Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет83/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Айналайын-ай,  қандай  бауырмал  едің!–  деп  Несібелі  Шынардың  бетінен  сүйді.  –
Өмірің өссін, қарағым. (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). 
Баланың  кескініне  және  тұрпатына  қарап  “кішкентайым”,  “қара  шұнағым”,  “тәттім”, 
“шыбыным” деп сын-сипатын білдіретін еркелету сөзі бар. 
Баласының әрбір қылықтары басқаға ұнамаса да, өзінің көзіне сүйкімді болып көрініп, 
әрбір  жасаған  қылығы  үшін  ана  оны  еркелетеді.  Бұзақылығы,  тентектігі  өзіне  ерсі 
көрінбегендіктен оны “тентегім”, “бұзығым” деп те жақсы көрген.  
Ана жүрегі кең, ана өзінің мейірімімен, жылуымен, сөзімен өзіне әр адамды баурап ала 
алады.  Ақыл  кеңесімен  түзу  жолға  салады,  балаға  жылы  шыраймен  қарағанның  өзі  күннің 
шуағына  жылынғандай  болады.  Ана  аспандағы  күн  сияқты  бәріне  ортақ  нұрын  шашып 
тұрады. Жазушы осы жолдарда ана жүрегінің кеңдігін, шексіз екенін терең бейнелейді. 
Ғ.  Мүсірепов  әйел  жанына  тән  көркемдік,  даналық  әлемін  әйелдің  өн  бойына 
жинақтаған.  Демек,  қазақ  әйелінің  дүниетанымы,  табиғи  ұстанымдары,  өмір  сүру  болмысы 
басты  образ  арқылы  бүкіл  қазақ  елінің  табиғатын,  адамдардың  түрлі  қарым-қатынасын, 
әлеуметтік  ортаның  қатысымдық  сипатын  білдіреді.  Көркем  мәтінде  кейіпкер  тұлғасының 
шебер  бейнеленіп,  ашылуы  оларды  жанды  әрі  сенімді  етіп  көрсетеді,  жазушы  өзінің 
туындысындағы кейіпкерлердің шынайылығына сендіреді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Гордон А., Мужское и женское в языке. Интернет, http:// babcedavka. nihny.  ru/ philosophy- 013.  html. 
2  Крючкова  Т.Б.  К  вопросу  о  дифференциаций  языка  по  полу  говорящего//  Восточное  языкознание,  –
Москва, 1976. с.19- 26. 
3 Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. – Алматы: Жазушы. 1980.  
4 Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. – Алматы: Роман. 1962, 592 бет. 
5 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. -  Алматы, 1999, 195 б. 
6 Мүсірепов Ғ. Ұлпан:Роман. – Алматы: Атамұра,  2003 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
ТУРГАНБЕКОВА АСЕМГУЛЬ ТОКТАМЫСОВНА 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 
  Павлодар, Қазақстан  
aktogai0305_@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет