Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА



Pdf көрінісі
бет187/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

senkubaev54@mail.ru
 
 
М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА  
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация:  мақалада  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік 
мәселелерінің  бірі  оқу-ағарту  болғаны,  оны  дамытуға  үлес  қосқан  алаш  қайраткерлерінің 
еңбектері  қарастырылған.  Ұлтымыздың  ұлы  ақыны,  педагог-ағартушы  М.Жұмабаевтың 


333 
 
«Педагогика»  еңбегі,  онда  басты  нысанаға  алынған  мәселелерге  тоқталған.  Еңбектегі 
ұлттық  тәрбие,  ұлттық  құндылықтар,  ұлттық  тұлға  ұғымдарының  өміршеңдігі  мен 
өзектілігі,  оны  қалыптастыру  жолдары  жүйелі  түрде  көрсетілгені  тұжырымдалған. 
«Педагогика»  еңбегінің  бүгінгі  қазақ  педагогикасы  ғылымында  алатын  орны,  мәні  мен 
маңызы көрсетілген. 
Тірек  сөздер:  ұлттық  тәрбие,  тұлға,  ұлттық  тұлға,  ұлттық  құндылықтар,  педагогика, 
тәрбие, рухани құндылық. 
 
Жас ұрпақтың тәрбиешісі – оның ұстазы. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – 
мұғалім.  Еліміздің  азғана  жылдық  ояну  дәуіріне  баға  беру  үшін  алты  алаштың  баласы  бас 
қоса  қалса,  қадірлі  орын  -  мұғалімдікі»,-дейді  ұлтымыздың  ұлы  ақыны,  педагог  Мағжан 
Жұмабаев [1,97]. 
Түркі  әлемінің  ойшылы  Жүсіп  Баласағұнның:  «Білім  –  адам  баласының  ортақ 
қазынасы» деген терең пікіріне зер салып, ой түйсек терең мән бар. Бүкіл адамзат баласының 
ғылымды  игеріп,  жаңалықтар  ашып,    әлемнің  жұмбақ  сырларын  ашқаннан  бері  де  талай 
ғасыр өтті. Бүгінде біз, ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында өмір сүріп 
жатырмыз.  Ақпараттың  молдығы  сондай,  қабылдау  мен  түйсінудің  өзі  адам  баласына  көп 
күш  түсіруде.  Ал  осындай  заманның  жас  өскінін  қалай  оқытамыз,  халық  даналығына  бой 
салсақ,  «жақсыға  үйретеміз,  жаманнан  жирендіреміз».  Бұл  бүгінгі  ұстаздар  қауымының 
алдында тұрған үлкен міндет. 
Тұңғыш Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «…Оқушыларды 
қазақстандық  патриотизм  мен  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, 
тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» 
– деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға 
тиісті [2]. 
Психолог  С.Л.Рубинштейн:  «Жалпы  даму  барысында  жеке  адам  қалыптасады.  Оның 
сыртқы қалпын тек ішкі орта арқылы, сол жеке бастың өз қуаты, өз белсенділігі арқылы іске 
асырады»,  -дейді.  Философ  Г.С.Батышев  «Адамды  «жасауға»,  «өндіруге»,  зат  ретінде 
орнатуға,  өнім  ретінде  затқа  айналдыруға,  сырттан  келген  құлықсыз  әрекеттің  туындысы 
ретінде  қарауға  болмайды.  Тек  оны  іске  қоса  біл,  әрекетке  келтір.  Сол  арқылы  басқа 
адамдармен әрекет барсында белсенді адам қалыптастыруға  болады»-дегенді айтады [3,26]. 
Қазақстан бүгінде әлем таныған мемлекет.  Ұлт  болып қалыптасқаннан бергі  тарихын, 
тілі  мен  ділін,  мәдениетін,  ұлттық  құндылықтарын  зерделеп,  зерттеп  жатқан  ғылымы  бар. 
Осындай  асыл  мұраны  кейінгі  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  оларды  отаншылдыққа, 
ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  үшін  көптеген  игі  істер  атқарылып  жатқаны  аян.  Осы  тұста 
өткенге  пайыммен  қарай  отырып,  алаш  қайраткерлерінің  еңбегіндегі  педагогикалық  ой-
пікірлер мен көзқарастарды танып білу елдігіміздің белгісі болып табылады.  
ХХ ғасырдың бас кезінде алаш қайраткерлері ұлт мүддесін көздеп, ұлттың болашағына 
алаңдап,  ұрпақтың  оқу-білім  игеріп  қана  қоймай,  ұлтжанды  болып  қалыптасуына  ерекше 
назар аударғаны шындық. Сондықтан да олардың қаламынан ұлттық педагогикаға қатысты 
еңбектер жарық көрді. 
Ұлттық  мүдде  жолында  аянбай  еңбек  еткен  ұлы  тұлғалардың    бірі  М.Жұмабаевтың 
«Педагогика» еңбегінің бүгінгі  педагогика ғылымында алатын орны ерекше екені анық. 
М.Жұмабаев  1922 жылы "Педагогика" атты  ғылыми еңбегін жарыққа шығарады. Сол 
кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев 
осы  кітаптың  беташарына  былай  деп  жазыпты:  «Заманға  дәл  жаңа  кітап  шыққанша 
малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып 
отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал...». Өз кітабы 
жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында 
оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». 


334 
 
Біз  бұдан  кітаптың  басылуы  оған  оңай  болмағанын,  көпшілік  талқысына  түсіп,  тәжірибелі 
мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.[1]. 
Мағжан Жұмабаев  тағы  да  былай деді:  «Тәрбие ғалымдарының  пікірлерін  таңдап 
алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән 
тілі  болмағандықтан,  түрлі  терминдерге  таңдап  тап  басқанда  қазақша  сөз  табу  көп  күшке 
тиді.  Қалайда,  курстарда  оқыған  мұғалімдердің  жәрдемімен  таза  орысшадан  қазақшаға 
айналдырылды. Ал енді жаһан тілі  болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды 
тиіс таппадым»[1]. Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, 
бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені анық. 
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінің «Жалпы педагогика» деген тарауында 
«Тәрбие  деген  не?»,  «Тәрбие  бөлімдері»,  «Тәрбиедегі  мақсұт»,  «Педагогика  қандай  пән?», 
«Педагогика  мен  жақсы  таныс  болудың  керектігі»,  «Педагогикаға  жәрдемші    пәндер», 
«Педагогика бөлімдері» деп тараушаларға бөліп қарастырады. 
«Адам  баласы  туғанда  іңгәләған  айғайы  мол  бір  кесек  ет.  Ақыл-есі  жоқ.  Денесі  тым 
әлсіз. Өсуі, ұлғаюы сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса 
сараң  өсетіндіктен,  оның  денесіне,  жасына  азық  беріп,  өсуіне  көмек  көрсепей  яғни  оны 
тәрбие қылмай болмайды»,-дейді [1, 98]. 
Мағжан  Жұмабаев    адам  баласының  физиологиялық  өсіп  өнуі  мен  қатар  оның  тәлім-
тәрбие  алуы  қажет  екенін  бас  айтқан  Баланың  бойына  қалыптасатын  қасиеттердің  бәрі 
белгілі бір бағыттағы тәрбиенің жемісі, нәтижесі екені анық. 
Адам табиғаты өте күрделі құбылыс. Оның тәні мен жаны тәрбиені бірдей қажет етеді. 
Қай  халық  болмасын  өз  ұрпағының  тәрбиесіне  ереше  қарайды.  Жамандықтан  жирендіріп, 
жақсылыққа  құштар  қылып  өсіру,  тәрбиелеу  жолдары  қашанда  қоғам  алдындағы  міндет, 
ұрпақ  алдындағы  борыш,  ата  –баба  алдындағы  парыз  екені  ақиқат.    Өскелең  ұрпақты 
еңбексүйгіштік  пен төзімділікке баулу ата салтымыз.  Себебі олар еңбек пен төзімділік өмір 
сүрудің ең жоғары формуласы деп түсінген.  
Ұлтымыз өз намысын ешқашан жау қолына бермеген. Ұшы қиыры жоқ кең даласын тек 
ел  намысын  қорғаудағы  жау  жүрекеттілігінің  арқасында  ғана  жауға  бермей,  дұшпаннан 
қорғап қалған. Қара сөздің қасиетін бәрінен жоғары қойған ат-бабамыз сөз арқылы дауды да, 
жауды  да  қайтарып,  бір  ауыз  сөздің  құдіреттілігін  түсініп,  сөзді  қастерлей  білген.  Осы  игі 
қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруді Мағжан Жұмабаев та өз еңбектерінде қарастырған.  
Біздің халқымызға тән асыл қасиеттер сұлулық пен әсемдік, алғырлық пен тапқырлық, 
шапшандық  пен  ат  құлағында  ойнай  білетін шеберлік  екенін  көпшілік  біледі.  Осындай  ізгі 
қасиеттеріміз мен ата-салтымыз арқылы ғана ұлтымыздың ұлылығын сақтап, өсіп өркендеп 
даму жолында көштен қалмай келеміз. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі еңбексүйгіш, шабытты, 
ақылды болуын армандаған, халқымыздың арман тілектерін тәрбие арқылы ғана орындауға 
болатынын мойындаймыз. 
«Тәрбиедегі  мақсұт  -  адамды  һәм  сол  адамның  ұлтын,  асса  барлық  адамзат  баласын, 
әрбір  ұлтты  бақытты  қылу.  Ұлт  мүшесі  әрбір  адам  бақытты  болса,  ұлт  бақытты,  адамзат 
дүниесі бақытты, қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсұт – адам деген атты құр жала қылып 
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»,-деп ұлттық болымысты бойына сіңіріп 
тәрбиелеуде  де,  адамдық  қасиеттерді  ұрпақ  бойына  сіңіріп  тәрбиелеуде  де  ұстаздың 
ұлылығын дәріптейді[1,99]. 
«Тәрбие  тал  бесіктен  басталады»  деген  дана  халқымыз  қашанда  ұрпақ  тәрбиесіне 
ерекше  көңіл  бөлген.  Оң  берілген  тәрбиенің  адамның  өзі  үшін,  жақын  туыстары  үшін, 
қоршаған  ортасы  үшін  пайдасы  зор  болмақ.  Адам  үшін  тәні  мен  жанының  саулығы, 
отбасының татулығы, береке мен тоқшылық, мейрімділік пен сыйластық, өзгенің қуанышына 
қуана біліп, қайғысына ортақтасу, өзіңе ұнайтын, жаныңа жақын қызметіңді  істеп, өзіңе де 
өзгеге де сыйлы болудан артық ештеңе жоқ.  
Алаш  ардақтылары  «Адам»  атты  ұлы  есімнің  бойында  тек  жақсы  қасиеттер  мен  іс-
әрекеттер  ғана  болуға  тиіс  деп,  ұрпағын  соған  құштар  етуді  мақсат  еткен.  Қазақтың  ұлы 
қайраткерлері  әрбір  ұлттың,    жалпы    адамзат  баласының  бақытты  болуын  армандаған.  Қай 


335 
 
ұлттың  болмасын  шын  мағынасындағы  «Адам»  болып  қалуына  үлесін  қосқан.  Олар  өз 
ұлтының  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтаған.  Әрбір  ұлт  мүшесінің  өзіндік  болмыс  -бітіміне 
сәйкес  ұлттық  тәлім  тәрбие  алуы  қажет  деп  санаған.  Әрбір  ұлт  мүшесі  өз  ұлтының  ұлттық 
қасиеттерін  бойына  сіңіріп,  адам  атты  аяулы  есімді  ардақтап,  ұлттық  тәлім  тәрбиемен 
қарулануы керектігін баса көрсеткен 4. 
Әр  халықтың  ұлттық  рухы  сол  ұлттың    бітім  болмысына  терең  сіңген  кезде  ғана  ұлт 
жасампаз  болады.  Нағыз  ұлттық  тұлға  ғана  ұлттың  бейнесін  жоғары  көтереді,  ұлылығын 
ұлықтайды, ұлттық қасиеттерді сақтай біледі. Осы тұрғыдан қарастырғанда М.Жұмабаевтың 
«Педагогика»  атты  еңбегі  аса  құнды  да  маңызды  еңбек  болып  табылады.  Автор  өзінің  осы 
еңбегінің «Педагогика қандай пән» деген бөлімінде: «Біз жоғарыда адам баласының тәрбиеге 
мұқтаж  екендігін,  оған  қандай  тәрбие  беру  керектігін  һәм  ол  тәрбиені  не  үшін  беру  керек 
екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ, балаға дұрыс тәрбиені  әрбір тәрбиеші (ата, ана, 
мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені  оқып білмей- ақ, өз бетімен бере 
ала ма? Әркім өзі-ақ жол тауып кететіндей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ 
бұлай емес. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер жеке бір ғылым иесі болуды 
тілейтін өнер», деп педагогика ғылымының  тағылымдық тереңділігіне барлайды. Қоғамда өз 
орнын  табатын,    өз  мүмкіншілігіне  сенетін,  өзін  көрсете  білетін  адам  тәрбиелеу,  тұлға 
қалыптастыру  үлкен  еңбек    екенін  ғылыми  тұрғыда  тұжырымдайды.  «Педагогика 
ғылымымен  жақсы  таныс  болудың  керектігі»  жайында  айта  келіп,  баланы  тәрбиелеу 
барысында  тәрбиешінің  өз  тәжірибесі,  өмірлік  тәжірибесі,  өмірден  көріп  түйгені,  өзінің 
жетістіктері  мен  кейбір  жіберген  қателіктері  бала  өміріне  ықпал  етеді  деген  тұжырым 
жасайды. Сондықтан кез келген тәрбие саласында қызмет істейтін тұлғаның бойында жақсы 
қылықтары мен қасиеттердің міндетті түрде басым болуы тиісті екендігін аңғартады. 
«Тәрбиедегі мақсұт – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес. Келешек өз 
заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп 
үйрет!»деген Әзірет Әлінің сөзінде көп шындық бар Бұл -бір»,-дейді [1,100]. 
Адам–  қоғамның  белсенді  мүшесі.  Оны  бір-бірінен  жеке  дара  қарай  алмаймыз.  Бұл 
екеуі бір-бірімен  тығыз байланысты. Қоғамдағы өзгеріс, оның дамуы, әлеуметтік ерекшелігі, 
сол  қоғамның  өзіндік  сипаты  мен  тарихи  дамуы  адам  өмірімен,  оның  болмысымен  тікелей 
байланысты,  қоғамдық-әлеуметтік  құбылыс  адам  сана  –сезіміне  әсер  етпей  қоймайды. 
Мағжан  Жұмабаев  адам  баласына  оның  ішінде  жас  ұрпақ  тәрбиесінде  қоғамның  ықпалын 
нақты  деректермен    дәлелдеп  көрсете  білді.  Автордың  пайымдауынша  «әрбір  тәрбиешінің 
қолданатын  жолы-  ұлт  тәрбиесі.  Әрбір  ұлттың  балаға  тәрбие  қылуы  туралы  ескіден 
қалыптасып  келе  жатқан  жеке-жеке  жолы  бар.  Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  көп 
буын  қолданып  келе  жатқан  тақтайдай  жол  болғандықтан,  әрбір  тәрбиеші,сөз  жоқ,  ұлт 
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әр бір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты 
үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға 
міндетті. Бірақ ұлт тәрбиесін, ұлттық тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге 
болмайды.  Ұлт  тәрбиесінің  жақсылық  жағы  көп  болған  сықылды,  жамандық  жағы  да  көп. 
Талай  нашар,  зиянды  әдеттер  әрбір  ұлт  тәрбиесі  ішінде  толып  жатыр»,[1,101]-деп  ғалым 
ұлттық тәрбиенің қандай болу керектігіне тоқталады. 
Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық бала тәрбиеудегі салты мен дәстүрі болады. Бұл ұлттық 
тәрбие болып табылады. Өз ұлтының қамын ойлайтын, сол үшін қызмет ететін, ұлттың ізгі 
қасиеттерін  бойына  сіңірген,  ұлттық  тұлғаның  қалыптасуын  сол  кездің  өзінде,  яғни  қызыл 
империялық  саясаттың  үстемдік  құрып  тұрған  шағында  өз  ұлтының  қамын  ойлаған  ұлы 
ғалымның бұл пікірлері күні бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ. Ұлт тәрбиесінің ішінде 
де  жағымды  жағымсыз  әрекеттердің  бар  екенін,  сондықтан  ұлттық  тәрбие  беруші 
тәрбиешілер оны ой елегінен өткізіп қажеттісін іріктеп алып беру керектігін де көрсетеді. 
«Жоғарыда  айтып  кеткендей,  балаға  шын  дұрыс  тәрбие  беру  үшін  тәрбиешінің  өз 
тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы жетпей жатады екен. Бұлар – сыннан өткізілмей 
пісірілмеген күйде беріліп, негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын, алтыны 
мен  мысын  тізіп  ала  білу  үшін  тәрбие  майданында  шынығып  ысылған  тарландардың 


336 
 
тәжірибелерімен,  түрлі  ұлттан  түрлі  заманда  шыққан  тәрбие  ғалымдарының  ойларымен, 
қысқасы,  тәрбие  туралы  дұрыс  жолға  түсіретін  шын  тәрбие  дәнімен,  яғни  педагогикамен 
жақсы таныс болу керек»-дейді М.Жұмабаев [1,101]. 
М.Жұмабаев бұл жерде ұстаз жақсы мен жаманды, асыл мен  жасықты айыра алатын,  
ұлттың өткен тарихын жақсы білетін білімді және өз білімін  бала  көкірегіне дарыта  алатын 
шебер-әдіскер  маман  болуын  айтып  отыр.  М.Жұмабаев  «Педагогикаға  жәрдемдес  пәндер» 
деп яғни педагогиканың басқа пәндермен байланысын, соның ішінде «Дене тәрбиесі», «Жан 
тәрбиесін» ерекше бөліп қарауға тырысқан. Дене туралы пәндер  – психология, физиология, 
гигиена,  гимнастика  деп  жіктейді,  аталған  пәндердің  тұлғаның  қалыптасуына  әсерін 
дәлелдеп,  құнды  пікірлер  айтқан.  Адам  денесінің  дұрыс  қалыптасуы  үшін  –  оның  дұрыс 
қимыл  әрекеті,  сұлулығы,  тазалығы,  дене  бітімі  де  көз  тартарлықтай  әдемі  болу  керек  деп 
қараған.  Адам  жанының  жай-күйін,  ақыл-ойын,  ішкі  жан-дүниесін,  сезімін,  адамшылық 
қасиетін  дамыту  барысында  да  “психология”,  “логика”,  “этика”пәндерінің  алатын  орнына 
тоқталған. 
Ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген, ұлттық рухы, ұлттық қасиеттері мол сақталған, 
адамгершілігі  жоғары,  өзін  барлық  қоғамдық  ортада  ұстай  білетін,  тілі  жетік,  ойы  орамды 
және өз ойын өзгелерге шебер жеткізе алатын, сезімге тиянақты, жауапкершілігі аса жоғары- 
адам ұлттық тұлға  болып қалыптасады. 
Ғалым  педагогика  тарихына  да  тоқталып,  өткен  тарихқа  тереңірек  үңілмей,  оның 
қажеттісін  таңдап,  талғап  алып  пайдаланбай,  педагог-ғалымдардың  ой  пікірлерін  зерттеп 
білмей, оқып тоқымай, оны зерделемей болмайды деп тұжырымдайды. Оны зерттейтін пән 
«педагогика тарихы»  дейді. Жақсы мен жаманды, құндылық пен құнсыздықты, ұлылардың 
зерттеп-зерделеген түйіндерін оқытып, үйрету  арқылы ұлт тарихын, ата-баба дәстүрін жан-
жақты терең білетін  ұлттық тұлға қалыптастыруға болады деген ой түйіндейді. 
Өз  ұлтын  қадірлеп-қастерлеген,  ұлт  қадірін  білген  азаматтың  бірі  қаламгер,  қоғам 
қайраткері, алаш арыстарының бірегейі  Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып 
қалғанмын.  Оны  үзе  алмаймын.Үзу  қолымнан  келмейді»  - дейді,  ал  атақты  шешен,  батыр 
 Сырым  Датұлы: «Мен  ағайынды  екеумін:  бірі  -өзім,  екіншісі-  халқым»    деген  болатын. 
Ұлтына  асқан  сүйіспеншілікпен,  перзенттік  борышын  бәрінен  жоғары  қойған  ұлт 
ардақтыларының  жүрекжарды  пікірлері    бүгінгі  жас  ұрпаққа  нағыз  елжанды,  ұлтжанды, 
тәрбие берері сөзсіз.Ұлттық рухы берік, ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын ұлттық тұлға 
бүгінгі қазақ қоғамының нағыз  белді өкілі екені анық. 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер: 
1  Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана-тілі, 1992.-160 б. 
2  Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030” жолдауы. 1997. 
3  Сағындықұлы Е. Педагогика. –Алматы: Білім, 2001.-220 б. 
4  Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. –Алматы: Білім, 
2001- 224 б. 
 
ӘОЖ 372.851 
ТӨЛЕГЕН ӨМІРБЕК ШАЙМҰРАТҰЛЫ 
БАШАРОВА ЗАМЗАГУЛЬ ЖАНАТОВНА 
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі,  
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет