абыгай, «от ағасы», «аға», татар тіліндегі абзыкай «ағай» сөздерімен төркіндесдесе (ҚТТС,
1960, 169-б.), 2) Абай Құнанбаев өмірбаянын зерттеушілердің пікірінше: «Зере бәйбіше
Ибраһим деп айтуға тілі келмей еркелетіп Абай атандырған» дейді (Абай. Шығ. тол. жин.
1961, 11-б,) 3) Абайдың шын аты Ибраһим; кейіннен енесі еркелетіп «Абай» деп кеткен
дегенді айтады (ҚҰЭ, І, 10-б.).
Бұл есімнің бірінші сыңары аба-ава және оның варианттары: аба, абай, абый, абака,
абаға көптеген түркі тілдерінде ұшырайды. Қырғ. аба 1. «аға»; 2 «әкесімен туыстас адамға
айтылатын құрмет сөз»; 3 «үлкен аға»; 4. Түстік диал. «үлкен ағалардың үлкені, құрметтісі»
(Юдахин, 17-б.). Түркмен. аба – «әке, папа», осман түрк. абаі – «үлкен аға» тув. абыгай –
«мырза», тат. абзыкай, абый «аға», «үлкен аға» (ТРС, 18), алт. хак. абака, абага «аға, ағай»;
«қария, ал», «үлкен аға», «қадірлі», «құрметті» (Севортян, 54, 65). В.В Радлов кезінде «абака
сөзі аба+ака, аба+аға тәрізді екі сөзден бірігіп барып, кіріккен» деген пікір айтқан еді. Ал осы
сөз туысы бөлек кейбір тілдерде, мәселен, моңғол тіліндегі авга «немере аға», авгай «жасы
үлкен адамдарды сыйлағанда айтыатын сөздермен де байланысты екені шүбәсіз» (Хабшай,
13).
Біздің пікірімізе, абай ұлы ақынның үй-іші, әжесі тілі келмегендіктен қойған есім емес,
халық қадірлеп қойған екінші аты, мағынасы «ел ағасы», «ел қадірлісі, құрметтісі» болса
керек. Оның бастапқы түбірі - аба болса, соңғы қосымша -й құрметтеу, сыйлау мәнін
білдіретін жұрнақ екені даусыз. Оны тіліміздегі атай (ата+й), ағай, бабай, әкей, әжей
сөздерімен пара-пар қарауға болады [4, 378], - деп Т. Жанұзақ өз еңбегінде нақты
деректермен талдап көрсеткен. Жоғарыда келтірлген сөздер мен сөз тіркестері «түбі бір түркі
тілдерінің» қолданысындағы бір-біріне жуық мағыналарды білдіргендіктен автордың бұл
пікірімен келіспеске болмас.
Қазақ антропонимиясын байытудағы фольклордың орны ерекше. Кейбір фольклорлық
жалқы есімдер жоғары образдылығымен, жоғары дәрежеде типтене отырып, жалпы ұлттық
символдарға айналады. Мұндай фольклорлық есімдер жалпыұлтқа танымал болады, ұлттық
мәдениеттің негізгі тұжырымын білдіреді [5,21б.]. Мысалы, Алдар есімі. Алдар – қазақ
ертегілеріндегі аты аңызға айналған кейіпкер есімі. Ол көбінде алдар көсе тіркесінде
кездеседі. Көсе халық тарапынан кейінне қойылған лақап болу керек. Түркі тілдерінің
көбінде ал, алда, алдарқат, алдат тұлғаларында кездеседі. В.Радловтың көрсетуінше: Тобол,
диалектісінде алдар<алда+р 1. Алдаушы, айлакер; 2. қырым диалектісінде қиялдағы
ағаштың аты (Радлов, 415). Демек, алдар сөзі ал+да+р қосымшасынан жасалғанын көреміз.
Соңғы -р, -у (алдау), -т (алдат) үстеме қосымшалар қызметін атқарып тұр. Сайып келгене,
Алдар Көсе «атақты, беделді қу, айлакер» деген мағынаға ие. Бұл есім халық аңызындағы
кейіпкелердің іс-әрекетімен тікелей байланысты да жанасымды [4, 390]. Халық арасында
Алдар жайлы аңыз әңгімелер мен ертегілердің желісінен кісіні алдауда тапқырлықпен,
айланың орынды қолдануы арқылы «Алдар» деген атқа лайық образ қалыптасқандығын
көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |