Сары аурудың сандырағындай соңғы сағым толқынданып, күйшіге шәйі орамал
бұлғады («Қараой», 33б.). Бір құбылыстың белгілері негізінде екінші құбылыстың
белгілерін, сезімдерін ашу. Бұл реттет еңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып,
шығармадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай. Сары аурудың
сандырағындай. Адам сары аурумен ауырғанда, денесі қызып, сандырақтайды, оның санасы
бұлдырлаған тұманға айналады. Сол сияқты адамның сағымы да бұлдыр-бұлдыр болып
келеді,адам басынан кешкен сағымы үзік-үзік елес сияқты болады.
Сонымен қатар, жазушы шығармаларынан көңілді көтеріп, сезімді селт еткізер
бейнелі, жанды суреттерді кездестіруге болады.