Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет160/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Баяндау әдісі. Мұғалім оқушыға білім беруші болғандықтан, ол сабақта оқушыға түрлі 
тақырыптан  мәлімет  береді.  Бұл  негізінен  мұғалімнің  баяндауы  арқылы  жүзеге  асады. 
Мұғалімнің баяндауы негізінен жаңа тақырыпты өту кезінде көбірек қолданылады. Оқушыға 
белгілі тақырыпта мәлімет беру үшін, мұғалім баяндау әдісін қолданады. Мұғалім баяндаған 
жаңа мәліметті оқушы түсіну, ұғу үшін, мұғалімнің баяндауына түрлі талаптар қойылады [2, 
162]. 
Баяндау  әдісін  жандандыратын,  оны  қызықты  өтетін  тәсілдерді  іздестіру  –  мұғалінің 
міндеті.  Мұғалімдер  тәжірибесі  оны  түрлі  жолдары  барын  көрсетеді.  Оның  кейбірін 
келтіруге  болады:  қызықты  мысал  келтіріп,  оқушы  назарын  тақырыпқа  тарту,  оқушыны 


278 
 
ойландыратын  сұрақ  қойып,  жауап  ретінде  баяндау,  көрнекті  құралға  бсүйену  арқылы 
баяндау,  суретті  түсіндіру  арқылы  баяндау,  тақырыпты  оқушы  өмірімен,  байланыстыра 
баяндау т.б.  
Мұғалімнің  баяндау  әдісін  таза  түрде  қолдануы  өте  сирек  кездеседі,  оны  басқа 
әдістермен  орынды  байланыстыра  білсе,  ол  баяндау  әдісін  әсерлі  өтері  сөсіз.  Әсіресе, 
баяндау әдісі мен түсіндіру әдісі байланыста қолданылады. 
Түсіндіру–  жеке  ұғым,  құбылыстарды,  құралдар,  көрнекті  құралдардың  жұмыс  істеу 
әдіс-тәсілдерін  ауызша  баяндау.  Мысалы,  шет  тілі  сабағында  жаңа  мәтінді  өтер  алдында 
оқушыларға  жаңа  сөздердің  мағынасы  түсіндіріледі.  Мұғалім  оқушыларға  таныс  емес 
құралдарды  немесе  басқа  көрнекті  құралдарды  сабаққа  алып  келіп,  жаңа  материалды 
түсіндірмес  бұрын  оларды  оқушыларға  түсіндіреді.  Түсіндіру  әдісі  жаңа  тақырыпты 
түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде 
де  қолданылады.  Химиялық,  физикалық,  математикалық  есептерді  шығарғанда 
теоремаларды  оқығанда,  табиға  және  қоғам  құбылыстарының  түбірлі  себептерін  және 
салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады. 
Түсіндіру  –  оқыту  әдісі  ретінде  әр  жастағы  балалар  тобымен  жұмыста  кең 
қолданылады.  Бірақ  орта  және  жоғары  сатыларда  оқу  материалының  күрделеніп, 
оқушылардың  ақыл-ой  жұмысының  мүмкіндіктері  өскенде  бұл  әдіс  кіші  жастағы 
оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.  
Жалқылау,  жалпылау  әдістері.  Жалқылау,  жалпылау  әдістері  индукция,  дедукция 
деген  атпен  белгілі.  Қазақ  тілі  әдістемесінде  жалпылау,  жалқылау  әдіс  деген  терминді 
тұңғыш  рет  қолданған,  осы  мәселені  тұғыш  рет  ғылыми  негізде  көтерген  А.  Байтұрсынов 
болып саналады. Ол жалпылау, жалқылау әдісіне арнап мақала жазған. Ол осы мақалада бұл 
әдістер туралы былай жазған: «Жалқылау әдісі – жалпылау әдіске қарсы әдіс. Жалпылаудың 
асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату» [3, 24]. 
Қазіргі заманда да бұл әдістердің негізгі мағынасы осы. Оқушыға бір мәселені мұғалім 
түрліше  түсіндіреді.  Кейде  жалпы  ережені  айтып  алып  оның  ішкі  тармақтары  түрлерін 
түсіндіреді.  Мысалы,  жіктік  жалғаудың  не  екенін  айтып  оның  әр  жағының  қосымшасын 
түсіндіруге  болады.  Мұны  басқаша  айтқанда  жалпыдан  жалқыға  көшу  дейміз,  А. 
Байтұрсыновша  ол  іріден  ұсақтан  болып  шығады,  яғни  ол  –  жалқылау  әдісі.  Осы  жіктік 
жалғауының  әр  жағын  түсіндіруден  бастап,  соңында  олардың  бәрі  де  жіктік  жалғау  деп 
қорытатын  болса,  ол  -  жалпылу  әдісіне  жатады.  А.  Байтұрсыновша  ол  ұсақтан  ірілету 
болады. 
Әңгімелесу  әдісі.  Оқушыны  жаңа  білімді  алуға  белсене  қатыстырып,  оны  білім  алу 
әдістеріне,  мұғалім  қойған  сұрақтарға  өз  бетімен  жауап  беруге  үйретеді.  Эвристикалық 
әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп олардың жаңа 
білімді түсінуін, қорытында жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылардың 
өздері  еңбектеніп,  ойланып  жаңа  білім  алады.  Әңгімелесу  –  оқытудың  диалогтік  әдісі, 
мұғалім оқушыларға мұқият  ойластырылған сұрақтарды жүйелі  қою арқылы олардың жаңа 
оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін 
тексереді.  Әңгімелесу  –  дидактикалық  әдістің  ескі  түрі,  оны Сократ  шебер  түрде  қоданған, 
сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды [4, 129]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет