70
Тұла бойым өртенеді милли десем, ұлт десем,
Ұлттың ұлы боламын мен, арманда өліп кетпесем!
Ұлтым жайлы тәтті қиял, ұлтым жайлы тәтті арман,
Қандай бақыт ұлт алдында,парызыңды атқарған! [4,116].
Ғ.Тоқайда татар психологиясын түсіну бар, татар үшін жазғаны байқалып, оқырманды
өзіне тартып, елжіретіп тұрады. Осы пікірдің растығын, мысалы «Өзіме» атты өлеңінен
көруге болады.
Іштей бақыт
тілеймін мен татарға,
Татарларым қосылса екен қатарға!
Татар үшін жан беремін кезінде,
Мен татармын, шын татармын өзімде! [5, 117].
Әсерлі емес пе? Тағы бірде:
Татар даңқы көтерілсін алты қабат аспанға,
Құдай өзі бақыт берсін ол ілгері басқанда!
Қалғудайын қалғыдық біз қарап кейін керіге,
Енді бізге шығу керек өркениет өріне!
Бізді түрлі хайуандардың дәптеріне тізбесін,
Бізді дарын, батырлардың қатарынан іздесін!
-дейді. [6, 112]
Теңеу патриотизмді дәл сіңдіріп тұрған жоқ па?
Ақын «Шындық пен өтірік» өлеңінде теңеулерді адам психологиясының ішкі сырларын
беру үшін, антонимдердің көл
–көсір қарама
-қарсы мәні арқылы бергенді жөн көретіндей:
О
баста жер болмай,
жатыпты су басып,
Жүзіпті Шындық пен Өтірік арбасып.
Олардың мінгені болыпты бір кеме,
Бірін
-бірі бағыпты отырып іргеде
Екеуі секілді жабайы, тағы адам,
Шап беріп, бірін
-бірін алыпты жағадан
Өтірік білетін сан айла, сұмдықты,
Батырып жіберген тереңге Шындықты [7, 118].
Сондай
-ақ антонимдердің мәні арқылы халқының өмірі ашылған. Сондай
-ақ «Ауылда
ауырып жатқанда» атты
өлеңінде эстетик, дүниетану берілген.
Шегіп жатып ауру мен жұмыссыздық азабын,
Боран және кәдімгі картоп жайлы жазамын.
Майға бөгіп келеді толы табақ картобын
Кедейге де, байға да ортақ тамақ картобың [8,120].
Осы өлеңінде уақытты дұрыс үнемдеп, қадірлеу жайында былай дейді:
Енді ауырып жатырмын. Келгем қыста, дауылда
Ағайынның барлығы демалыста, ауылда
Олар іссіз, мен іссіз. Есептеймін өткенді,
Жата
-жата ауылда ішім пысып кетті енді [9, 120].
Бұл жерде де ақын теңеулерді салыстырмалы қолданып, өлеңге салмақты ой берген.
Нағыз халық тұрмысына ден қойғандық, қайнаған өмірдің өзі, оның бүгінгі, әрі кешегі өткені
бізді қоршаған бүкіл әлем, әр түрлі құбылыстар
- бәрі
– бәрі қаламгерді тартып тұрғандай.
Ғ.Тоқай өмір жайлы көріністерге толы «Мақсат» атты өлеңінде:
Қайткенде де, халқымды
мен шығарамын ұшпаққа,
Деп ойласам, мына тірлік олар мені қыспаққа
«Басыңды іи, тізеңді бүк, сөзіңді тыңда құп алып,
Дейді тірлік,
- сендейлерге салғанбыз біз бұғалық!»
Бірақ та мен берілмеймін қасіретке, күйікке
Менің орным жоғарыда, менің ойым биікте!
Мен елімді ел қылмасам, ел қылмасам кім болам?
Аспандағы күнің емес, көңілдегі күн болам? [10, 120].
71
Міне, бұлар ақынның нағыз татар ұлтының біртуар перзенті екендігін көрсететін
белгілер деп білеміз.
Жалпы ақын әр түрлі көркемдеу құралдарын қолданғанда адам, қаһарман
психологиясын жайып салады, сырын ашады, терең лиризм жасайды. Сол үшін өлеңдері
сызған сурет секілді әсер етеді, ой
-пікір, ішкі тұтастық жарыққа шығады. Өлең өлмес
дүниеге айналады.
Сонымен, Ғ.Тоқай поэзиясында теңеу
– көркемдік құралдары ішінде үлкен идея
–
эстетикалық, поэтикалық маңызға ие демекпіз.
Пайдаланылған әдебиет:
1 Р.А.Абузяров, З.И.Туаева «Уральск в судьбе Габдуллы Тукая»
- Орал:БҚМУ баспа бөлімі, 2002.
ӘОЖ: 821.512.122
ӘНЕШ АРАЙЛЫМ БОЛСБЕКҚЫЗЫ
Шәкәрім
атындағы Семей университеті
Семей, Қазақстан
Araika.1997@bk.ru
Достарыңызбен бөлісу: