Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


латын графикасына көшіру туралы» Қаулысымен қабылданды. 2018 жылғы 19



Pdf көрінісі
бет110/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

латын графикасына көшіру туралы» Қаулысымен қабылданды. 2018 жылғы 19 
ақпан № 637 қаулысымен  Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақ әліпбиін 
кириллицадан  латын  жазуына  аудару  туралы»  жарлыққа  өзгерістер  енгізіп 
әліпби нұсқасы жаңа редакцияда қабылдады.  
Нәтижесінде  латын  графикасына  төл  тілімізді  негіздеуге  жауапты  заңды  тұлғалар 
анықталып, комиссия жұмысын бастады. 
Аздаған  уақыт  аралығында  ресми  түрде  латын  графикасына  негізделген  қазақ 
әліпбиінің  үш  нұсқасы  көпшіліктің  талқысына  ұсынылды.  Біріншісі  –  25  таңба  мен  сегіз 
диграфтық  символ  және  екіншісі  –  32  таңбалық.  Оның  ішінде  9  таңба  апостров  жүйесімен 
бейнеленген, үшіншіде – 32 таңба (акут таңба мен диграф). 
Алғашқысы  қоғамдық  қызу  талқыға  түсіп,  жүздеген  ұсыныстар  берілді.  Әсіресе, 
сингормониялық  типті  қазақ  тілінің  төл  ә,ө,ү  дауысты  дыбыстарын  ае,ое,ие  диграфтармен 
берілуі қоғам мүшелерінің түсініспеушілігін тудырды. 
Осы ұсыныс туралы 2013 жылы-ақ Қазақстан Республикасының тіл білімі, ақпараттық 
технология  саласының  ғалымдары,  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары  мен 
профессорлық  құрамы  «Қазақ  әліпбиін  латын  қарпіне  көшірудің  өзекті  мәселелері»  атты 
республикалық  ғылыми-  практикалық  конференцияда  фонетист-ғалым  З.Базарбаева: 
«Ұсынылған жобалардың ішінде қазақ тіліндегі төл дауыстылар  әріптердің қосындысымен 
берілгендері  де  бар:  мысалы,  ә  таңбасы  ае  әрпімен,  ө  таңбасы  ое  әрпімен,  ү  таңбасы  uе 
әрпімен,  қ  таңбасы  кh  әрпімен,  ғ  таңбасы  gh  әрпімен  беріледі.  Дегенмен  аталмыш 
фонемаларды  қосынды  әріптермен  бергенде  мәтіндердің  көлемі  көбейіп,  тілдің  негізгі 
үнемдеу  принципіне  қарсы  шығады.  Сондықтан  қосынды  таңбаларды,  диграфтарды  алмау 
керек. Диакритикалық таңбалар да мейлінше аз болу керек» деп қарсы пікір білдіреді [1,69]. 
Ресми  ұсынылып  отырған  екінші  нұсқада  қазақ  тілінің  төл  дыбыстары  мен  кей 
универсал  дыбыстар  ә/а',  ғ/g',  и,й/i',  ң/n',  ө/o',ш/s',  ч/c',  ұ/u',  у/y'  үтір  дәйекшелі  яғни 
апострофпен таңбаланған. Әліпби нұсқасының үштен біріне жуығы апострофке негізделген. 
Жалпы графикалық таңба саны – 32 әріп. 
Үшінші нұсқада да 32 таңба.( 6 акут таңба мен 2 диграф) 
Адамзаттың  тілі  –  дыбыстық  тіл.  Яғни  қарым-қатынас  құралы  дыбысқа  негізделген. 
Басты  бірлік  –  дыбыс.  Қазақ  тілі  де  ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  ретінде  беріліп  келе  жатқан 
мұра, өзіндік дыбыстық құрамы мен жүйесі бар. 
Бүгінгіге  дейін  әр  жылдары  жарық  көрген  қазақ  тілі  оқулықтарында  дыбыс  құрамы 
біріздендірілді  деп  айта  алмаймыз.  Орта  білім  жүйесінде  12  дауысты,  26  дауыссыз  дыбыс, 
жалпы  дыбыс  саны  –  38  деп,    кей  оқулықтарда  37  дыбыс:  12  дауысты,  25  дауыссыз  деп 
анықталады.  Жоғарғы  оқу  орнының  білім  бағдарламасында  11  дауысты,  25  дауыссыз  деп 
анықталады.  Мәселен,  Н.Оралбаева,  Ғ.Мадина,  А.Әбілқаев  Қазақ  тілі  (практикалық  курс) 
оқулығында 38 дыбыс, оның 12-і дауысты, 26 – дауыссыз дыбыс [2,8-13]. Кірме дыбыстарға 
э, и, у, в, ф, ч, ц жатқызамыз. 
Қазіргі  қазақ  фонологиясында  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл  білімі  институты 
ғалымдары  бүгінгі  қазақ  тілі  фонемалар  жүйесін  эксперименталды  тәсілмен  анықтауда. 
Мәселен, 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, 
синтаксис»  жинағында  қазақ  тілінің  төл  дауысты  дыбыстарының  жүйесі  9  дауысты 
дыбыстан құралады. Олар: а,ә,ы,і,е,ұ,ү,о,ө. Монофтонг (жалқы): а,ә,ы,і,ұ,ү; дифтонг (егізек): 
о,ө,е


231 
 
Сондай-ақ, қазақ тіліне енген кірме әріптер жеке дауысты дыбыстардың таңбасы емес. 
Олар  арқылы  қазақ  тіліндегі  қысаң  дауыстылар  мен  үнді  (й,у)  дауыссыздарының  тіркесі 
белгіленетіндігі (и – ый,ій; у – ұу,үу; я – йа,йә; ю – йұу, йүу) анықталып, ми – мый, сирақ – 
сыйрақ, бу – бұу, суық – сұуық т.б. мысалдар келтіріледі [3,14-21]. 
Қазақ  тілінің  төл  дауыссыз  дыбыстарының  жүйесі  17  дыбыстан  құралады.  Олар: 
б,д,ғ,г,ж,з,й,қ,к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш. К гқғ дыбыстары бір дыбыстың үндесім варианттары 
ретінде көрсетілген [3;21]. 
Осы  дыбыстық  иірімдер  туралы  фонетист-ғалым  Әлімхан  Жүнісбеков  те  2013  жылғы 
«Жазу реформасы»  атты мақаласында қазақ тіліндегі  кірме дыбыстар саны, төл дыстардың 
ерекшелігі  жайлы  жан-жақты  талдап,  қазақ  әліпбиінің  26  таңбалық  өз  латын  нұсқасын 
ұсынғандығы белгілі  [1.36-47]. Ғалым ең жанға бататыны, орыс тілінің «игі ықпалы» деген 
сылтаумен,  өткен  ғасырдың  50-жылдары  төл  сөздеріміздің  жазылу  емлесіне  қосылған  и,у 
тәрізді таңбалар (дыбыс емес) болды. Оқулық пен оқу құралы біткен осы күнге дейін түгел 
жапсырмадан арыла алмай келеді деп күңірене ой толғайды. 
Алайда  бұл  зерттеу  нәтижелері  әр  білім  беру  деңгейлеріндегі  оқулықтардан  көрініс 
таппайды.  Яғни  ғылыми  анықталған  заңдылықтар  айналымға  енгізілмейді.  Бұдан  ғылыми 
салааралық байланыстың жоқтығын байқауға болады.  
Осы  тұрғыда  ресми  ұсынылған  латын  ғаріпіндегі  үш  үлгінің  дыбыстық  құрамына  көз 
салайық. Бірінші үлгіде дыбыс саны  –  35. Дауысты дыбыс – 10 (а, е, і, и, о, ұ, ы, ә, ө, ү), 
дауыссыз  дыбыс  –  25.  У/w)  -  дауысты  да  дауыссыз.  Екінщі  үлгіде  дыбыс  саны  –  34
Дауысты  дыбыс  –  10  (и,й  бір  таңбалы),  дауыссыз  –  24.  Осы  үлгіде  «ц»  дыбысы  алынып 
қалған. Неге екені белгісіз... Қандай принципке негізделген...  Егер де кірме дыбыс ретінде 
алынса,  «ч»  аффрикат  кірме  дыбысы  да  алынуы  керек  еді.  Үшінші  үлгіде  –  34.  Дауысты 
дыбыс – 10, дауыссыз – 24. 
Осы тұрғадан келгенде алфавит түзбей тұрып қазіргі қазақ тіліндегі дыбыс санын ресми 
бекіту керек.     
Кез  келген  халықтың  ұлттық  жазуының  сауаттылығы,  ең  алдымен,  емле  заңына 
негізделетіні белгілі. Емле ережелері басшылыққа алынатын негізгі құжат болып табылады.   
Латын графикасына негізделген қазақ емлесінің негізгі ережелері жобасы 2018 жылдың 
қыркүйек айында білім беру, ғылыми-зерттеу орталықтарына сараптамаға жіберілді. 
Сараптама  ұсыныстарын  қабылдай  отырып  2018  жылдың  6  желтоқсанында  Қазақ  тілі 
әліпбиін  латын  графикасына  көшіру  жөніндегі  ұлттық  комиссия  мақұлдаған  жаңа  әліпби 
негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері айналымға енді. 
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері саны – 107. Қамтылған тараулар: 
әріптер емлесі, түбір сөздер емлесі, бөлек жазылатын сөздер емлесі, бірге жазылатын сөздер 
емлесі,  дефиспен  жазылатын  сөздер  емлесі,  бас  әріп  емлесі,  қысқарған  сөздер  емлесі, 
шеттілдік сөздер емлесі, сөздердің тасмалдануы. Жалпы тарау саны – 9.   
Енді  осы  емле  ережелерімен  танысу  барысында  ой  салған  кейбір  мәселелерге 
тоқталайық. 
Мәселен, 
дауысты, 
дауыссыз 
дыбыстар 
емлесі 
ережелерінде 
-  қосар  дыбыстарды  (ұу/үу,  ый/ій)  дара  әріппен  (у,и  әріптерімен)  таңбалаудың  үлгісі 
ұысынылыды; 
-  қазақтың  әдеби  тіліндегі  емлесі  қиын  сөздердің  орфографиялану  ерекшеліктері 
көрсетіледі; 
- латын негізді жаңа әліпбиде жоқ  ё, й, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ әріптерінің жазылу баламасы 
берілді; 
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет