Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


емеспін,  иә,  табағыңа  да,  тамағыңа  да  сыймайтын  азулы  иттің басымын



Pdf көрінісі
бет151/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

емеспін,  иә,  табағыңа  да,  тамағыңа  да  сыймайтын  азулы  иттің басымын  (Махамбеттің 
өте  шыққан  өмірі  –  ай!  13-б.).  Еркіндік,  бостандық  үшін  күрескен  Махамбет  ақын  мен 
Исатай батырдың бейнелерін жасау үшін, Махамбет тілінде «азулы иттің басымын» деп ит 
сөзін өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы мәнде, метафора ретінде жұмсап тұр.  
Зұлхарнайын. Көке-ау, мен жұмыртқаны әлдеқашан жарып шыққан,   екі қанатында 
екі погоны бар  орыс қоразымын да, ал сіз  тауық  емес, татар тауығының әтеші емессіз 
бе?! (Сонда, 15-б.),  
Қарауылқожа. Осыдан он-ақ шақырым жерде  ордалы қасқырлар. Үш-төрт мың қол. 
Ордаңды талқандап, ханның басын шабам деп келеді. (Сонда, 28-б.),  
Композитор.  Сенің  түрме  бастығың  –  абжылан,  сен  -  ібіліс,  ал  қазіргі  өкімет 
басшылары - пайғамбарлар, ең басшысы – құдай (Тұтқындар, 161-б.).  
С.Жүнісовтың «Кроссворд немесе әзіл маскарад» комедиясында жаңа жыл қарсаңында 
аңдардың  маскасын  киген  кейіпкерлердің  айықтырғыштағы  әңгімесі  берілген.  Бұл  драма 
трагикомедиялық  бағытта  жазылған.  Бұл  пьесаның  көтерген  мәселесі  кезінде  «тоқырау 
жылдары»  деп  аталған  кезеңдегі  шындыққа  сай  болатын.  Өмірде  білімі  шамалы,  шен 


270 
 
дәрежесі  жоғары  адамдардың  адами  қасиеттерінің  аздығы  беріледі.  Парақор,  жемқор, 
айлакер,  алаяқтар  өмірін  хайуандар  кейпінде  күлкілі  етіп  көрсетуде  қаламгердің  асқан  
шеберлігі байқалады.  
Автор  ойына,  баяндалып  отырған  оқиға  желісіне,  аңдар  кейпіндегі  бетперде  (маска) 
кейіпкер бейнесіне, бітім-болмысына, ішкі әлеміне сәйкес келеді. С.Жүнісов драма оқиғасын 
кейіпкердің  түс  көруі  әдісі  арқылы  береді.  Болып  жатқан  оқиға    айықтырғыштың  бастығы  
Жұмабектің  түс  көруінде  өтеді.    «Кроссворд  немесе  әзіл  маскарад»  драмасында  күлкілі 
сәттер  мен  күрделі  тартыстар  ғана  емес,  орта  мен  сол  ортада  өмір  сүріп  отырған  адамдар 
үлкен  шеберлікпен  сипатталады.  Қоғам  мүшелерінің  адамгершілікке  жат  қылықтары  мен 
әдеттері  сыналған.  Көркем  мәтіндегі  ерекше  мәні  бар  сөз  «кроссворд»    шығарма  атауына 
айналған.  
С.Жүнісовте эмоционалды бояуы бар сөздер жиі кездеседі. Мәселен, жағымсыз қарым-
қатынасты  көрсететін  сөздер:  Е,  көп  пәтерлі  үйде  не  болмайды?  Иә,  және  ығайлар  мен 
сығайлар тұрса. Үй тұрғындарының қандай екенін сипаттайтын эмоционалды-экспрессивті 
бояуы ашық сөздер. Сөздердің стилистикалық қасиеті оның экспрессивті бояуына қатысты. 
С.Жүнісовтің драмасында эмоционалды-экспрессивті сөздер кейіпкерлер тілінде бейнелілікті 
арттыруда өте маңызды.  
С.Жүнісовтің  тілін  зерттей  отырып,  біз  тек  сөздерді  қолданудағы  шеберлігіне  ғана 
емес,  лексемалардың  мазмұны  мен  мәніне  көңіл    аудардық.  Олар  кейіпкерлерінің  рухын 
көтеретінімен ерекшеленеді. 
Сәбира.  Қарақтарым-ау,  бұларың  шын  ба,  өтірік  пе?  (Қысылғаннан  қыз  болдық,  98-
б.).  
Қарақтарым  сияқты  мұндай  сөздер  әдеби  тілге  көркемдік  беріп  қоймайды,  сонымен 
бірге  тілге  стилистикалық  көтеріңкі  көңіл-күйді,  эмоционалдылықты  білдіреді.  Өз 
кейіпкерінің  бейнесін  ашып  көрсету  үшін  драматург  адамның  сезімін  білдіретін  сөздерді 
кеңінен  қолданады.    Стилистикалық  мақсатта  эмоционалды-экспрессивті  сөздер  кеңінен 
қолданылған.  
Қаламгердің  өзіндік  қолтаңбасы  мен  шеберлігі  кейіпкерлерін  түрліше  сөйлетуімен  де 
өлшенеді.  
Кейіпкерлер  тілінде  экспрессивті-эмоционалды  сөздер  ерекше  орын  алады.  Мұндай 
сөздердің барлығы жалпы халық тілінен алынған.  
Жоғарыдағы  көркемдегіш  құралдардың  арасында    дәстүрлі  тілдік  құралдармен  бірге 
авторлық  қолданыстар  да  бар.  Кейіпкер  бейнесін  ашу  үшін  түрлі  амал-тәсілдер 
қолданылатыны  белгілі.  Кейіпкер  тілі  арқылы  оның  портреті  былай  суреттеледі:  Әбден 
ашынған  соң  айғайлап:  «Ал  мына  қысыр  сиырдың  тандыры  кепкен  желініндей  қыртыс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет