«MIRROR FOR PRINCE» ЖАНРЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАҚЫТТЫ МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ
Аннотация: мақалада «Mirror for Prince» жанрының қазақ әдебиетінің тарихымен
байланыстырылған. Ежелгі тарихи шығармалардың авторлары Жүсіп Баласағұн және әл-
Фараби шығармалары талданған. Сонымен қатар билік, ел билеушілер жайлы сөз болады.
«Mirror for Prince» жанрының мақсаты мен ерекшелігі айтылған. Бақытты мемлекет
ұғымы жан-жақты талданған. Қазақ әдебиеті тарихын арқау ете отырып, мақала
жазылды. Шет елдерде ғана қолданылаты жанр туралы түсінік берілді. «Mirror for Prince»
жанрының дидактикалық жанр екені «Құтты білік» еңбегі арқылы сараланады.
Тірек сөздер: билік, билеуші, қағида, «Mirror for Prince» жанры, бақытты қоғам, халық,
әдеби жанр.
«Mirror for Prince» жанрына қазақ әдебиеті қалыптасу тарихына келетін болсақ, белгілі
бір принцип немесе қағида секілді. Олай дейтініміз ел билеушілеріне, болашақ ханзадаларға
арналған ереже іспеттес. Сол ереже бойынша елді басқара алады. «Қайрымды қала
тұрғындары» трактаты мен «Құтты білік» еңбегін талдай отырып, ел билеушілеріне тән
қасиеттерді көре аламыз. Осы еңбекте айтылған қасиеттерді бойына сіңіре алған билеуші
тұлға, елді бақытты етеді. Атадан балаға мұра болып қалатын, монархиялық басқару бар
елдерде әкесінен қалған ережелерді өзгертпей ары қарай жүргізе берсе, сонда қайрымды
қала тұрғындары еш қиындық көрмейді. Әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған кітап.
Олай дейтініміз ел басшыларының негізгі оқу құралы ретінде қолданылады.
Тарихына қысқаша тоқталатын болсақ, қарахан мемлекетінің билеушілері жайында
көптеп айтылады. Шығу тарихы хақында әртүрлі деректер кездеседі. Алтын Орда
билеушілері туралы жазған Құрбанғали Халид қананың «Тауарих хамса» кітабында хыжра
бойынша 362 жылы жазылған делінеді. «Тауарих хамса» кітабы «Mirror for Prince»
жанрының бір тармағы. Сол себепті де осы жанрға жататын шығарма [1, 9] деп айта аламыз.
«Mirror for Prince» жанрындағы шығармалардың басты мақсаты – бақытты қоғам,
құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап мемлекет құру, ел басқару ісіне
дейін баянды баяндайды, ғұлама ақын бірде өмір, тұрмыс заңдылығынан туған, бірде
қиялын оятқан утопиялық тебіреністерге батады, терең мағыналы пәлсапалық пайымдаулар
түйеді.
Бaлacaғұндық Жүciптiң «Құтaдғy бiлiк» eңбeгi мeмлeкeттiк бacқapy тaқыpыбындa
жaзылғaн тyынды. Oндa мeмлeкeт тapaпынaн xaлыққa жacaлғaн iзгiлiк, яғни пapacaтты
72
бacқapy тaқыpыбы кeңiнeн бaяндaлaды. Бүгiнгe дeйiн бeлгiлi бoлып oтыpғaн «Құтaдғy
бiлiктiң» Вeнa, Кaиp жәнe Фepғaнa нұcқaлapындa кiтaпты пaйдaлaнyшылap тypaлы жaзылғaн
мәлiмeттep oның мeмлeкeт билiгiндe қoлдaнылғaнын көpceтeдi. Aйтaлық, Вeнa нұcқacындa
aты aтaлғaн «Xaйpeтдин мoлдa» Cтaмбұлды жayлaп aлyшы Ocмaнлы билeyшici Фaтиx
Cұлтaн Мexмeттiң ұcтaзы бoлca, «Әбдipaзaқ Шeйx-Зaдa Бaқшы» coл дәyipдe билiктe бoлғaн
aдaм.
«Құтaдғy бiлiктi» зepттeгeн көптeгeн ғaлымдap oны дидaктикaлық жaнpғa жaтқызғaн.
A.Бoмбaчи дидaктикaлық бoлғaндa дa caяcи мaзмұндaғы «нeгiздepдiң aйнacы» (зepцaлa
ocнoв) дeгeн жaнp дeп көpceтeдi [2, 269-278]. Aмepикaлық P.Дaнкoф бoлca, eypoпa
әдeбиeтiндeгi «Xaнзaдaлap aйнacы» (Mirror of Princes) жaнpы дeп түciндipeдi [3]. Түpкиялық
Мaxмyт Apcлaн «Caяcaтнaмa» жaнpындaғы тyынды peтiндe тaлдaйды [4,19]. «Құтaдғy
бiлiктiң» ocындaй жaнp aяcындa зepттeлyi кiтaптың caяcи билiк тaқыpыбындaғы тyынды
eкeнiнe бұлтapтпac дәлeл бoлa aлaды.
«Құтты білік» дастаны туралы Н.Келімбетов: «Бұл дастан мемлекетті басқару
әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық –саяси мәні бар түрлі ережелер мен
заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем
туынды...» [5,102] –деп жазды. Арабтардың өктемдігі, елді тонауы, халықты құлдыққа салуы
салуы ақынды ойлантпай қойған жоқ. Міне осындай адамгершілік қасиеттердің аяқ асты
болуына байланысты айтқан ойлары мемлекетті қалай басқару керектігі жайлы терең
талғамымен астасып жатты. Бір халықтың, бір ұлттың екінші бір халыққа, ұлтқа жасаған
қиянаты, идеологиялық насихаты ұлы ойшылдың санасына кері әсер еткені шындық. Бөтен
елдің табанының астында ұлтарақтай езілмеуін ойлаған ойшыл, өз халқының санасын
тереңге жетелегені рас.
Егер тарихи дәйектілікке жүгінсек, ғылым алдындағы әділдік үшін алғашқы зерттеуші
ретінде шартты түрде болса да француз ғалымы А.П.Жауберт (1779-1847 ж.ж.) есімін атауға
тиіспіз. Мәтіннің мазмұнын түсіндіріп, оқуда жіберіп алған елеулі ауытқуларына қарамастан,
оның «Құтадғу білігке» арналған хабарламасы алғашқы ғылыми көзқарас болды, әрі поэмаға
бірқатар ғалымдардың назарын аударды.
«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның
жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы әдебиеттану, тілтану, тарих, мәдени-тарихи
қатынастар саласындағы алатын орыны, маңызы мен мәні аса зор. Бұл тұрғыда, қазақ
халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық
әлемінде жатыр. «Құтадғу білік» дастанының Орхон-Енисей жазбаларымен (V-VIII в.в)
тамырластығы және ХІV-ХV ғасырлардағы қазақ жырауларының үрдісімен, классикалық
қазақ әдебиеті үлгілерімен сабақтастығы өркенді әдеби дәстүр арнасын танытады. Қазақ
мақал-мәтелдерімен, қанатты сөздерімен, шешендік сөздер табиғатымен, Абай
тағылымының, Шәкәрім қажының көркемдік дүниесінің Жүсіп Баласағүнның рухани-
көркемдік әлемімен жарастығын білдіретін желілер өте көп.
Жыpayлap пoэзияcындa мeмлeкeтшiлдiк идeя бipiншi opынғa қoйылaды. Жыpayлap
xaндapғa aқыл-кeңec бepiп қaнa қoймaй, eлдiң бipлiгiн бacты нaзapдa ұcтaйды. Қoғaмның
iзгiлiгi, мeмлeкeттiң тұтacтығы мeмлeкeт қызмeткepлepiнiң ынтымaқ-бipiлiгiмeн тығыз
бaйлaныcты. Coл iзгiлiк жoлындa жыpayлapдың бeйнeci дapaлaнып көpiнeдi.
Шaлкиiз жыpayдың Би Тeмipгe aйтқaн бipiншi тoлғayының ecкi жaзyдaғы нұcқacы мeн
бүгiнгi қoлдaнылып жүpгeн мәтiнi apacындa өзгepicтep бap. Coндықтaн, 1875 жәнe 1911
жылдapы жapиялaнғaн ecкi нұcқaлap қaйтa oқылып, бүгiнгe дeйiн «ыpыcымды cындaйын»
дeп oқылып кeлгeн қaтapы «apыcымды ceндeйiн» дeп бacтaпқы қaлпынa кeлтipiлдi. Мыcaлы,
өзгepгeн мәтiндe Шaлкиiздiң Би Тeмipгe тeпciнiп cөйлeгeнi бaйқaлca, бacтaпқы мәтiндe
кepiciншe қaдipлeп, құpмeттeгeнi aңғapылaды.
«Құтaдғy бiлiк» пeн жыpayлap пoэзияcындa пoэтикaлық caбaқтacтық caқтaлып
oтыpaды. Жүciп Бaлacaғұн мeн жыpayлapдың көpкeмдiк oйлay жүйeciндe, эcтeтикaлық
әлeмiндe дәcтүp жaлғacтығы жoғapы дeңгeйдe бaйлaныcып oтыpaды.
73
Дана Фарабидің қуатты қоғам, бақытты мемлекет туралы толғаныстары дүниежүзі
ойшылдарынан лайықты бағасын алған. Осы Әл-Фарабидің даналық ойлары мен Жүсіп
Баласағұнның әлеуметтік-эстетикалық көзқарастарының сабақтастық желісі айқын
аңғарылады. Фараби әлеуметтік трактаттарында ақыл, білім, ғылымның пайдасын, адамның
құт-бақыты, жақсы әкімдердің құлық-табиғаты туралы көзқарастарын білдірсе, «Құтты
білік» осынау әлеуметтік мәні терең ой-толғамдар өлеңмен, дидактикалық поэзия үлгісімен
көркем жырланады. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары», «Данышпандықтың маржаны», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекет
қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Ақылдың мәні туралы трактат», тағы басқа әйгілі
туындыларының ой-идеялары мен «Құтты білік» дастанындағы аналогиялық толғам,
философиялық түйіндер бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана
емес, бір тектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырған бір дүниетанымның жемістері. Екі
ғұламаның ел, ел басы, қоғам туралы ой-толғамдары бір арнадан тоғысып отырады. Екеуі
да адамгершілікті, имандылықты, мейірім-рахымшылықты адам баласының асыл қасиеті
ретінде жоғары қояды. Парасат, білімді адамшылықтың алды деп таниды. Барша жұртты
тең көруді көріп, еңбегі мен парасат пайымына қарай бағалауды парыз деп біледі.
Әлеуметтік салмағы зор «Құтты білік» сынды дастанның көркемдік-танымдық сипаттары,
күллі қасиеті өз тұсындағы, өзіне дейінгі ойшылдар мен зердешілердің талантты
туындыларымен астастыра қарағанда кемелдене, барынша айдындана түседі. Күлтегін
жырларынсыз, Фараби өлмес мұраларынсыз бұл біліктілік туралы дастанның іргесі үнемі
жалаңаш қала бермек. Жүсіп Баласағұнның көркемдік әлемі осындай тектес құбылыстармен
сабақтастыра қарағанда ғана қатпарланып, даралана көрінеді. Бұлардың арасында ірі
көркемдік-танымдық құбылыстардың басын тоғыстырған үлкен мәдени-шығармашылық
заңдылық жатыр. Қандай да құбылыстың, болмысқа эстетикалық көзқарастың ішкі табиғаты,
белгілі бір дәстүр өзегінде түзілген, өсіп-өнген топырағы болатыны белгілі. Классикалық
көне түрік поэзиясының алғашқы кітабына да осы тұрғыдан қараған жөн. Осыншама кемел
де келісті поэзия шығармасы, келісті кітап бірден дүниеге келе қоймағаны күмәнсіз. Бұл
орайда «Құтты біліктің» алдында ерте, ерте орта ғасыр дәуіріндегі түріктердің өркенді
мәдениеті тұр. Түрік дүниесінің біртуар айтулы құбылыстарының ішкі дәстүрлі
байланыстары зерделей үңіліп, тереңнен талдауды қажет ететін тұтас бір этностың
этнологиялық өркендеу желілері қойындасып жатқан күрделі жүйе. Сол құнарлы
топырақтың қазіргі алуан түсті, түбі бір, топырағы ортақ түркі тілдес халықтардың кейінгі
мәдениетіне ұласу тұсындағы жұмбақтары қызық та мәнді-мағыналы мәселелер. Бұл орайда
да, Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы үлкен бір кезеңді сан қырынан алдыға тосатын
бірегей бітімді туынды. Орхон – Енисей жазбалары тарихи ескерткіштер болумен қатар,
поэзия туындылары екендігіне күмән жоқ. Осынау өзіндік көркемдік мәнері басым,
көркемдік өрнектерінің түйінді заңдылықтары айқын черлік жырларының» [6,72]көркемдік-
эстетикалық нышандарының кейініректегі «Құтадғу білік» сияқты шығармалардан бой
көрсетуі тұтас бір әдеби дәстүрдің болғандығының бір айғағы.
Дастанның басты мұраттарының бірі: құтты қоғам құру, әлеуметті түзіп, «кедейді –
орташаға, орташаны – байға» («Құтты білік») жеткізу, елдің әл-ауқатын өсіріп, іргесін
нығайту.
Халық байып, ырысы артты елінің,
Тілін безеп көтерді елі Елігін
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.
Жақсылардың көтер жебеп, еңсесін,
Жамандардан бүгін сақта ел шетін.
Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,
Құтың өсіп, абыройың асады [1,139]
74
Осы жолдардың өзі-ақ ел тірлігін, елдің бір әлеуметтік кезеңдегі суреттерін
елестеткендей. Орхан –Енисей жырларында да «Жалаңаш халықты тонды. Кедей халықты
бай қылдым. Аз халықты көп қылдым» дей келе:
Бектері де, халқы да сенімді екен,
Сол үшін де елін сонша билеген екен,
Ел ұстап, заң жасаған...
деген сияқты ойларымен әлеуметтік толғамдарын сездірмей ме? Осындай ойлар ежелгі
кезең әдебиетінің азаматтық, саяси-әлеуметтік мұраттарын айқын танытады. Ой бірлігі,
мағыналық үндестік әскери іс, жарық тәсілдері жайлы тарау, тармақтардан да көзге көрініп
тұрады. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерге, ұшқыр ойлы тіркестерге қатысты да
шығармашылық мектептің табиға қалыптасқан арналарын аңғармау мүмкін емес. Тәрбие,
моральдық-этникалық өсиеттер, адамдардың арасындағы қарым-қатынас негіздері хақында
да ой тебіреністер бір өзектен шығып отырады.
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасыр өкілдерінен Абай Құнанбаев дүниетанымын айта аламыз.
Абай дүниетанымы тұтастай Сократ, Фараби, Баласағұндардың заманауи ойларына
жетелейді. Фараби, Баласағұн, Абай дүниетанымы мен эстетикалық құнарының күретамыры
Сократ, Платон, Цезарь, Аристотель секілді әлемдік алыптар қиялымен қанаттасып, қатар
соғатындай. Сондықтан да, Абай-Баласағұн мен Абай эстетикалық әлемінің
тамырластығының мынадай төрт сипатын даралап көрсетуге болар еді. Біріншіден,
дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі: екіншіден, қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну: көркемдік танымда реалистік-
рационалдық қасиеттерге жүгіну, үшіншіден, тақырып тамырластығы, ой толғап отырған
жайлардың ортақтығы; төртіншіден, поэтикалық табиғатының үндестігі (ойшылдық,
суреткерлік қисын, шешендік, афоризм, нақыл... жалпы поэтика табиғатындағы жақындық).
Әл – Фараби – ІХ-Х ғасырлардағы өркениеттің алып шыңы.
Жүсіп Баласағұн – Х-ХІ ғасырдағы көркемдік-эстетикалық дүниенің жұлдызды биігі.
Абай –ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының көркемдік таным дүниесінің асқар биігі,
дәстүр егесі.
Қазақ жырауларының кемелді кезеңі – бес ғасыр жырлары осынау ұлы тұлғалардың
иығында тұрған дала бұлбұлдарының сұлу саздарындай өнердің кереметтей толысқан,
көркемдік жағынан да, ойшылдық жағынан да түу биікке самғап шығып күрделі де қатпарлы
әсемдік дүние есігін түзген, рухани марқайған дәуірінің белесі. Бес ғасыр жырауларының
шығармаларынан да өлең құрылымы, ұйқас түзілімі, мазмұн үндестігі, ой сарындастығы,
поэтикалық рухы жағынан «Құтты білікке» қабысып түсіп отыратын тұстарды тым көп
ұшыратамыз. Бір ғана әйел затына қатысты, болмаса адамның өмір кезеңдерін қамтитын
кәрілік пен жастықтың қадірін түсіндіре отырып өмірдің мәнін білдіретін жас шамасына
қатысты жырлардың өзі –ақ сонау Күлтегін жазбаларынан бастап бірнеше ғасырлық кезең
тынысын сезіндіреді[1,96]
Адамның жас шамасына, өмір кезеңдеріне қатысты мұндай ойлар руна жазбаларында
да, «Құтты білікте» де әртүрлі поэтикалық реңде, әлденеше кездеседі. Бұқар жырау, Шал
ақын, Сүйінбай, Ақан сері, Әріп, т.б. ақын-жыраулар бұл тақырыпты сан қырынан тереңдетіп
әкетеді. Бұл дәстүрлі тақырып бастауы тағы да Орхон, Енисей жазбаларының жұмбағы көп
жылдарында жатыр. Қаған, батырлардың жасын, сол жастарына қарай кезіндегі ерліктерін
хикаялайтын жолдарды еске түсіріп көріңіз... Бұл сол бір қаһармандық жырлардан өсіп-
өнген, кейін жыр, дастандарда міндетті түрде болуға тиісті шартты қисынға айналып кеткен
сипаттар секілді. Адамды, жастықты («дәл он жеті жасында, кәмшәт бөркі басынды»
дегендей) былай қойғанда, қазақ мал екеш малдың өзін жас шамасына қарай атап түстейді.
Осы сияқты ана, жар, жаман әйел мен жақсы әйел туралы толғамдар да «Құтты біліктен» (62
тарау) ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ ақындарына дейін жалғасқан тақырып арнасы.
Жүсіп Хас Қажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің үлгісін
жасаған. Өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі өкініші, кәрілік пен жастық жайлы,
хылықтың салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді (түс жору, жоқтау) де, тұрмыс ерекшеліктерін
75
(көшпенділер, аңшылар өмірі мен тұрмыстық белгілерін, мінез-құлық, тұрмыс тіршілігін
білдіретін штрихтар) де астастыра отырып, өзі тамаша білетін түркі фольклорының
маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп өз дәуірінің барынша кемел суреттерін
түсірген.
«Құтты білік» сынды қазіргі қазақ тілімен, басқа да туысқан түркі тектес тілдермен
табиғаты бір ежелгі дәуір шығармаларын барлық поэтикалық мәнін сақтап, мазмұны мен
көркемдік қасиетін жасытпай аудару өзгеше күрделі, өзіндік қыры мол іс. Қай кезде
болмасаң, өзіндік жанр қалыптасады. Сол кезеңдегі оқиғалар желісі «Mirror for Prince»
жанрымен сәйкес келіп отыр. Бұл жанр шетел әдебиетінде қолданыс тапқанымен, қазақ
әдебиетінің өкілдері де осы жанр бойынша шығармалар жазғанын көріп отырмыз. Жоғары
талдап, айтып өткеніміздей Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, әл-Фараби
трактаттары, жыраулар поэзиясы «Mirror for Prince» жанрындағы еңбектер. Ұлттың
ұлылығы ұлықтығынан емес, ұлағатынан танылмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Құтты білік/Көне түрік тілінен аударған алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған А. Егеубай. – Алматы:
Тұлға, 1997.- 548 б
2 Бoмбaчи A. Тюpкcкиe литepaтypы. Ввeдeниe в иcтopию и cтил/ пep. c aнгл. Л.В.Гopяeвoй //
Зapyбeжнaятюpкoлoгия. – М.:Нayкa, 1986. – Вып 1. – C. 191-293
3 Tekin T.Wisdom of Royal Glory (Kutadgu Bilig): A Turko-Islamic Mirror for Princes. Yusuf Khass Hajib,
Robert Dankoff // https://www.journals.uchicago.edu/doi/10.1086/373364. 24.09.2018
4 Arslan M. Kutadgu-Bilig’deki toplum ve devlet anlayışı. – İstanbul: İstanbul Üniversitesi Edebiyat Fakültesi
Basımevi, 1987.– 132 s.
5 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы:Мектеп баспасы, 1991 ж. – 159 б.
6
Әуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. – Алматы. – 1989. – 11-том.
ӘОЖ 82.2:884 (5Қ)
БӨКЕН ГҮЛНАЗ САЙЛАУБАЙҚЫ
ХУАТБЕКҚЫЗЫ АЙША
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Көкшетау, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |