264
егер кездесе қалса, өте сирек ұшырайды. Синонимдес сөздер өзара мәндес сөздер
болғанымен, олардың мағыналық жақтан қалай да бір айырмашылығы болады. Синонимдес
сөздердің өзара мағыналық жақындығын (ұқсастығын) айқындаудан гөрі олардың бір-
бірінен мағыналық айырмашылығын айқындау әлдеқайда күрделі. Бұлай болатындығы
мынадан: синонимдес сөздердің бір-бірінен мағыналық жақтан айырмашылығы көбінесе сәл
ғана нәзік айырмашылық түрінде болады да, мұның өзі бірден ашық-айқын аңғарыла
бермейді. Бұл – бір. Екіншіден, синонимдес сөздердің бір-бірінен өзара айыпмашылығы
қолданылу ыңғайына қатысты стильдік айырмашылық түрінде ғана болуы мүмкін.
Синонимдес сөздердің мұндай жақтары стильде түрлендіре ажыратылып айқындалады.
Синонимдер тікелей стильмен байланысты болып келеді. Тіл-тілде сараланған,
қалыптасып орныққан бірнеше стильдік тармақ болады. Тілдің даму барысында оның
лексикасындағы көптеген сөздер сараланып, белгілі бір стильге телініп, әр топқа бөліне
бастайды. Мұны белгілі бір синонимдік қатардың ішіндегі сөздердің қолданылуынан да
аңғаруға болады. Мысалы,
көк аспан деген синонимдік қатардың құрамындағы
аспан сөзі,
жер жүзі, жер шары деген синонимдік қатардағы
жер шары тіркесі көбінесе ғылыми
стильдерде қолданылады. Тілдегі барлық синоним болмаса да, көптеген синонимдік
қатардың құрамындағы мәндес сөздердің әр қайсысы белгілі бір жанрда, стильде
қолданылуға икемделеді.
Қазақ тілінің синонимдері саны мен көлемі жағынан да, синонимдік қатарларының
молшылығы жағынан да өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөз
қолданыла береді. Синонимдердің қолданылу өрісі өте кең, сөйлегенде, жазғанда, белгілі бір
ойды сегіз саққа жүгіртіп, тілді соншалықты оралымды етеді. Әр адамның ойлаған нысаналы
мақсатына, көңіл, күй, көзқарасының әуеніне қарай айтайын деген сөзін, пікірін басқа
кісілерге нақтылы, дәл әрі көркем етіп жеткізуде синонимдердің атқаратын қызметі соншама
үлкен.
Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен
дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл-күйі мен
көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады.
Олар белгілі бір ойды тоғыз саққа жүгіртіп, тілді соншама оралымға келтіреді.
Синонимия – ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін
көрсететін тілдік құбылыс. Тілде синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын жазушы
жоқ. Әр жазушы синонимдерді
талғап жұмсайды, өзінің стиліне тән қолтаңбасын қалдырады.
Қай жазушы болмасын керегі жоқ қайталанулардан аулақ болу үшін дыбысталуы әр түрлі
бірақ мағыналары жақын сөздерді өз талғамымен қолданады. Жазушы шығармаларында
синонимдер белгілі бір ауыртпалықты, жүкті көтереді. Сөйлем ішінде өзінің ауқымды
қызметін атқарады. Жай қызмет емес, стильдік қызмет атқарады, сөйлемнің экспрессиялық
бояуын нығайтады. Тұжырымға жүгінсек.
Синонимдердің сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды қамтып, оралымды
түрде беруде мәні айрықша. Мұнымен бірге, синонимдердің стильдік мәні күшті. Сөйлеуде
не жазуда бір сөзді қайта-қайта қайталай беру, мысалы, алдыңғы сөйлемде қолданылған
сөзді, соған байланысты екінші сөйлемде қайталап қолдану кейде стильдік жағынан кемшілік
тудырады, қолайсыз, ретсіз болып көрінеді. Мұндай жағдайда сол сөздің синонимін тауып
қолдану орынды, келісімді болады.
Сонымен
синоним сөздер- кез келген тілдің қаншалықты
дамығандығын, оның көркемдігін, сапасын, жүйесін, күшін, байлығын танытатын сөздер
тобы.
Синонимдік қатардың құрамындағы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын,
өзара мәндес болумен бірге, барлығының бір сөз табына енетін сөздерден жасалуы шарт. Әр
түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік
қатардың жасалуы үшін, оның құрамына енетін сыңарлардың барлығы да бірөңкей етістік
сөздерден болу керек. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар.
Ғалымдардың айтуынша, қазақ тіліндегі сөз табының ішінде синонимдерге ең байы –
етістік. А. Ысқақов: «Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы кең
265
грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика
семантикалық
сипатымен,
бай
лексика-грамматикалық
формаларымен,
көсіліңкі
синтаксистік қызметімен тығыз байланысты» - деп сипаттама береді [5, 222]. Осындай
қызметтері көркем шығармаларда айқын танылады. Қаламгер туындыларында етістіктер,
оның ішінде, көсемшенің арнаулы формасы -ып, -іп, -п жұрнақтары жазушылар
туындыларында белсенді түрде қолданылғандығы анықталды. Қаламгер шығармаларында
жұмсалуын төмендегідей мысалдардан көре аламыз. Бұл мысалдарда мағыналас сөздер
қатарласа келіп, синонимдік қатар құрайды. Ал мағыналас сөздерді қатарластырып қолдану
тіл білімінде плеоназм деп аталады.
Тіл мамандарының арасында күні бүгінге дейін бірауызды шешімін таба қоймаған
жайлардың біразы синонимге қатысты болып келеді. Зерттеушілердің біразының айтуларына
қарағанда, синоним болатын сөздер бір ғана ұғымды білдіруге тиіс. Екіншілері
синонимдіктің басты белгісі деп сөздердің өзара алмасу мүмкіндіктерін атап көрсетеді.
Үшінші топтағы мамандар синоним болу үшін ол сөздердің мағыналық жағынан жақын
болуы қажеттігін қуаттайды. Соңғы пікірге табан тіреушілер нақтылы үш шартты ұсынады:
1) лексикалық мағыналардың жақындығы немесе тепе-теңдігі;
2) лексикалық мағыналардың тек
қана тепе-теңдігі;
3) лексикалық мағыналардың тепе-теңдігі емес, жақындығы.
Үстірт қарағанда, қайшылық бар сияқты көрінуі мүмкін, өйткені бірде-бір тепе-теңдікті
керек шарт ретінде түсіндіреді де, енді бірде тепе-теңдіктің керегі жоқ, жақындықтың ғана
болғаны жөн деген ұғым туындайтын түрі бар. Шындығында, синонимдік қатардағы
сөздердің лексикалық жағынан бір-бірімен жақындығы ғана емес, тепе-теңдігі де ескерілгені
мақұл. Мысалы,
Бақсы дәрі-дәрмектерін жаққаннан кейін, сыртынан орап, таңып
тастады («Тозақ оттары жымыңдайды»,168-б.).
Әдетте, синонимдік қатардағы сөздердің тепе-тең мағыналық қатынаста болатыны
туралы сөз болғанда, оған күмән келтірушілер де кездеседі, оларды варианттармен
шатастырады. Ең болмағанда, тіл білімі – лингвистика деген сияқты мысалдармен шектеледі.
Шындығында, тепе-теңдік мағыналық қатынастардан жасалатын синонимдердің қазақ
тілінде мол ұшырасатынын зерттеушілер дәлелдеу үстінде. Айталық, ер-азамат, ел-жұрт, ата-
тек, мейрам-мереке, әсер-ықпал, азат-еркін, т.с.с. сөздер мысал бола алады. Мұндай сөздерді
жазушылар мен журналистер жиі қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: