим  (грек.  Poly  –көп)  яғни  бірнеше  автордың  бірігіп  жазуы  немесе  аты-жөндерінен 
құрастырылып  жазылатын  есім.  Жиырмасыншы  жылдары  Ж.Аймауытов  пен  М.Әуезов 
мақалаларын  «Екеу»  деген  бүркеншік  есіммен  жиі  жариялаған.  Б.Кенжебаевтың  айтуы 
бойынша,  «Екеу»  ‒  Даниал  Ысқақов  пен  Абдолла  Байтасовтың  бүркеншік  есімі  деп 
көрсетушілер  де  бар.  Баспасөз  бетінде  жарияланған    бұл  мәліметтен  хабарымыз  бола  тұра, 
оны  біз  Әуезов  пен  Аймауытовтікі  деп  білеміз  [6]  .  Дегенмен,  бұл  бүркеншік  есім  әлі  де 
өзінің иесін нақты тапқан жоқ, Себебі, екі варианттада сенерліктей мәлімет бар. Б.Кенжебаев 
қырқыншы жылдары кандидаттық диссертация жазуы барысында бұл тақырыпты нақтылай 
түседі. 
–  «Екеу» кімдердің бүркеншік есімі?– деп сұрадым. 
– Сеніңше қалай: «Екеудің» мақалалары дұрыс па ? – деді. 
– Дұрыс, өте мәнді. Кезінде күшті жазылған... 
– Ендеше, «Екеудің» бірі – мен. 
– Ал, сыңарыңыз кім? Сұлтанмахмұт болмаса игі еді? 
– Жоқ, Сұлтанмахмұтпен мақала жазуға тура келмеді. Ол өзін менен ересек санайтын 
еді. 
–Сонда кім? 
–Оның не қажеті бар? 
–О не дегеніңіз, Мұха, өте қажет... 
–Екеудің екіншісі Жүсіпбек Аймауытов болатын. Ол екеуміз гимназияда оқып жүрген 
кезімізден өте дос болатын едік. Екеуміз осы лақап атпен кейін де бірер мақала жаздық... [6]. 
Ғалымның  ғылыми  жетекшісі  М.  Әуезов  бұл  сұхбатымен  осы  тақырыпта  пайда  болатын 
барлық сұрақтарға нақты дәлел айтқандай... 


68 
 
Отызыншы  жылдары  «Социалды  Қазақстан»  газетінде  «Екі  оқушының»  хаттары 
жариялана  бастады.  «Екі  оқушы»  бүркеншік  есімі  Саттар  Ерубаев  пен  Рахымжан 
Жаманқұловқа  тиесілі  болған.  Хаттар  Сәкен  Сейфуллинге,  Сәбит  Мұқановқа,  Бейімбет 
Майлинге және тағы басқа жазушыларға арналған. 
Шығармалырын бүркеншік есіммен жазу ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында  белгілі бір 
дәстүрге  айналғанымен,  оның  белгілі  бір  жүйеге  бағынуы  тәрізді  ережелері  болмаған. 
Әлихантанушы-ғалым  Сұлтан  Хан  Аққұлұлы  айтуы  бойынша  әдебиетімізде  бүркеншік 
есімді қолдану дәстүрі Әлихан Бөкейханұлынан басталды дейді. «Негізінен, лақап есімді ең 
көп  пайдаланған  адам  осы  Әлекең.  Әлихан  Бөкейханның  1989-1927  жылдары  аралығында, 
яғни қырық жылға жуық уақытқа жалғасқан шығармашылық ғұмырында 41 түрлі бүркеншік 
есім  пайдаланған.  Тек  үш  мақаласы  ғана  өз  есімімен  шыққан.  Оның  бірі  1924  жылы 
жазылған  «Қазақ  қанша?»  мақаласы,  екіншісі  1927  жылы  Ленинградта  КСРО  ғылым 
академиясынан  шыққан    «Адай  уезіндегі  қазақтар»  атты  еңбегі  және  соңғысы  қазақ 
ауылшаруашылығына қатысты көлемді мақаласы. Ол 1928 жылы жарық көрді. Ол кісінің жиі 
қолданған  айрықша  есім-сойы  –  «Қыр  баласы».  Бұл  екінші  есіміне  айналып  кеткен.  Расын 
айту керек, бұл лақап  есімнің көтермеген мәселесі,  жазбаған тақырыбы жоқ» дейді  ол [7] . 
Қыр  баласының  жазғаны  шетелдік  ғалымдарға  да  танымал.  Дума  депутаты  болып  жүрген 
кезінде  патшалық  саясаттың  озбырлығын  ашып  жазған  бір  топ  мақаласы  да  бар.  Оның 
барлығына  Әлихан  Бөкейханов  «Статистик»  лақап  атымен  жазған.  Әлиханнан  көп  жазған 
көркемсөзші, зерттеуші жоқ деуге болады. Орыс және қазақ тілінде жазған мақалаларының 
өзі мыңнан асады. Сол себепті бұл дәстүрдің бастамасында Әлихан Бөкейханов тұр деуімізге 
әбден болады. 
Бүркеншік  аттың  иесін  анықтау  оңай  істердің  бірі  емес.  Ол  үшін  автор  жайында, 
қоғамдық-саяси жұмыстарға қатысы туралы дәйек-деректер жинаумен қатар текстологиялық 
талдау жасау керек. Кейде ондай деректердің бір соңғы дәйегін жазушының дос-жарандары, 
тілектестері тіпті автордың өзі де қалдыруы мүмкін. 
Қазақ  әдебиетануында  бүркеншік  әдеби  есімдердің  жасалу  жолдарына  тән  өзіндік 
тарихы мен негізгі  түрлері,  басты  сипаттары  жан-жақты зерттелгені  жоқ. Әдеби бүркеншік 
есімдердің  өздеріне  тән  саяси-әлеуметтік  белгілері  мен  әдеби-шығармашылық  жасалу 
жолдарының  көркемдік  ерекшеліктері,  әдеби-шығармашылық  негіздері  мен  сөз  өнеріндегі 
қызметтері  арнайы  ізденіс  нысаны  болған  емес.  Кезінде  әдебиетімізде  жиі  байқалған  
жазушы туған жерін лақап ат ретінде жазуы әлі күнге дейін жалғасын табуда. Шыққан тегін, 
руын жазу – бұрынғыға қарағанда қалып бара жатқан тәсіл. 
Қазіргі  таңда  бүркеншік  есім  автордың  аты-жөнінің  қысқартылып  жазуы,  атқаратын 
қызметіне  қатысты  ныспылар,  жер-су  аттарына  байланысты  қойылған  бүркеншік  есімдер, 
дене бітімінің ерекшелігіне қатысты ныспылар түрінде көрініс береді.  
Қорыта  айтқанда,  әдебиетімізде  бүркеншік  есімді  қолдану  адамға  жанама  ат  қою 
салтымен  байланысты  деуімізге  болады.  Қазақ  әдебиетіндегі  бүркеншік  есімдер  әлі  толық 
байыпталмаған,  толық  зерттелмеген  салалардың  қатарында.  Бүркеншік  атты  қолдану 
шығармашылықпен  қатар  келе  жатқан  процесс.  Ол  өмір  сүріп  жатқан  ортаға  байланысты 
өзгеріп,  құбылып  жатады.  Бірде    көп  пайдаланған  бүркеншік  аттар  кейін  қолданылмай 
кетеді. Сонымен қатар, белгілі бір бүркеншік есім өз иесіне белгілі бір уақытта ғана тиесілі 
болуы  мүмкін.  Сол  себепті  кейбір  бүркеншік  есімдер  әлі  де  өзінің  нақты  иесін  таба  алмай 
жатыр. Мұның бәрі де әдебиетімізде бүркеншік есім тақырыбы нақтыланбағанын көрсетеді. 
Ғылыми тұрғыда жүйесін таппаған бұл тақырып екінші жағынан әдебиетіміздегі бүркеншік 
есімдердің библиографиялық тізбесін жасауды керек екенін дәлелдейді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Жұмағұлов С. Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығы. Бүркеншік есімдері.  «Телқоңыр» шығармалары. 
Монография. – Қарағанды: «Арко» ЖШС, 2013. –105 б. 
2 Байменше С. Бүркеншік есім бүккен сыр // Саясат. 2002. – №11. –Б. –71-73.                                       3  
Мұхаметанов Н. Мұхтар Әуезовтың бүркеншік есімдері // Қазақ әдебиеті. –1987.  – № 18 
4 Бейісқұлов Т. Біз білмейтін Бейімбет // Ана тілі – 2009. – 19 қараша. 


69 
 
5 Қуатбек Е. Белгілі һәм белгісіз есімдер // Арқа ақшамы. – 2016. – 24 наурыз  
6 Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. Ғалым архивінен алып, газетке ұсынған Б. Адырбекова 
7 https://e-history.kz/kz/publications/view/burkenshik_esimderdin_siri__5498 
 
ӘОЖ: 808.5 (574)   
АMАНДАУЛЕТОВА АКТОЛКЫН КАИРХАНОВНА 
Орал қаласындағы №28 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі 
Орал, Қазақстан  
bisembaeva_73@mail.ru
 
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет