141
Өріктің мінез – ерекшелігін ашуға қызмет еткен. Өрік ас салуға да шеберлік көрсетті –
дегенде кекесін мағына беру үшін қызмет етеді. Мәтіндегі да, де шылауын алып тастасақ
Өріктің мінезі толық ашылмайды, онда Өрік пысық, қолынан бәрі келетін жақсы кейіпкер
болып шыға келеді.
Өрік Ақбілектің аяғы ауыр екені білінгенде қуанғаннан жүрегі жарыла жаздайды.
«Бұ хабарды
естігенде, Өрік өлген байы тіріліп, екі баласы қолына тигендей қуанды. Дүниеде әйел бір-бірімен
өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді. Қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік,
жанды жерді аңдиды. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді» [2, 279].
Жазушы
Өрік мінезін аша отырып, оның қатігездігіне баға береді.
Ақбілек образы прозада негізгі кейіпкер ретінде жан-жақты ашылған. Жазушы Ақбілек
бейнесіне қатысты оқиғалардың бәрін логикалық, психологиялық дәлелдермен бере білген.
Ақбілек бейнесін С.Қирабаев пікірімен айқындауға болады: «Әрине, Ақбілектің бұл күйге
жетуі оңай бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей,
үлкен психологиялық образ дәрежесіне көтере білді» [5].
Негізгі кейіпкер Ақбілек – роман басында уайым-қайғысыз жүрген ерке қыз. «
Мамырбайдың
Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып,
былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл, жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді»
[2, 145].
Ақбілек екі кештің арасында бақытсыздыққа ұшырайтынын қайдан білген. Тауды
паналап жүрген қашқын ақтар Мұқаштың көрсетуімен Ақбілекті тауға алып кетеді.
Бірінші рет көріп тұрған өңшең орыстардың ортасында Ақбілек қара мұрт орысқа назар
аударады. «
Олар күліп жаңылдап отырғанда, төрде жатқан ұзын бойлы, аққұба, қара
Достарыңызбен бөлісу: