Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет56/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

қашан  тіл  қатар  екен?»  –  деп  сарылып,  сарғайып  күтеді.  Жар  дегенде  жалғыз  әкем  мені 
жек көрсе, енді мен кімге сыямын?» деп қайғырды» [2, 242].  
Ақбілек қанша қайғырғанмен, әкесі  қарамайды, қызы да күдерін үзіп, үй шаруасымен 
айналысады. 
Жеңгесі Ұрқия Ақбілекке жұрттың «орыстар не істеді екен, орыстан кейін не боп қалды 
екен?» деп ойлайтынын айтады. Ұрқияның өз ойы да осы болатын. Ақбілек жеңгесіне бастан 
аяқ баяндап береді. 
«Оңаша  болса:  жеңгесі  Қарашат  жайынан  оны-мұны  сұрап  қояды.  Ақбілек  дүние 
көрген  кісі  боп,  кейде  қарамұрттың  қылықтарын  асыңқырап  айтатын  да  болды.  Өткен 
күндер  бір  түрлі  жиренішті  болса  да,  айта-айта  жиренішті  жақтары  ұмытылып,  сұлу 
жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті» [2, 244].  
Кеше  ғана  арын  таптап  жұртқа  масқара  қылған  қарамұрт  туралы  Ақбілектің  кексіз, 
тамсанып  әңгімелеуі  туралы  Б.Майтанов  былай  дейді:  «Ажал  тырнағынан  құтылғанына 
қуанған Ақбілектің қарамұртты мүлде естен шығара алмауын көрсетуде көлгірсушілік жоқ» 
[1, 37]. 
Қайткенде  де  Ақбілек  Қарамұртқа  ызаланбайды.  Тіпті  Бекболат  келгенде  де  оның 
саусақтарын  Қарамұрт  саусақтарымен  салыстырады.  Сөйтіп  жүргенде  аяғы  ауыр  екені 
білінеді. Ақбілекке бұл жаңа дерт болады. 
Жазушы  әйелдер  психологиясын  жетік  біледі.  Ақбілек  ұзақ  азаптанып,  Көркембай 
кемпірдің  жаман  үйінде  ұл  босанады.  Бірақ  оған  қуанатын  Ақбілек  емес.  Аналық  сезімін 
туғанға  дейін  көрген  азап,  қорлығы  тұмшалап  тастағандай.  Кемпірге  баланың  көзін  жоғалт 
дейді. 


143 
 
«Ақбілек  те  Ескендірден  (сәбиін  білмей  тұрып)  қашқан.  Ұяттан  қашқан.  Моральдық 
фактор  үстемдік  көрсеткен.  Бәрінен  бұрын  өзін  сүйген.  Өзін  аяған,  әкесін,  жақынын  аяған. 
Ақбілек  бейнесі  сонда  да  тартымды.  Оған  себеп  –  жазушының  ұлттық  орта,  психология 
талаптарын айқын сезіне біліп, кейіпкерін жағдай мен мінез бірлігі тұрғысынан сенімді түрде 
суреттеуі» [1, 38].  
«Жығылған  үстіне  жұдырық»  дегендей  Бекболат  та  «екіқабат  екенің  рас  болса, 
түңілейін»  деп  хат  жазады.  Әйтпесе  ол  Мамырбайдың  бермеймін  дегеніне  қарамай 
Ақбілекке үйленбек боп жүреді. «Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы 
алданышынан  айрылғандай,  ойын  қара  тұман  басты;  кешегі  баладан  неге  өліп  кетпедім 
екен деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай көрді» [2, 283].  
Бұдан  кейінгі  Ақбілектің  өмірі  бес  жыл  өткен  мезгілден  кейін  шегініс  арқылы 
Кәмиламен диалог арқылы баяндалады. 
Ауылдағы  жанашыры  жеңгесі  Ұрқия  болса,  қалаға  оқуға  келген  соң  туған  жеңгесі 
Мағиша қамқоршы болады. 
Ақбілек  Семейде,  Орынборда  төрт  жылдай  оқиды.  Басқа  қыздар  секілді  жігітпен 
жүрмейді.  Жеңгесінің  ақылын  тыңдайды.  Жеңіл  жүріске  салынып  кетпей,  білім  алып 
шығады. Оған салмақтылық, шыдам, ерік-жігер керек. 
Ақбілек  әуелі  Ақбала  деген  оқығанға  көңілі  кетіп,  екеуі  үйленбек  боп  жүреді.  Бірақ 
Ақбала Ақбілектің  жағдайын естігенде бас тартады. Балташ деген оқыған жігіт Ақбілектің 
басынан өткенін білсе де үйленеді. 
Сенің  өткен  күндегің  маған  керек  емес,  адамшылығың  керек.  Өткенге  сен  жазалы 
емессің,  -  дейді  Балташ  [2,  313].  Ақбілек  Балташпен  некеге  тұруға  барғанда  баяғы 
Қарамұртты көреді. Ақбілек оған кештім дегендей басын изейді. 
Ақбілек  Балташпен  еліне  бара  жатып  жолда  бір  ауылға  түседі.  Кірген  үйлері 
Бекболаттікі боп шығады. «Бекболатпен жолыққан күндер замат көз алдына елестеп өтті. 
Әйтсе  де  өткен  күнге  өкінген  жоқ.  Бұрынғы  арман  қылатын  тұрмыс  енді  аяқ  астында 
қалғандай,  өзі  басқа  бір  жаңа,  жарық  дүниеге  көшкендей.  Бір  жоғары  көңіл  пайда  болды. 
Бекболат  бұрынғыдай  емес,  сақал,  мұрты  да  көбейіп,  бет-аузы  да  ажымданып,  бойы  да 
аласарып, қораш боп қалғандай көрінді» [2, 319].  
Ақбілек  бұрын  үйінде  жүргенде  Бекболатқа  қосылсам  деп,  көз  алдына  бақытты 
тұрмысты  елестетуші  еді.  Енді  уақыттың  өзі  оларды  қайта  жүздестіріп,  Ақбілектің 
жоғарылап кеткенін, Бекболатты менсінбейтіндей халге жеткенін көрсетіп отыр. 
Кезінде қорлық көріп, Ұрқиядан басқаға керек болмай кеткен Ақбілек енді оқыған, жар 
тапқан  әйел  боп  келе  жатыр.  «Ақбілек  Алтайға  шыққанда,  баяғы  апасын  өлтіретін,  өзінің 
абұйырын  алатын,  өгей  шешенің  қорлығын  шегетін,  Көркембай  кемпірдің  көр  үйшігінде 
жаны  көзіне  көрінетін,  алай-түлей,  қараңғы  күндер  барса  келмеске  біржола  кеткендей, 
анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей боп көрінді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, 
күнәдан құтылып сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын легенге салып 
жуғандай,  анадан  жаңа  туғандай  тәрізді.  Оның  жүрегін  жуып,  тазартқан  леген  –  аяулы 
жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді» [2, 320].  
Бұл  үзінді  –  роман  идеясы,  түйіні.  Ақбілек  оқудың  арқасында  жаңа  адам  боп  өзгерді, 
көзі ашылды, жар тапты. Бұрынғы күйіктен із де қалмады. 
Ескендірдің  өз  баласы  екенін  білгенде  Ақбілекті  аналық  сезім  балқытады,  өлтірмей 
алып  қалғанына  Ұрқияға  риза  болады.  Кейін  өз  қолына  алмақ  болады.  «Кезінде  көзін 
құрттыға санаған Қарамұрт  пен өзінен туған  баласы  – Ескендірге деген махаббат  – аналық 
ұлы мейірім шуағы. Қасірет тозағының аспанынан бақыт жұлдызы шыға ма? Әкесін сүймей, 
оның  перзентін  шаттық  көру  қандай  ғажап!  Түсініп  бағыңыз.  Адам  жаны  неліктен  төзімді, 
неге жұмбақ? Небір қияметті көтеретін адам жүрегі қандай берік?! Қаншама қайшылық бір 
адамның  жанына  қалай  сыймақ?  Керемет  қасіреттен  кейін  баянды  қуаныш  табыла  ма? 
Бүгінгі  қуаныш  кешегі  қасіретпен  қайтіп  үйлеспек?  Ақбілек  тағдыры  алдымен  осы 
тақылеттес жан жүйе болмысына тән кермек сауалдарды алға тартуымен нанымды» [1, 37]. 


144 
 
Жазушы  Ақбілек  бейнесіне  қатысты  оқиғалардың  бәрін  логикалық,  психологиялық 
дәлелдермен бере білген. 
Ақбілектің  аянышты,  ауыр  халін  бейнелеу  үшін  оны  аңның  әдемісі  құралайға, 
дәрменсіз  күшікке  теңесе,  төңірегіндегі  жұртты  қорқынышты  жан  алғышқа  теңеу  арқылы 
Ақбілектің қайғылы халін тереңдете көрсете білген.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1  Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: 1996. 
2  Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы: 1997. 
3  Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: 1997. – 224 б. 
4 Қирабаев С. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы. – Алматы: 1993. – 220 б. 
5  Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: 1989. – 588 б. 
 
ӘОЖ 821.512.122 
ҚАДЫРОВ ЖАНБАЙ ТҰРАРҰЛЫ 
ШӘРІПБАЙ ӘЛИЯ СӘКЕНҚЫЗЫ 
МАЛИКОВА АННА ИВАНОВНА 
М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
zhkadyrov_777@mail.ru 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет