шоқпардай үкілері үлпілдеп, күлтелі қос етектері көлкілдеп, он кез бәтесті аяғымен теуіп,
бұлғаңдап, сәнденіп жүргенін көргенде Шекердің іші қазандай қайнайды, оларды көргенде Шекердің көзі мұзға тайғандай, сырғанап, өте шығады, көрмегенсіп қырын қарап кетеді» («Күнікейдің жазығы», 366-б.).
Қаламгер кейіпкерлерінің өзіндік ерекшеліктерін, тұрмыс-тіршіліктерін, ішкі
психологиялық ерекшеліктерін көрсету үшін, олардың киімдерін суреттеу арқылы
шеберлікпен жеткізеді. Мысалы, «Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам» («Ақбілек», 147-б.) - деп келген адамдардың
көрген көзге бөтен болып тұратынын психолог жазушы асқан шеберлікпен береді. Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – жалғыз қызы алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл-жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді (Сонда). Шолпы – сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау, көрпе – жамылып жату, төсеу үшін матаның арасына мақта не жүн салып, қабып тіккен үй мүлкі,
жұрқан [5, 417]. Мата түрлері, киім түрлері Ақбілектің тұрмысын бейнелейді, сонымен қатар,
әйелдердің қылықтары арқылы мінез-құлықтарының бір қырын (көрсеқызарлық, қызғаныш)
мысқылдайды.
Белбеуімдегі жарғақ дабағайым, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігім алдыңғы қалтамдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім – менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар («Ақбілек», 151-б.). Шеттік– ердің алдыңғы жақтарындағы қайыс баулық [5, 915].
Кездік – қысқа сапты кішірек пышақ [5, 375]
Мұндай киім-кешек, заттардан кейіпкердің қарапайым адам емес, сал-сері екендігін
аңғаруға болады. Осындай суреттеуден оны басқа жұрттан ерекшелеп тұратынын білуге
болады.
Бұрышта Төлегеннің ілулі киімдері: екі шалбар, бірі қара шұға, бірі көк диагональ, күзен ішік, брезент сулық, шолақ кемзал, сырма шалбар («Ақбілек», 219-б.).
Шұға – майда түкті, биязы жүнді мата [5, 926 ]
Сулық – ылғал, су өткізбейтін сырткиім [5, 743]
Қорытындылай
келе,
жазушы
шығармаларындағы
көнерген
сөздер
мен
этнографизмдердің қолданылуы арқылы қазақ тілінің сан ғасырлы сөз байлығын көруге
болады және ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар даналығын
қайта жаңғырту бүгінгі тіл байлығымыздың қорын молайтудың бірден-бір жолы болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы, 1994. – 180 б.
2 Исаев С. Қазақ тілі. – Алматы, 1993. – 170 б.
3 Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997. – 272 б.
4 Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографиялық лингвомәдениеттанымдар. Филол. ғыл. канд. дисс.
автореферат. – Алматы, 2001. – 26 б.
5 Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы, 1998. – 304 б.
ӘОЖ 17.82.30
258
ХАМЗИНА ГУЛЬБАРАМ САЯТОВНА
ШЕГЕБАЕВА АЙНАРА
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Петропавл, Қазақстан
Gulzada_76@mail.ru )