нәпсінің тілі, ғашықтық оты, ғашықтық дерті, жер желіні, ғылым шамы, адамзаттың
мәуесі, таңның құзғыны, күннің шырағы, олар әр алуан мағынаны дәйектеп түсіндіреді.
Құзғыны ұшты таңның алауланып,
Шырағы күннің шықты жерден жанып...
(Мұса Байзақов, "¥ры мен жолбарыс").
Метафоралар әлем туралы тұжырымдауға көмектесе отырып, әр түрлі құбылыстар мен
заттар арасындағы ұқсастықтарды дәйектеуге, соның негізінде жиналған білім мен
тәжірибені бір саладан екінші салаға ауыстыра қолдана білуге мүмкіндік береді, сондықтан
оның табиғатын ғалымдар «когнитивтік санадағы логикалық операциялардың динамикалық
көрінісі, ой тудыру моделі» деген анықтама негізінде түсіндіре талдайды [3, 25].
Көптеген тұжырымдар, ойлар сезімге негізделеді, олар көбіне метафора арқылы көрініс
табады. Сол себепті көзге көрінетін әлем туралы деректерді метафораның көмегімен көзге
көрінбейтін ұғымдарға ауыстыруға болады. Өйткені тек образ ғана кез келген ой түйінін
артық сөзсіз, нақты сипаттай алады.
Әр метафоралы қолданыс сөздер мен мағыналардың таңданарлық тіркесін құраумен
бірге, хабар берудің де, мәлімет жеткізудің де ерекше тәсілі бола алады. Сондықтан
когнитивистер оны адамға тән ұғымдық жүйенің маңызды бөлігі, ойлау әрекетінің ажырамас
көрсеткіші және лексикалық қорды толықтыру амалы деп айқындайды. Метафоралану
218
процесі адамның бойындағы образды ойлауға, оның шығармашылық қабілетіне тікелей
қатысты болғандықтан, адам бейтаныс әлемді қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар
нақты және абстрактылы объектілер арасындағы ортақтық белгілерді есепке ала отырып, әр
алуан сезім мүшелері арқылы заттарды танып айқындау мүмкіндігіне де ие болады. Демек,
метафоралану кездейсоқ жүзеге асатын үдеріс емес, ол белгілі бір объективті және
субъективті заңдылықтар мен факторларға бағынған өзгешелік болып табылады.
Концептуалды метафора өзіне қажет материал мен дереккөздерін көпшілікке танымал
салалардан, мағыналардан ала алады, сол арқылы оның өз ұстанымдары мен қағидалары
қалыптасады.
Метафора қажеттілігін өтеудегі белсенділігі тілдік жүйеде байқалады. Метафораның
тілдік сипаты туралы Б.Қасым: «Тілдік метафоралар – туынды сөздерде метафоралық
қасиеттер күңгірттеніп, соның нәтижесінде жаңа лексемалардың пайда болуы. Метафора
аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді», -
дейді [4, 65]. Метафораның басты шарты – ұқсатудың заттың сан қырлы белгілеріне: түр,
түс, пішін, көлем, қасиет, қызметке негізделетіні де тілші еңбектерінде айтылады.
Метафора қызметін ұлттық танымдық болмысымен де байланыстыра саралау
мүмкіндігі мол. Бірқатар сөз жекеше тұлғада тұрып-ақ көптік ұғымды білдіре алады.
Нұртуғанның «Қарасай-Қази» дастанында: Қалипаның Қарасайға айтқаны: Қарасай топырақ
жасын берсін саған, Жеткерсін жаратқан хақ талабыңнан! – деп жырлайды. Мұндағы
«топырақ жасы» тіркесі көптік категорияда қолданылып, адамзаттың өмір жасымен
байланыстырып, танымдық метафора жасап тұр. Жан лексемасы танымдық метафораларды
жасауда өте белсенді. Жанайқай, жанкүйер, жаназа, жансерік, жансарай атауларының
жасалуында құрастырушы сыңарлардың астарындағы пайым, түсінік өзге бір жаңа
ұғымдарды тудыруға арқау болған. Мағына жүгін арқалаушы «жан» ішкі дүние, дем беруші
рухани күш ретінде өзге сөздермен тіркесе отырып метафораланған. Мысалы: ішкі рухани
дүние жансарайы аталымында рухани дүние «әсем де салтанатты, ерекше ғимарат, зәулім»
сәулет ескерткіші сараймен ассоциациялы ұқсатылады. Ал, жансауға тілдік бірлігінде сауға
сөзінің сөздіктегі лексикалық мағыналары «а) соғыстан түскен олжадан не ауланған аңнан
берілетін сый; ә) араша мағынасында» [5, 716].
Прагматикалық
мақсатта
қолданылған
метафоралар
эксперессиялығымен,
бағалауыштығымен ерекшеленеді. Бірліктердің бейнелілігі тіл қолданушының бағалауынан
метафоралы қолданылатын аталымдар әр түрлі көңіл күйде, мақсатта жұмсалады. Тілдік
қолданыста, әсіресе метафоралануда белгіленген стандарттан ауытқушылық көбінесе
жағымсыз мағынаны тудырады. Мысалы: «Кенжеғара өзі де сол арамтамақтардан құтылуға
асық еді» (Ғ.Мүсірепов). Арамтамақ аталымы жағымсыз мағыналы бірлік. Тіл қолданушыға
стандартты жағдай «тамақтың адалдығына» қарама-қарсы «тамағы арам» ақпараты
уәждемелік белгі ретінде адам мақсат-фрейміне ауысады.
Бейнелі бағалауыштық метафораларға экспрессиялық та тән болады. Мысалы:
«Қатыны өлген қаңғыбасқа тигені несі?» деді жұрт сонда» (Ш.Мұртаза); «Үлкен ағамның
үйленгеніне аттай сегіз жыл. Бір шикіөкпе дегенге зар еңірейді» (М.Мағауин). Қаңғыбас,
шикіөкпе аталымдары қолданысында әртүрлі эмоциялық-экспрессиялық реңк бары
байқалады.
Образдылық көбінесе сөздің өзінің тура мағынасынан көшіріп, ауыспалы мәнде
жұмсауда жақсы танылады. Бұл – метафора, перифраз, аллегория, символ тәрізді амалдармен
жүзеге асады. Метафора – затты не құбылысты өзіне ұқсас сөзге зат не құбылысқа балап,
солардың атымен ауыстырып атау... [6, 130], - деп ғалым Р.Сыздық атап көрсеткендей,
метафоралану процесінің өзі танымдық әрекеттің негізінде бұрыннан таныс сөз
мағынасының ауысуы арқылы жүзеге асатындықтан, нәтижесінде әр түрлі концептуалды
салалардан жинақталған құрылымға сүйенген жаңа ментальды кеңістік қалыптасып
орнығады.
Бүгінгі күні когнитивтистер адамның концептуалды жүйесі оның «ойлау жүйесіне
орнатылған» конвенсионалды метафоралық жобалардан құралған деп есептейді, соның
219
арқасында адам автоматты түрде және керек кезінде оларды «сана арқылы шығарып алу
қабілетіне ие болады, демек, жадыда сақталған деректер сөйлеушінің ұлттық танымының
аэырамас бөлшегін құрайды» деген қорытындыға келді [7, 25].
Аталған ұғымдар тіл мен танымның өзара тығыз байланысқан табиғатын сипаттаумен
қатар, лингвистикалық зерттеулердің өзекті де маңызды бағыттарын жаңа қырынан талдап
түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сөздердің когнитивтік аспектіде зерттелуін интерактивті әдіс арқылы, яғни
метафоралануға негіз болатын нысан мен оның екіншілік атауының арасындағы байланысты
анықтау арқылы олардың табиғатын зерделеуді ұсынады. Осы әдісті пайдалана отырып,
төмендегідей белгілерді анықтауға болады:
- метафоралы ойлауда басты және қосымша субъектілер болады;
- бұл субъектілерді жүйе ретінде қарастыруға болады;
- метафора механизмінде басты субъектіге ассоциациялы жасырын (имплицитті)
мағына үстелінеді;
- бұл жасырын мағыналар қосымша субъектімен байланысты жалпыға белгілі
ассоциациялар, ал кейбір жағдайда жеке авторларға ғана тән ассоциациялар болуы мүмкін.
- метафора көмекші субъектілердің белгілерін имплицитті (жасырын) түрде өзіне
қабылдайды. Осыған сәйкес, метафора басты субъектіге тән белгілі бір қасиеттерді
ерекшелеп, енді бірлерін кейін ысырады;
- бұл сөз мағынасының өзгеруіне әкеледі;
- мағына өзгеруіне қойылатын талап, ереже жоқ. Соған сәйкес метафоралардың
әрқайсысы өзгешелігімен ерекшеленеді.
Метафоралар екі нысан арасында жүргізілетін әрекет ретінде танылады. Олар
күнделікті өмірде жиі қолданылады. Когнитивистер метафораны когнитивтік феномен
ретінде бағалайды, яғни адам өзіне етене таныс, нақты заттар арқылы дерексіз ұғымдарды
ойлап шығарады. Адам ойлау қабілетінің тілге қатысты төрт ерекшелігін американ
ғалымдары Дж.Лакофф пен М.Джонсон көрсетеді:
1) Адам ойлауында және танымдық жүйенің құрылуында адамның сыртқы әлемді
танудағы физикалық және әлеуметтік тәжірибесі басты рөл атқарады. Осы ретте,
«тәжірибені» кең көлемде, яғни тарихи, әлеуметтік, лингвистикалық параметрлерді және
перцептуалды (қимыл-әрекет, қозғалыс) әрекеттерді есепке ала отырып түсіну қажет.
2) Ойлауда бейнелер арқылы метафора метонимия күнделікті тәжірибелік дәлелі жоқ
ұғымдарды таңбалайды.
3) Ойлау гештальттік (құрылымдық) сипатқа ие.
4) Ойлау экологиялы, яғни қоршаған ортаны қабылдаудағы тәжірибеміз бен абстрактілі
ұғымдар өзара байланысып жатады
Кез келген халықтың өмір-тіршілігі белгілі бір кеңістікте көрініс тауып, оның тілінде
таңбаланады. Сондықтан сөз өзінің номинативтік функциясымен қатар, оған тән ұлттық-
мәдени таңба ретіндегі танымдық қызметімен де ерекшеленеді. Сөздің дәстүрлі атауыштық
қызметінен белгілі бір объект және осы объектіні сипаттайтын белгілер таңбасына ауыса
алатыны бұлардың өн бойындағы экстралингвистикалық ақпараттың жоғары деңгейде
шоғырлануымен түсіндіріледі. Көбіне-көп ол ұлттық-мәдени, тарихи және тағы да басқа
ассоциациялардың кешенді түрде көрініс табуымен байланысты екенін когнитивистер
баяндайды.
Метафора өзге тәсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді. Когнитивтік көзқарас
шеңберінде метафоралану әрекеті адамның білім қорына жасаған операциялары деген
пікірлерді ғалымдар келтіреді. Метафора құрылымдық үлгі ретінде қарастырылады.
Ғалымдар ұсынған фреймдер мен сценарийлер туралы түсінік метафораның жасалуын
түсінуге баспалдақ болады. Адамның қажетіне қарай пайдаланар ақпарат сол құрылымды
еске түсіру арқылы сана қалтарысынан алынады. Метафорада жинақталған білім арасында
ауысу жүргізілгендіктен, ұқсату әрекетіне қатысып тұрған нысандарды фрейм деп
қарастырады. Фреймді олардың санадағы беретін ақпараттар жиынтығы ретінде тануымыз
220
керек. Фрейм метафораға қажет таңбаны ұсынады. Таңба ұқсастық нәтижесінде мақсат –
фреймге ауысады. Бұл ауысуға себеп болатын ұқсату. Ол адамның санасындағы нысандар
бейнесін елестету, еске түсіру арқылы жүзеге асады.
Мәдениет пен өркениеттің, тілдік құбылыстардың дамуы, тілдің қызметі мен мәні –
бұлар қоғамдық тұрғыдан алғанда біркелкі болып көрінбеуі мүмкін. Тіл – өзіне ғана тән
заңдылықтарға сүйене отырып, пайда болып дамитын таңбалардың жүйесі. Ұлттық мәдени
ерекшелік
сөз
мағынасының
өн
бойында
көрініс
табады.
Метафораларды
лингвокогнитологиялық аспектіде зерттеу олардың өзара байланысын анықтауда маңызды
саналады. Ұлттық мүддеге негізделген таным мен түсінікті тілдік құралдар арқылы анықтау
пайымның деңгейінде жүзеге асады.
Әлемнің тілдік бейнесінде болмыс құбылыстарының дәл суреттелетіні, ал онда
шындық болмыс жайлы стихиялы түрде қалыптасқан көзқарастар қарастырылатыны
түсінікті. Әлемнің тілдік бейнесі екі негізгі қызмет атқарады: дүниенің ғылыми бейнесінің
негізгі элементтерін білдіреді; тілдік тәсілдердің көмегімен әлемнің ғылыми бейнесін
түсіндіреді. Түрлі тілдерде әлемнің тілдік бейнесі өзгеріп отырады. Бұл тек адамға ғана
қатысты экспрессия, модальдік, эмоция және т.б. құбылыстар болып көрінгенімен, оны
айнала қоршаған дүниенің әр ұлт өкілінің өзіне тән ерекшеліктерімен қабылдайтынын
түсіндіруге болады.
Метафора – болмыстағы белгілі нысанның сыртқы не ішкі ұқсастығының болуынан
атауларлдың ауыспалы мағынада жұмсалуы. Сөздің мағыналық құрылымының дамуымен
байланысты метафоралық құбылыстар мен олардың лебіздегі қолданысына өзгешеліктер мен
айырым белгілер болатыны анық. Метафора құбылысының лебіздегі орны ерекше, мағынаны
кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданысын туғызатын – осы тәсіл.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы және дамуы. –Алматы:Ан Арыс, 2007. – 310 б.
2 Краткий словарь когнитивных терминов //Под общей редакцией Е.С.Кубряковой. –Москва, 1996. – С.
245.
3 Әмірбекова А. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев
поэзиясы бойынша). //Филология ғылым.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты. –Алматы, 2006. –30.
4 Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. –Алматы: 2001. –205 б.
5 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс,
2008. – 968 б.
6 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. –Алматы: Санат, 1997. –224 б.
7 Шаймерденова Н., Авакова Р. Язык и этнос. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. – С. 248.
ӘОЖ 801.4:804.435
ҚАЖАҚПАР ӘЙГЕРІМ ЕРМЕКҚЫЗЫ
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Көкшетау, Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |