қара астауға, жырық шөмішіне келіп тоқтады. Орыстың қолына түскен әлдеқандай
сорлының астауы, шөміші ме екен? Сорлы шөміш, менде сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды» («Ақбілек», 180-б.). Осындағы қазақ халқының
күнделікті тұрмысында қолданылатын құман, астау, шөміш арқылы автор бөтен ортада
тұтқынға түскен Ақбілекке солардан жақын нәрсенің жоқ екенін көрсете отырып, Ақбілектің
уайым-қайғысының қаншалықты терең екендігін байқатады. Жазушы ұлттық нақышты
танытатын тілдік бірліктерді кейіпкердің психологиясын беруде өте шебер пайдаланған.
Шеткі үркердің ішінде көк шұға киімді, сұр қалпақты болыс отыр («Қартқожа», 83-
б.).