Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ»



Pdf көрінісі
бет40/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» 
РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДА КӨРІНІС ТАБУЫ 
 
Аннотация:  Абай  мен  М.Әуезов  мұрасы  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Хакім Абайдың қазақ халқының рухани 
ұстазы ретінде танылып, әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналуы – оның өз мұрасы ғана 
емес, сонымен бірге М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең 
бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. 
Әдебиетіміздің  қос  алыбы  Абай  мен  М.Әуезовтің  шығармашылық  әлеміндегі  көркемдік 
тұтастық,  рухани  тамырластық,  дәстүр  сабақтастығының  сан  сала  арналарын  кеңінен  сөз  ету, 
екі  заңғардың  ойшылдық,  қоғамдық,  гуманистік,  суреткерлік  ортақ  қырларын  жан-жақты  ашып, 
дүниетанымының  өзектерін,  эстетикалық  танымдарын  талдау  барысында  Абай  дәстүрін 
анықтап,  ұлы  ақын  мұрасындағы  «толық  адам»  танымының  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясында  көрініс  тапқан  қырларын  жете  зерттеу  мен  зерделеу  мақаланың  негізгі  мақсаты 
болып табылады 
Тірек сөздер: толық адам, камили инсани, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек 
 
Абай  өз  шығармаларында  адам  болудың  талап-тілектерін  атап,  өзінің  гуманистік 
танымы  тұрғысынан  өскелең  ұрпақтың  адамшылық  негіздері,  бойға  ұялатар  қасиеттері 
қандай  болмақ  деген  ойға  ерекше  көңіл  бөледі.  Ақын  шығармаларында  өзекті  желідей 
созылып,  ғұмыр  бойы  танытуға  ұмтылған,  өмір  бойы  шарқ  ұрып  іздегені  –  толық  адам
Абайдағы  толық  адам  –  рухани  жетілген,  кемеліне  келген  адам.  Абайдың  толық  адам 
жайындағы  танымын  ғылыми  тілмен  оқырманға  тереңінен  түсіндіріп  берген  ғалым 
М.Мырзахметұлының  1982  жылы  жарық  көрген  «Мұхтар  Әуезов  және  абайтану 
проблемалары»  атты  монографиясында  алғаш  Абайдың  исламиятқа  қатысы  мен  мораль 
философиясына  қатысы  зерттеліп,  бір  ізге  түсіріледі.  Ғалым  сөзіне  ден  қойсақ:  «Адамзат 
қоғамы тарихында адамгершілік идеясы ғасырлар бойы күн тәртібінен түспей келе жатқан ең 
басты мәселелердің бірі – жеке адамның ақыл, мінез жағынан пісіп жетіліп, яғни толық адам 
болуы жайлы ойлар пікір күресін тудырып келуде. Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең 
асыл,  бағалы  нәрсе  –  адам  болса,  сол  адам  бойындағы  ең  басты  сипаттары  неден  тұрмақ 
дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келді. 
Бұл іспеттес тарихи сұрау Абай өмір  сүрген ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы 
ойшыл алдына да қойылды» [1, 230]. 
«Жалпы,  діни-философиялық  ойдың  даму  тарихында  «адам»  ұғымының  алатын  орны 
орасан  десек  те,  оны  белгілі  бір  жүйеге  түсіріп,  тиянақты  түсіндіруге  көш  басы  болған 
философ – Сократ. Абайдың толық адам туралы танымы сол Сократтан басталатын Платон, 


109 
 
Плотиндердегі сүюші сүйеніш, тірек еткен адам, қытайлардың дао іліміндегі әбден жетілген 
адам (совершенно мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камили инсани мен 
бенделіктің  кәмалаттығына  ұмтылған  адам  және  Ирандағы  жәуанмәртілікпен  сабақтасып, 
туыстасып  жатады.  Абайдың  адамгершілікті  жырлаудағы  ең  басты  жаңалығы  да  осы»  [2, 
259].  Абай  адамның  рухани  жағынан  кемелденіп  жетілу  жолында  толық  адам  ұғымын 
адамшылық сатысының ең жоғарғы басқышына қояды. Толық адам  – Абайдың армандаған, 
аңсаған  мұрат-мақсаттарының  ең  биік  қол  жетпес  асқар  шыңы.  Толық  адам  ғана  нұрлы 
ақылдың  иесі  бола  алмақ.  «Үш-ақ  нәрсе  –  адамның  қасиеті:  Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет