С.ЖҮНІСОВ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
СИПАТЫ
Аннотация: мақалада жазушы шығармаларындағы көркемдегіш құралдардың
арасында дәстүрлі тілдік құралдармен бірге авторлық қолданыстар бары анықталды.
Кейіпкер бейнесін ашу үшін түрлі амал-тәсілдер қолданылатыны белгілі. С.Жүнісов
қолданысындағы индивидуалды-авторлық метафоралар жазушының ой-толғанысы, тікелей
бір сезім күйлерінен кездейсоқ туындап отыратындығы және оның бейнелілігі талданды.
Тірек сөздер: когнитивтік лингвистика, индивидуалды-авторлық метафоралар,
метафоралану.
Метафораның табиғаты әлемге көркемдік көзбен қараумен байланысты. Әрбір
автордың поэтикалық туындысы оның өзі құрған және қолданыстағы метафораларының
сипатына байланысты. Сондықтан метафора ‒ поэтикалық мәтіннің басты компоненті, ол
міндетті түрде поэтикалық ой мен әлемдік бейненің көрінісі болады.
Метафораны поэтикалық мәтінге жақындастыратын факторлар:
• ойдағы бейне мен айтылмақ пікірдің бірігуі;
• дәл мағынада айтылмауы;
• объектілердің белгілері мен мағыналарының өзара араласуы;
• бірнеше интерпретацияда ұғынылуы;
• дәлелдемелердің қолданылмауы;
• объектілердің мәнін ашуда тиімді әрі қысқа жол таңдау;
• көлемдік баламамен астарлау.
Тілдегі метафоралардың концептуалдық өзегінен кез келген тілдік қолданыстағы
метафоралар когнитивтік қызмет атқаратындығын байқауға болады. Мәселен, метафора
табиғатына тән бейнелілік, көркемдік, бағалағыштық, образдылық қасиеттерінің тілдегі орын
алуына адам ойы мен танымдық тетіктерінің қатысатындығынан, метафоралардың
прагматикалық сипатынан көрінеді. Метафоралардың туындауына адам ойындағы өзара
салыстырулар мен ұқсатулар, санадағы суреттеулер негіз болады. Осы жағынан келгенде
метафора ғылыми ойдың (концептуалды) формасы болып келеді. Метафораның
концептуалдық болмысына ұлттық дүниетаным тұрғысынан келу арқылы, метафора
тудырудағы әр ұлттың ойлау дәрежесі мен ұлттық сана-сезімі мен дүниені қабылдаудағы
ұлттық ерекшеліктері сол ұлт тіліндегі метафораның өзіндік болмысы мен тілдік сипатын
көрсетеді. Мәселен, тілдегі метафоралардың жасалуындағы транспозициялардың
қатыстылығын байқауға болады. Транспозицияның метафораның туындауына түрткі болуын
ауыспалы мағыналы метафораланған бірліктердің жасалуындағы әртүрлі лексика-
грамматикалық элементтердің қатысуынан көруге болады.
Тілдік қолданыста сөз метафоралармен түрленеді, ажарланады және бейнелі құралға
айналады. Әлем лингвистикасында метафораның табиғаты адамның білім қорының
құрылымдық сипатымен байланыстыра қарастырылады. Лингвистикалық, әдебиеттану
терминдері сөздіктерінде метафораға төмендегідей түсініктер берілген. «Тіл білімі
сөздігінде»: «Метафора – (грек metaphora-ауыстыру) троптың бір түрі, ұқсастық, сәйкестік
және т.б. негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» деп
беріледі, ал метафоралану «Метафоралану – ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның
268
экспрессивті қасиеттерінің күшеюі нәтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» деп
түсіндіріледі. «Лингвистикалық түсіндірме сөздіктегі» метафораның анықтамасы:
«Метафора (грек. Metaphora-ауыстыру) – троп немесе сөйлеу механизмі. Метафора – сөздің
басқа мағынада қолданылуы. Риторика мен лексикологияда метафора номинациялық құрал
ретінде қарастырылады». Ал «Әдебиеттану терминдер сөздігінде»: «Метафора, ауыстыру
(грек сөзі – ауыстырып қою), екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып-
жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай
өлеңдерінде кездесетін жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген
метафора үлгілерін атауға болады.
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақын, мысалы, тас жүрек. Бірақ метафорада
теңеудегідей екі нәрсені теңеп салыстырудан гөрі олардың арасындағы ұқсастық
жақындықты, сезім-әсер жалғастығын тірек ету басым болады. «Көбінесе сондай екі
нәрсенің бірі айтылып, екіншісін емеурін жасап, сездіреді» деп түсініктеме берілген. Қазақ
тіл білімінде метафора туралы А.Байтұрсыновтың, М.Балақаевтың, Б.Хасановтың,
Ә.Болғанбайұлының, Ғ.Қалиұлының, Б.Қасымның зерттеу жұмыстары бар. Қазақ тіл
білімінде метафораны көркемдік тәсіл ретінде таныған және алғаш рет тұжырым жасаған ‒
А. Байтұрсынұлы.
Қазір тіл білімінде метафораның адамның ойлау үрдісін қалыптастырушылық қасиетін
ескере отырып, оны басқа қырынан қарастырып келеді. Когнитивистикамен айналысушы
ғалымдар осы тақырыпқа қызығушылықтарын білдіреді. Метафора ұғымдарды
қалыптастырып, дайын таңбалар арқылы оларды атайды. Метафора заттар мен
құбылыстардың белгілерінің ассоциялануы, байланысуы арқылы жасалады, ойды дамытады.
Әртүрлі салыстырулар шығарма тіліне көркемдік береді.
Метафораны тілдік қолдану сипатына қарай түрлерге бөлушілік бұрыннан
қалыптасқан. Ғалымдар метафораның құрылымын түрліше саралайды. Мысалы, Б.Хасанов
қазақ метафораларын екіге бөледі: «Біріншісі – белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда
болған индивидуалдық метафора, екіншісі – халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар» [1,
138]. «Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, ойды бейнелі түрде
жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми,
кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейді». Ғалым
Т.Қоңыров метафораның жасалуына теңеудің негіз болатындығын айтады: «Әрбір теңеудің
көлеңкесінен метафоралық мағына көрініп тұрады» [2,119]. Көркем шығармада метафора
көркемдік амал – тәсілдің негізгі тілдік элементі екені белгілі. Ғалым М.Серғалиев метафора
туралы: «Метафора (грек.metaphora-ауыстыру) – белгілі бір нысанның (обьектінің) басқа
топтағы нысандардың белгісі мен қасиетіне қарай ауыстыра қолданатын троптың бір түрі.
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы
мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа,
құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның
атын атау (номинация). Сөздерді метафоралау процесінде 3 түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мыс., кілт – есіктің кілті, мәселенің кілті;
бастау – бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т.б. Екінші жағдайда метафора метафора
жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі – аң,
айлакерлік белгісі; адам мінезіндегі екіжүзділік т.б.) Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі
бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі
бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мыс., ұлиды деп қасқырды айтады,
бірақ ақындардың шығармаларында: жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға
қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолданылып жүр» деп
анықтама береді [3, 274-275]. А.Сыбанбаева метафораны былай деп анықтайды: «Адамның
ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін семантикалық концептерді (ұғымдарды)
салыстырудың нәтижесінде метафора туындайды. Сондықтан метафораның жасалу
механизмін зерттеу – адамның ойлау процесін зерттеу деген сөз» [4, 22]. Тіл білімінде
метафора семасиологиялық, ономасиологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда
269
зерттелді. Зерттеуші Г.Зайсанбаева метафораны когнитивтік бағытта қарастырып, былай
түйіндейді: «Метафораның әртүрлі нысандар арасындағы ұқсастықтары солар туралы
түсініктер арқылы қалыптасады. Сонымен қатар, метафоралануға адамның эмоциялары,
экстралингвистикалық білімі, тұрмыстық тәжірибесі кей жағдайда кездейсоқ түсініктер
түрткі болып жатады. Адам тәжірибесі арқылы жинақталған білім қорындағы ақпараттардың
өзара алмасуы танымдық үрдістермен байланысты. Аталым жасаудағы метафораның қызметі
тілдің барлық салаларында қолданылады» [5, 24]. Метафора тілде көркемдік қызметімен
бірге жаңадан пайда болған ұғым, түсінікке неғұрлым дәл атау беріп бейнелейді. Метафора
көңілге сыйымды, тіпті бір-біріне мүлдем сыйымсыз, қарама-қарсы ұғымдардың
ассоциялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, көркем, жарқын бейне туғызады және
ұқсату заңдылығына негізделеді. Ұқсату философиялық тұрғыда заттардың, құбылыстардың
немесе процестердің бір қасиетіне қарай ұқсастығын тану әрекеті ретінде танылады.
Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден тыс сипатына байланысты. Аталымдардың
қоршаған әлем заттары мен құбылыстары арасындағы әртүрлі ұқсастықты тануда, оны тілде
белгілеуде адамның бай тәжірибелік қоры ескеріледі. Жаңа мағынаның тууына метафораның
қызметі зор. Өзге тәсілдер сияқты метафора да тілдің дамуына қызмет етеді.
Сонда, бір қасықтай шикі өкпе үшін екеуміздің арамыздағы махаббатымыз бір сәтте
суый қалғаны ма? Осы бір қаңғырған немеге қайдан тап болғансың? (Қылмыскер, 358-б.).
Жоғарыда кейіпкерлер тілінен келтірілген шикіөкпе - бала, қаңғырған неме – үй-жайы
Достарыңызбен бөлісу: |