Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет41/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   204
жылы жүрек» [3, 249]. Абай адам баласына қажетті үш нәрсе  ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 
жылы  жүрек  екенін  тереңнен  толғап,  толық  адамға  тән  қасиетті  көрсетеді.  Хакім  іздеген 
толық  адам  осы  қасиеттерден  туындайтын  талапты,  еңбекқор,  ізгілікті,  мейірімді, 
қанағатшыл,  рахымды,  тұла  бойы  толған  ар,  ұят,  пенделіктен  қол  үзген  имандылық 
жолындағы абзал азамат. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден 
бөлек», [3, 146], – дегенде Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды 
атайды.  Осы  үш  ұғымнан  туындайтын  әділет,  рахым,  мейірім,  ар-ұят,  талап,  еңбек,  өнер 
сияқты  қасиеттерге  ерекше  мән  береді.  Абай  адамгершілікті,  әділеттілікті  ең  негізгі 
моральдық  принцип  ретінде  поэзиялық  туындыларында  да,  қарасөздерінде  үнемі  атап 
көрсетіп  отырады.  Ғылым-білімді  уағыздаған  ағартушы  ақын  ақылды,  білімді  аса  жоғары 
бағалайды.  Не  нәрсеге  болсын  ақыл  –  таразы,  дүниенің  сырын  танып  білуде  ақылдың 
мүмкіндігі шексіз мол деп санайды. 
«М.Әуезов  Абайдың  мораль  философиясына  қарым-қатысы  жайлы  мәселеге  ертедегі 
әрі  соңғы  жылдардағы  зерттеулерінде  ерекше  мән  бере  қараған.  Абай  шығармаларындағы 
мораль  философиясы  туралы  ойларының  желісін  сөз  еткенде,  Әуезов  оларды  өзі  атап 
көрсеткен «нравственная личность» мәселесімен тікелей бірлікте, байланыста қарастырған» 
[1,  94].  Абайтану  саласындағы  зерттеулерінде  Әуезов  «нравственная  личность», 
«гармоническая  личность»  деген  терминдік  сөзді  беріп  отырады.  Абайдың  қарасөздерін 
зерттеген еңбегінде бұл ойын былай деп береді:  «Он жетінші сөзде Абайдың өз тұсындағы 
және  Абайдан  бұрынғы  үлкен  моралист,  педагог  ойшылдардың  көп  айтқан  пікіріне 
жанасатын  ой-толғау  жүргізеді.  Ол  –  толық  сапалы  адам  болудың  шарты,  гармоническая 
личность жайындағы ойлар» [4, 227]. 
Бұл Абайдың 38 қарасөзінде қолданылатын «толық адам» деп аталатын сөздің тікелей 
баламасына  келеді.  Кемел  адам  мәселесі  мұсылмандық  әлемнің  сопылық  ағымында  ХІ–ХІІ 
ғасырда-ақ қалыптасып, шырқау биігіне жетіп, сол негізде 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның 
«Құтадғу  Білік»  дастанында  толық  баяндалып  суреттелген  болатын.  Сопылық  «хал  ілімі» 
саласында негізі қаланып, даму жолына түскен сопылық адамшылық ілімді Абай өз заманы 
талабына  орай  дәстүрлік  жалғастықпен  дамыту  арқылы  қазақ  даласында  –  адамшылықтың 
толық адам ілімі деп аталатын жаңа түрі дүниеге келді. 
«Толық  адам  сопылық  ілімнің  адамгершілік  негізінен  туындайтын  «камили  инсани» 
деп  аталатын  ар  ілімімен  іштей  сабақтасып  жатқан  қастерлі  рухани  құбылыс  болатын-ды. 
Толық  адам  терминін  М.Әуезов  өзі  жасаған  алмағайып  заманда  бір  тамыры  жағынан, 
сопылық хал ілімінен туындайтын камили инсани (кемелденген адам) танымымен, Шәкәрім 
тілімен  айтқанда  ар  ғылымымен  ұштасатындықтан,  өз  қалпында  яғни  Абай  қолданған 
нұсқасымен  атай  алмады.  Толық  адам  термині  абайтану  саласында  тек  қана  1963  жылдан 
бастап  ғылыми  айналымға  түсе  бастады»  [5,  39].  М.Әуезовтің  ғылыми  шығармашылық 
зерттеулерінде Абайдың адамгершілік мұраттарының негізіне айналған өте күрделі ұғым мен 
танымнан тұратын толық адам мәселесі елеусіз қалыпта көркемдік тәсілмен беріліп отырады. 
Мұның  сыры,  жазушының  өмір  сүріп  отырған  қатал  заманындағы  таптық  идеологиялық 
жағдайлар  мен  саяси  ахуалдың  өршіп,  оны  партияның  қалт  жібермей  аңдып  отыруынан 
туындаған  автордың  шарасыздық  тәсілі  еді.  Яғни  Абай  дүниетанымын  терең  танып  біліп 
отырған  М.Әуезов  зерттеулерінде  «нравственная  личность»,  «гармоническая  личность» 
деген  терминдік  сөздермен  атап  қана  өтеді.  Ал  бұл  ойларын  автор  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясында  көркемдік  тәсілмен  өткізіп,  таратып  келтіреді.  Абайдың  дүниетанымына 


110 
 
бойлаған  адам  бұл  жағдайды  «Абай  жолы»  эпопеясын  оқып  отырғанда  анық  аңғарып 
отырады.  Мысалы,  «Абай  жолындағы»  Бөжей,  Құнанбай  тартысы,  осы  күрестің 
Қарқаралыдағы  көрінісін  еске  алайықшы?  Бала  Абай  от  пен  судай  екі  мінездің  яғни 
қатігездік  пен  рахым,  шафағаттың  ортасында  қалыптасып  өсіп  келеді.  Әке  жолы  суық 
ақылдың, рахымсыз қаталдықтың өрісін танытса, халық анасы Зере мен Ұлжан әрі Абай нәр 
алған  парсы,  түркі  тіліндегі  кітаптардағы  гуманистік  ойлар  төркіні  рахым,  шафағатты 
аялайтын  нұрлы  ақылда  жатыр.  «Жолда»  тарауында  бозбала  Абайдың  Қарқаралыда 
Бөжейдің  батасын  алғанда  жан  дүниесі  тебіреніп  тұрып  мынадай  ойға  батады:  «Бұл  ой 
Абайға  ең  алғаш  келген  ой  еді  де...  және  тіпті  өз  ойы  сияқты  көрінді.  Анығында:  «ақыл, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет