321
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы
дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты
дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды
жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, қазақ
тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда оқушыларға:
– суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және
топтастыруға;
– негізгі дерек көздерді бағалауға және оларға тиіс сұрақ қоюға;
– қорытындылар мен бастапқы тұжырым жасай отырып, негізгі дереккөздерді
салыстыруға және талқылауға;
– анағұрлым кең тәжірибие негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға
тапсырма беріледі.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа
қатыса отырып, өздерінің бастапқы қорытындыларын талдау және қайта қарау арқылы өзінің
оқу процесін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану процестерін барынша түсінуге
көмек көрсеткен дұрыс.
Авторлар: «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу,
салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға
сеніммен қарау», – деп түсіндіреді.
Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген
жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана
жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту
технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде
берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-
бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып,
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама [2].
Бұл технологияны қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабағында қолдану өте тиімді.
Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде өте маңызды. Сонымен қатар
сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруғада болады. Ұстаз бұл жүйемен жұмыс
жасағанда, үнемі оқушылардың санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын
жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан
ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім, білік, дағдысын
қалыптастыру жолында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданған жөн. Мысалы
«РАФТ» стратегиясы
бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік
бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын
мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен
өткізеді. РАФТ оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне
түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: