Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


  Бау-бақша  егісімен  байланысты:  Бәдірен



Pdf көрінісі
бет144/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 3.  Бау-бақша  егісімен  байланысты:  Бәдірен.  Қияр  (Оңтүстік  аймақта).  Қазір  сол 
шалдардың өзі жусан жерлерін айдатып тастап, орнына  бәдірен дей ме, кәпөсте дей ме, 
қайдағы бірденелерді септі де тастады (О.Б., 316-б.).  Кейіпкерлердің сөз саптасын көрсету 
үшін жергілікті тіл ерекшеліктерін стильдік мақсатта қолдану  үрдісін аталмыш жазушылар  
повестерінде өз орнымен қолдана білген деп айта аламыз.  
Көркем  сөз  шеберлері  өзіне  керекті  материалды  халық  өмірінен,  халық  тілінен  алып 
пайдаланатындықтан  онда  жалпыға  ортақ  біртұтас  әдеби  тілмен  қатар  диалектизмдер  мен 
қарапайым  сөздер  сияқты  сөйлеу  тілінің  элементтері  кездесетіні  белгілі.  Оралхан  өзі 
қолданған көпшілікке таныс емес сөздерге қосымша анықтама бере  кетеді  немесе контекст 
арқылы  қандай  мағынаны  білдіретіні  түсінікті  болып  отырады.  Жазушы  әрдайым  стильдік 
жүк арқалаған сөзді таныстырып жұмсау мақсатын ұмыт қалдырмайды. Әспенсу, аңқиттау, 
әнейі, шербек, желемік, най, сұламалану, сымбыл, бірсін-бірсін, қапалаң-қапалаң т.б. сөздер 
мағыналық жақтан түсінікті жұмсалған. 
 О. Бөкей ерекшелігі диалектілік сипаттағы кәсіби сөздерді  өнімді қолдануда көрінеді. 
Жазушының  бау-бақша  егісімен  айналысатын  оңтүстік  аймақтағы  тұрғындардың  тілінде 
қолданатын әр түрлі атауларды (торлама, басыпалды, кемпірқауын, құлақ арық т.б.) орнымен 
пайдалануы  –  әдеби  тіл  лексикасын  қажетті  кәсіби  сөздермен  байыту,  жалпыхалықтық 
қолданыс дәрежесіне көтеру. 
Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  лексикалық  әрі  стильдік  категорияның  бірі  –  қарапайым 
сөздер. Қай тілдің болмасын лексикасындағы қарапайым сөздерді нақтылы ажыратып көрету 
үшін, алдымен сол тілдің сөйлеу тілі нормасы мен әдеби нормасының аралық шекарасының 
өзі айқын да нақтылы түрде көрінуі керек. Мұның өзі сол тілдің жазба мәдениетінің, ұлттық 
жазба әдеби нормасының қалыптасу, даму дәрежесіне тікелей байланысты.  
Қазақ  тіл  білімінде  лексиканың  бұл  тобы  көп  зерттелмегенімен,  қарапайым  сөздер 
турасында  айтылған  пікірлер  бар:  «Қазіргі  қазақ  тілі»  курсында:  «Сөйлеу  тілінде 
қолданылатын,  жазба  әдебиетте  қолданылмайтын,  әдеби  тіл  нормасына  сай  келмейтін  жай 
дөрекі  сөздерді  қарапайым  сөздер  дейміз»,  -  деп  берілсе,  М.Балақаев:  «Қарпайым  сөз  -  
жалпы халықтық сөйлеу тілінің кейбір әлеуметтік ерекшелігі бар тілдік нұсқалар. Олар әдеби 
тіл  нормасына  жатпайтын,  көбінесе  дөрекі,  жасық,  дөкір  сөздер  болып  келеді,  мысалы, 


261 
 
«қатын  алу»  (үйлену),  «кембағал»  (кедей,  жарлы),  «шүйке  бас»  т.б.»[5],-  дейді.    Іңісі  арғы 
ауылдан  біреудің  бүлдіршіндей  жас  қызын  алып,  ұлы  жіңгір  ой  жасап  жатқанда:  «Өзі 
болған қыз төркінін танымас» деп, бізбен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз!» 
-  деп  үш  рет  ат  сабылтып  кісі  жібергенде,  аяқтарының  басын  қайқайтып  жатып  алған 
(О.Б., 243-б.).   
Қарапайым сөздер деп, сөйлеу тілі элементі ретінде келіп жалпы халыққа түсінікті әрі 
әдеби  нормаға  жатпайтын,  сөз  мәдениеті  төмен  адамдада  кездесетін,  басым  көпшілігі 
тұрпайы  болып  келетін  экспрессивтік-эмоционалдық  реңкі  бар  сөздерді,  сөз  тіркестеін, 
грамматикалық тұлғаларды атау қажет.  
Қарапайым сөздердің күрделі табиғаты мен өзіндік ерекше қасиеті сөйлеу тілінің басқа 
элеметтерімен  салыстырғанда  көрінеді.  Қарапайым  сөздердің  диалектизмдерден  негізгі 
айырмасы – олар белгілі бір территорияда ғана емес, жалпы халыққа түсінікті болып келеді.  
О.Бөкей  шығармаларында  қарапайым  сөздер  көбінесе  ұрсу,  көңіл  толмау  мағынасында 
жұмсалады:  Мысалы,  қараң  өшкір,  кәззап,  жайрағыр,  көктей  солғыр,  мойының  астыңнан 
кегір,  қарасан  келгір,  тапырақтап,  жыланба,  жәпілдеген,  албасты,  бетпақ,  салдақты, 
сұрқия,  миғұла,  сүмелек,  оттама,  қызталақ,  ноқай,  малғұн,  шірік  неме,  қу  кетік,  иттің 
баласы т.б. Бұл сөздер жалпы оқырманға түсінікті болғанмен контексте дөрекі семантикасы 
бар сөздер.  
Қарапайым  сөздердің  диалектизмдерден  және  бір  ерекшелігі  стильдік  қолданысынан 
көрінеді.  Көркем  шығармаларда  диалектизмдерді  қолданғанда  автор  не  персонаждың  қай 
жақтың  тұрғыны  екенін  ажырату  үшін  алады,  немесе  әдеби  нормаға  әбден  сіңісіп 
орныққандықтан  оны  қолданбай  тұрмайды.  Сондықтан  диалектизмдерді  қолдану  шала 
сауттылықты,  мәдениетсіздікті  немесе  әдеби  тіл  нормасынан  аулақ  деген  пікір  келтіре 
қоймайды. Қарапайым сөздердің басым көпшілігі тұрпайы болғандықтан, автор қолданғанда 
персонаждың  ой-өрісін,  сауттылығын,  мәдени  дәрежесін,  қысқасы,  кейіпкер  характерін 
ашып  бере  алады.  Мысалы:  Еркіннің  ең  соңғы  естігені,  ат  айдап  отырған  Оспанның 
«әкеңнің ауызын, не оттап тұр» дегені болатын (О.Б., 104-б.) деген штрихамен-ақ  О.Бөкей 
Оспан  деген  кейіпкерінің  мәдениетсіздігі  мен  дөрекілігін,  бүкіл  характерін  ашып  отыр.  
Совет өкіметінің алғашқы құрылған жылдарында мамандардың жетіспеуінен уақытша болса 
да  ауылнай  сайланған  шала  сауатты  әрі  көңіліне  жақпағандарды  кінәсіз  болса  да  еріксіз 
көндіруге тырысатын дөрекі мінезді Оспаннан мұнан артық күтуге де болмайтын еді.  
Мұнан  басқа  тұрпайы  мағынада  қолданылатын  сөйлеу  тілі  элементтерінің  бірі  – 
вульгаризмдер  де  жазушы  шығармаларынан  көрініс  тапқан.  Вульгаризмдер  –  тікелей 
эмоциялық мәні, яғни адамның ренжу, өкіну, ашуланғандағы кері (отрицательный) эмоцияны 
білдіретін тұрпайы мәні мейлінше басым болып келетін абстрактілі сөздер.  
Мысалы:  –  Сәлем  беруге  жарамай  аяғының  басын  қайқайтып  жатып  алды,  енеңді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет