Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ



Pdf көрінісі
бет52/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

zhkadyrov_777@mail.ru
 
 
Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ 
 
Аннотация: 
мақалада 
Ж.Аймауытов 
шығармаларындағы 
әйелдер 
бейнесі 
қарастырылады.  Кейіпкер  мінез-құлқын,  ішкі  сезімін  білдіруде  дөрекі  эмоционалды  сөздер, 


139 
 
яғни  қарапайым  сөздердің  шебер  қолданысы  айқындалады.  Ақбілек  образы  негізгі  кейіпкер 
ретінде  жан-жақты  ашылып,  логикалық,  психологиялық  дәлелдермен  үлкен  психологиялық 
образ  дәрежесіне  көтеріледі.  Жазушы  Ақбілектің  сезімін  психологиялық  параллелизммен 
шебер  жеткізгені  нақты  мысалдармен  сипатталады.  Монолог  арқылы  Ақбілектің  ішкі 
арпалысы, тартысы көрсетіледі. 
Тірек сөздер: психологиялық параллелизм, психологиялық образ, кейіпкер мінезі, 
кейіпкер тілі, экспрессивтік-эмоционалды сөздер, диалог, монолог, қарапайым сөздер.  
 
Ж.Аймауытов  әр  түрлі  әйелдер  бейнесін  шеберлікпен  жасаған.  «Ж.Аймауытов 
сомдаған  әйелдер  бейнесінің  нанымдылық  күші  жоғары.  Жазушы  түсінігінде  әйелдер 
жақсылықтың  да,  жамандықтың  да  бастау-бұлағы.  Жазушы  негізінен  қазақ  жағдайындағы 
жаулық  жамылған  жандардың  тіршілік-дағдысын  сыйына  дәріптеу  орнына  сыни  көзбен 
мысқылдай, әшкерелей, сықақ ете суреттеуге бейім» [1, 39].  
Мысалы, «Саулы Бозінген» деген әйел оқиға желісінде Ақбілек ақтардан қашып келе жатып бір 
ауылға тоқтағанда көрінеді. «Бозінген» бүкіл ауылды құлақтандырып барып, Ақбілекті көруге келеді. 
Өзінің екіқабат боп ұзатылған Айтжанымен салыстырады. Күмсінай: 
- Барғанмен көре алмассыз, ұйықтап қалды, - деп еді, ол сөз Бозінгеннің құлағына бит шаққан 
құрлы кірген жоқ, қол-аяғы жерге тимей, шошалада сүт пісіріп жатқан қара кемпірге барып, көзін 
ашып-жұмып естіген хабарын айтты. 
Бит шаққан құрлы кірген жоқ – қарапайым тұрақты тіркес, ауызекі тілді жиі қолданылады. Бұл 
жерде Бозінген мінезінің бір қыры ашылады. 
Шапанының  өңірін  қайырып,  әдібін  көрді,  көйлегінің  сүйегін  байқады,  жеңсіз  камзолының 
жиегінің,  қалтасының  қақпағын,  кебіс,  мәсісін  –  бәрін  шұқылап  көріп  болған  соң,  маңдайына 
шашырай салбырап тұрған шашын ақырын сырғытып: 
- Өзі де қыз десе – қыз екен! – деп қорытынды шығарды. 
Шапаны биқасап, әдібі батсайы, жеңсізі дүрия, көйлегі бәтес екенін айтысып... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет