Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЕКІ КҮЙМЕК БІР ЖАНҒА ӘДІЛЕТ ПЕ?



Pdf көрінісі
бет28/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
ЕКІ КҮЙМЕК БІР ЖАНҒА ӘДІЛЕТ ПЕ? 
 
Аннотация: мақалада Абай өлеңдерінің философияялық мәні ашылды. Ақын поэзиясын 
герменевтикалық    тұрғыдан  талдап  көрсетілді.  Абайтанушы  ғалымдардың  пікірлерімен 
дәйектелді.  
Тірек сөздер: герменевтикалық талдау, Абай поэзиясы, философиялық мәні  
 
Абайдың ақындық мол һәм зор мұраларының ішінде ерекше орын алатын бір өлең бар. 
Ол  –  «Өлсем,  орным  қара  жер»  атты  өлеңі.  Абай  осы  өлеңін  1898  жылы  жазыпты.  «Бұл 
жылда  әсіресе,  аударма  көп.  Өзінің  жазған  өлеңдер  қатарынан  өзгеше  боп,  оқшау  шыққан  
екі  өлеңді  айырықша  бөліп    тексереміз.  Бұлардың  біреуі  –  табиғат,  махаббат  сырына 
арналған,  ақынның  ең  бір  нәзік  шеберлікпен  тудырған    өлеңі  «Желсіз  түнде  жарық  ай». 
Екіншісі – ақынның адамгершілік ұлы бітімінен туған  әрі терең, әрі көңілдің сирек сыры – 
«Өлсем,  орным  қара  жер»  -  деп,  Абай  өлеңдеріне  кең  тысынысты  талдау  жасаған  Мұхтар 
Әуезов  осы  соңғы  өлеңді  бөле-жара  атайды  да,  «Бұл  жырда  өлім  жайлы  толғайды.Бұдан 
бұрын да классик ақындарша  Абай да өлім жөнін ауызға оқта-текте ала жүретін. Бірақ анық 
өзінің  өмір  шындығымен,  ерекше  жол  жағдайымен  байланысты  өзгеше  бір  ойлы  мұңнан 
туған  саналы  сырдың  жыры  осы  өлең.    Кеше  ғана  көрген  соққының  салдары  емес,  өмірдің 
ұзын  бойын  шалып  келіп,  дәл  осы  жылда  өлімді  айтып  отырған  Абай  аса  қымбат  қасиет 
табады. Ол келешекпен тілдеседі»- деп бір түйеді[1, 173-175].   
Ақын  мұрасына  зор  мән  беріп,  оны  жан-жақты  талдаған  кейінгі  абайтанушылар  да, 
былайы зерттеушілер де осы өлеңнің болмысы мен өзіндік сипатына айрықша мән бергенін 
көруге  болады.  Әсіресе  Абай  өлеңдерін  философиялық  тұрғыдан  қарастырып,  оның  терең 
мәні  мен  мазмұнын  ақынның  өзінің  байыпты,  терең  көзқарасымен,  сыншыл  ой  өрісімен,  
философиядағы  болмыс  туралы  түсінікпен,  бір  сөзбен  айтқанда  онтологиялық  шеңберде 
алып тексеруге бейімділік танытуда.  
Белгілі абайтанушылар М.Мырзахметұлының, Ғ.Есімнің пайымдары осыған дәлел бола 
алады. Онда негізінде Абай шығармашылығының өзегіне айналған бұлжымас, мығым, айқын 
ұстанымдарды  дәп  басып,  ұстап,  оның  ақын  өлеңдеріндегі  көрінісін  табуға  деген  арналы 
құлшыныс  бар.  Осының  өзі  де  Абайдың    шығармашылық  әлемін  терең  тануға  жаңаша 


80 
 
мүмкіндіктер береді.  «Бұл өлең абайтану тарихында  Абайдың  айырықша  бір терең ойлы 
мұңнан  туындаған  саялы,  сырлы,  ойлы  жалғыздың    келер  буынға  шаққан  мұңы  деп 
бағаланып келеді» -дейді [2, 62].  
Біз де  мақаламызда осы өлеңді өз хадери-халімізше герменевтикалық  тұрғыдан талдап 
көруге  талпыныс  таныттық.  Тегінде  М.  Әуезовтің  «ойлы  мұңнан  туған  саналы  жырдың 
сыры»  деп  баға  беруінде  терең  мағына  бардай.  Расында  бұл  өлең  Абайдың  кемел  шаққа 
келіп,  дүниенің  қыр-сырын  түгел  біліп,  айналасына  ойлы,  зерделі  көзбен  қараған  шағында 
туған. Жан-жақты толысып, арғы-бергіні оқып, тауысып, өмірзая тіршіліктің түбіне, тереңіне 
қарай көз жүгірткен ақынның болмысынан туған сырлы, мұңлы өлең. Абай осы өлеңінде өз 
заманымен  һәм  келешекпен  бүкпесіз  сырласқандай  әсерде  қалдырады.  Ол  ол  ма,  дүние 
болмыспен,  жаратылыстың  заңдылығымен,  адам  ғапылдың  шарасыз  халін  айтып,  ашық 
сұқбатқа келеді. Бүкпесіз, Еркін. Абай  «Өлсем, орным қара жер»  өлеңінде  осы өмірде бар 
түйген,  жиған,  ішке  сақтап  келген    телегей  ойынан  сыр  ақтарады.  Өкініші  мен  назын  да 
жасырмайды. 
«Махаббат  пен  ғадауат  майдандасқан»  ақын  Абайдың    һәм  адам  Абайдың      «қайран 
жүрегі мұзға айналыпты». Абайдың   «махаббат» ұғымы әлдекімдер ойлаған түсініктен кең, 
биік  һәм  терең.  «Махабатпен  жаратқан  адамзатты»  деп  пәлсапалық  ой  түйген  ақын  адам 
баласының  жаратылыс  негізін  Жаратушының  махаббатынан  іздемей  ме?  Олай  болса, 
Айбайша айтқанда адам- махаббаттың жемісі екен. «Абай өз заманында Аристотель сияқты  
дүниенің басталуының себебін зерттеуші ойшыл. Дүниенің мүмкіндіктен шындыққа айналу  
бас  себебін  Абай    «махаббат»  ұғымы  арқылы  түсіндіреді.  Махаббат  –  жаратушының 
құдыреті,  нұры,    дүниені  мүмкіндіктен  шындыққа    айналдыруының  басты  себебі.  Қазіргі 
ғыымның қисынды тіліне салсақ,  махаббат бар болмыстың заңдылыңы және де ол адамзатқа 
тәуелсіз  онтология заңдылығы немесе дүниенің бар болуының  мүмкіндігі»[3,13].  
Абайдың «махаббаты»- күллі ізгіліктің бастауы, соның мейірім шуағы, қайырым қуаты, 
адамға  тән  ізгі  қасиеттердің  ортақ  жиынтығы.  Махаббат  –жүрек  ісі.  Абайша  айтқанда 
«Жүректің  ақыл  суаты,  махаббат  қылса  тәңірі  үшін».  Абай  философиясындағы  «жүрек 
культі»  туралы  аз  айтылған  жоқ.  Анығында  Абай  үшін  «жүректің»  орны  айырықша.  Ол- 
ақынның «қиянатшыл дүниеден қырық жамау болған», басына у болып төгілген ішкі әлемі, 
бұл дүниеден зардап көріп, жапа шеккен, һәм қия алмайтын ішкі дүниесі.  
Ғадауат  –  бар  қасиетсіздік  ордасы.  Пенделдік  күйкі  тіршіліктің  қоқсығы,  бықсығы, 
заһар  уы.  Махаббат  та,  ғадауат  та  адам  пенденің  жүрегінде  майдандасатын  екі  күш,  екі 
дүние,    Бейнелі,  салыстырмалы    тілмен  айтқанда  ақ  пен  қараның  арпалысы.  Әсілінде 
Абайдың    пәлсапасындағы  «жанның  тамағы»  һәм  «махаббат  пен  ғадауат»  деген    ұғым 
Дауанидің шәкірті Қарабағидың  «Рисаласындағы»  «жанның пайдалы және зиянды тамағы» 
деген таныма сәйкес келеді. Ондағы «пайдалы тамақ»  - әділдік, жомарттық, шын сенім, ізгі 
ілім т,б, ал, «зиянды тамаққа» өтірік, өсек, мақтан, күншілдк, жауластық т,б. Осы танымның 
алғашқы  ұшқыны  Абайдың  әйгілі  «Ғылым  таппай  мақтанбасындағы»  бес  асыл  іс  пен  бес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет