Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет64/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

психологиялық  салмағын  саралау  актіне  жалғасады.  Ақын  әр  адамның  жаратушы 
алдындағы теңдігін зерделегенде асқақ демократизм ұстанымын қолдайды. 
Ғылыми  әдебиеттерде  акмеистерді  бастапқы  уылжыған  дүниеге  ғашық  етіп 
сипаттайды.  Аманжол  Әлтаев  өрнектегендей  шың  басынан  «Күнге  қарай»  «құт  қадам» 
жасау. Табиғат тозаңсыз. Көркемдік мекеншақ жұмаққа жақын. Алайда мұндай бақыт Адам 
ата  мен  Хауа  анамызға  ғана  бұйырған.  Олар  бақытын  бағалай  алмағаны  аян.  А.Әлтаев 
«күнә» мотивін сана үдерісіне араластырмаған. Аңсайтыны -  тазалық, асқақтық. 
«Күнә  мотивін»  қолданған  ақындардың  бірі  Маралтай  Райымбекұлы  «Өзім  барам!» 
атты  жырында  әрекет  бағдары  белгілі  болғанымен,  алысқа  қомданған  көңілдің  алғышарты 
ашық айтылмайды. 
Өзім барам! 
Сол жаққа қарай-қарай көзім талған. 
Кез еді талған Ертөстіктей, 
Құсадан жер бетілік мезі болған. 
Мұнда  жердегі  хикметтен  жалығушылық,  бәрібір  күмән  тудырмайды,  ақын  «күнә 
мотивін» өзіне қатысты қолданады. Ақын тұлғасын соншалық мінсіз санамаған. Оны сонда 
да пайғамардың қатарынан көруге ұмтылады. Өйткені екеуіне де  «өмір тар». Бұл пікірді де 
пайғамбарға байланысты үйлестіру қандай дәлелді екенін пайымдау оңай емес. Шайыр басқа 
уақыт  пен  кеңістіктен  өзіне  жақын  адамдарды  табарына  сенімі  мол.  Жұмақ  мотиві  үстем. 
Ол  қиянда.  Тіршілікке  базынасы  бардың  бәрі  де  жұмақты  аңсайды.  Лирикалық  қаһарман 
сонда    өзін  еркін  ұстайды.  Мұндай  акмеистік  сарындағы  туындысында  А.Әлтаевтың 
лирикалық  қаһарманынан  іркілу  мен  тартынушылық  байқалса,  М.  Райымбекұлының 
кейіпкері  өктем.  М.  Райымбекұлының  назасынан  қоғамдық  кінәраттар  әрі  жекелік  айып 
сарыны байқалса, А.Әлтаев та өзгелерге қатысты екіұдай көрініс бермейді. Сонда да оларға 
рухани  мәселелерге  ем  табу  үшін  басқа  уақыт  пен  кеңістік,  тосындық  болжам  бойынша 
тартыссыз орта қажет болған [6,53]. 
Ілияс Мұқаевтың өлеңдерінде де сәтті шумақтар асып-төгілмесе де кездеседі. 
Қайыңмен, гүлмен, бәрімен сырласқам, 
Олар да емес жігерлі. 
Есіңе ал, - деп ем – өткенді,  
Мұңлы аспан 
Көз жасын төгіп жіберді. 
Бұл  жолдардан  аңғаратын  негізгі  мотив  өткен  өмір  болса,  ақын  өткен  шақтың 
трагедиялық  табиғатын  көз  жасын  төккен  аспан  арқылы  бейнелейді.  Бейнелі  тіркестер 
қозғалыста барынша жандана түскен. 
Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  мотивтердің  қолданылу  сипатын  қарастырдық.  Мұндағы 
түйгеніміз,  поэзия  жанрын  зерттеуде  еніп  келе  жатқан  термин  «мотив»  туралы  түсінік 
қалыптасты. Ендігі кезекте күтіп тұрғаны мотивтік талдаулар, мотивтік қатар, мотивтік жүйе.  
Мотивтік  талдау  поэзияны  ерекше  бір  қырынан  көруге  септігін  тигізері  анық.  Мотив  – 
қозғау,  ал  поэзиядағы мотив    -  ойға  қозғау  салу,  идеяға  қозғау  салу.  Ол  кішкентай  бөлшек 
болсын,  ең  кіші  сюжет  болсын,  тіпті  бір  ғана  сөз  болсын  поэзиядағы  айтпақ  болған  ойды, 
жеткізбек  болған  идеяны    қозғап  тұрады.  Бір  көркем  туындының  дүниеге  келуіне  арқау 
болады десек те артық айтқанымыз емес. Сондықтан да поэзияны мотивтік тұрғыда талдау 
әрі  қарай  ізденуді  талап  етеді.  Поэзия    дегенде  елең  етпейтін  жүрек  болмас,  өйткені  ол 


162 
 
жүректен туындайтын дүние болғандықтан, жүректерге жетіп жатады. Сондықтан да көркем 
туындыларды зерттеу әрбір талапты жастың қызығушылығын арттырары анық. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Веселовский А.Н. Историческая поэтика /  Вступ. ст. И.К. Горского; Сост., коммент. В.В.Мочаловой.  – 
М.: Высш.шк., 1989. – 406 с.  
2 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208б. 
3 Қaзaқстaн. Ұлттық Энциклопедия. 6 том. – Алмaты: Қaзaқ Энциклопедиясы, 2004. – 696 б. 
4 Ахметов З., Шaңбaев Т. Әдебиеттaну. Терминдер сөздігі. – Алмaты: Анa тілі, 1998. – 232 б. 
5 Ержанова С.Б. Қазақ поэзиясы тәуелсіздік тұсында. Оқу құралы. – Алматы: Білім, 2010. – 320 бет. 
6 ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті (2001-2011жж.). – Алматы: «Арда», 2011. – 640 бет . 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
НУРЖАКСИНА МАХАБАТ  ҚАРАТАЙҚЫЗЫ 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік  университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
makosya_06@mail.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет