“Жаратқанға” қатысты сөздерді жиі айтады. Қатты қуанған сәттерінде жылап та алады.
Мысалы:
–Құдай-ау, аузы-мұрнынан шығып толып тұр ғой! Әйелдер екі сандыққа кезек-кезек жүгіріп естерінен танып қалды (Ғ. Мүсірепов. “Ұлпан”). Әйелдердің қуанып жатқанын, я мұңайып тұрғанын ажырату қиынға соғады. Мысалы: Мүсіреп келіп жеткенде Ұлпан әлі көз жасын тия алған жоқ еді. Ықылықтап, өксіп қалады. Құдай-ау, не болды маған?... Мүсіреп иттеріне де, қасқырға да бұрылмай Ұлпанның қасына келеді (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). Барлық жастағы әйелдер қорқыныш пен қайғыны, қуанышты еркін білдірсе, ерлер
мұндай эмоцияның түрлерін жасырады. Әйел адамдар эмоцияға тез беріледі. Өз ойын бірден
жеткізіп, әрдайым пікірін білдіріп отырады.
Қазақ әйелдеріне тән қасиеттердің бірі – ұялу. Ал қазақ халқы үшін, әсіресе қазақ
әйеліне ұят ең алдыңғы қатарда тұратын қасиеттің бірі. Қазақ халқы қыз баласының
тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Себебі әр қазақ болашақ ана, адал жар тәрбиелеу барысында
қыз баланың әрбір қылығына үлкен мән берген. Өзге адамдармен тілдескенде де қыздарға
ақырын сөйлеп, ер адамдарға қарсы қаратып отырғызбаған. Егер әйел адам ерсі қылық
көрсеткен болса, жақсы жолға түсіру барысында “ұятсыз”, “көргенсіз” сөздерін тәрбие
құралы ретінде пайдаланған.
Мысалы: –Не дейді!? “Ойбай-ай, көргенсіз-ай!” –Елімнің жер суын, бала шағасын көре жүрейін де, – деді Ұлпан даусын азғана жұмсартып. – Әрі әкетіңіз (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). – Жоғал көргенсіз сотқар! – деді Ұлпан. Үй ішінде екі жерде жанып тұрған бестік шамдардың әлсіз жалыны қаша жөнелгісі келгендей есікке қарай бұлқына жапырылады (Ғ. Мүсірепов “Ұлпан”). Ерлер мен әйелдер қоғамда болып жатқан жағдайларға, оқиғаларға түрлі әсер алып,
одан әр түрлі қорытынды шығарады. Ондай ерекшеліктердің бірі – aшулaну, ренжісу, дaу-