1) -дай, -дей, -тай, -тей арқылы жасалған теңеулер:
Бейне дым қылшаң жұтқандай, көкірегі ашып барады («Сарыжайлау», 27б.).
Балға қосылған уды ішкендей, уылжыған іші өртеніп барады («Сарыжайлау», 35б.).
Автор осы теңеулер арқылыадамның жан дүниесінің күйінішін, адамның шаң
жұтқандай, тұншыққан қалпымен салыстырады, ал уды ішкендей, яғни Тәттімбеттің іші
Сарыжайлауды есіне алғанда бір өртеніп, бір ашиды. Естеліктерінің тәтті де, ащы да
жақтары бар екендігін түсінеміз.
Той осы бақтың ішінде болды.Көпті көріп көнектен өткен бәйбішедей кәртаң бақ жүз қаралы адамды қабылдады («Құлқын»,148 б.). Бұндағы теңеу көнектен өткен бәйбішедей бақтың қаншалықты ескі және көпті көргендігін анықтап тұр.