Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет86/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

және  жез  тырнақты  зұлым  шайтан.  Жезтырнақтың  жойқын  күші  және  өте  қатты 
дауысы бар, өз айқайымен ол құстарды және кішкентай жануарларды да өлтіріп жібереді. 
Жезтырнақты  жеңген  аңшылар  жайлы  мифтер  сақталып  қалған.  Соның  біреуі  бойынша 
кеш  қарая  аңшылар  отының  басына  аңшы  тамақты  бөліп  жеуге  шақыратын  жас  әйел 
шығады.  Тамақ  ішу  барысында  оның  қолын  жеңімен  жауып  отырғанын  көрген  аңшы 
алдында отырған жезтырнақ екенін сезеді. Ол кеткен соң аңшы от басына бөрене тастап 
өз  киімімен  жабады  да,  өзі  қаруын  алып  ағаш  басына  шығып  кетеді.  Түнде  жезтырнақ 
қайтып оралып бөренені шаба бастағанда аңдып отырған аңшы көздеп тұрып шайтанды 
атып  түсіреді.  Осыған  ұқсас  мифтер  қырғыз  халқында  да  джез  тырмак  немесе  джез 
тумшук  деген  атаумен  жиі  кездеседі.  Ұқсас  оброздар  түмендіктерде  (шулбус)  және 
буряттарда (му-шубун) бар) [6,212]. 
б)  Пірлер:  Ерте  заманда  қазақтар  кез-келген  заттың,  малдың  да  пірлері  болады  деп 
ұққан. Мысалы, қойдың пірі – Шопан ата, түйенің пірі- Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар 
ата,  сиырдың  пірі  –  Зеңгі  баба,  қойдың  көсемі  –  Сексек  деп  білген.  Міне,  осы  пірлерге 
сиынып, малының көп болып өсіп-өнуін тілеген [13,297]. Сол сияқты өзге де жаратылыстың 
пірлері Ұмай ана, Баба түкті Шашты Әзиз т.б 
2.  Мифотопонимдер  –  адамзат  шынайы  бар  деп  елестеткен  жер-су  атаулары  [5,84]: 
Сорқұдық, Шыңырау, Сумер тауы, Сүткөл, Тамұқ, Ұрмая (Кәусар - (арабша мол), мұсылман 
мифологиясындағы  жұмақта  ағатын  бұлақтардың  бірі.  Құранды  зерттеушілер  әдетте 
оның  суы  «қардан  ақ  және  балдан  тәтті»  –  дейді.  Құранның  ескі  нұсқасында  алтын 
көпірлердің  арасында  тұңғиықта  ағатын  рубиндер  мен  інжулерге  малынған  су.  Тағы  бір 
нұсқа бойынша жұмақтағы барлық өзендер Кәусарға келіп қосылады) [6,277]. 
3.  Мифокосмонимдер  -  аспан  денелерінің  атауларының  шығуына  байланысты 
қалыптасқан атаулар. Мысалға: Үлпілдек, Қыран. (Ертеде Қыран атты жігіт пен Үлпілдек 
деген қыз көңіл жарастырмақ болып келе жатса, алдарынан Жетіқарақшы шығып қызды 
ұрлап, ешкім жете алмасын деп, көкке алып кеткен деседі) [14]. 
4.  Мифофитонимдер –адам санасында болуы мүмкін деп саналған мифтік қасиетке ие 
өсімдік атаулары [5,84]: Зәулім бәйтерек, Көктікен, Бақыт ағашы 
5.  Мифозоонимдер  –а)  шынайы  өмірде  кездеспейтін  жануарлар  атауы  [5,84].  Жеті 
басты айдаһар, Абжылан, Кер Балық, Жұтпа, Делбеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет