Ескендір/Іскендер. Бұл есім-фамилия осылайша екі түрлі вариантта қолданылады.
Күллі Орта Азия, түркі халықтары атақты Александр Македонскиийді ежелден Ескендір атап
кеткен. Сірә, бұлай атау араб тілінен енсе керек. Кейбір адамдардың айтуына қарағанда: грек
тіліндегі Александр араб тілінде әуелде ал-Искандр боп қабылданғанмен тілдің ыңғайына
қарай к~с дыбыстары метатеза құбылысына сай орын алмастырған, соңғы д мен р
247
дыбыстарының ортасына дауысты а дыбысы пайда болған. Сөйтіп әуел бастапқы ал-Искандр араб тілінде жаңа түрде Искандар болып шыққан (Гафуров, 87) [4, 405-406].