Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет181/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204
... 
... 
... 
 
«Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін, тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар 
жасауға  тырысамын»  деп  А.Эйнштейн  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай  біздің  де 
мақсатымыз  –  білім  алушылардың  өздігінен  білім  алуына,  өз  бетінше  ізденуіне,  өздік 
жұмыстар жасауына, шығармашылықпен жұмыс жасауға жағдай жасау. Әрі сын тұрғысынан 
ойлауға  үйретіп,  өмірде  кездесетін  қиыншылықтардан  шығудың  жолын  көрсету, 
пробелемаларды өздігінен шешуге үйрету. 


323 
 
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі 
тиімді  әдістердің  бірі  –  «Шындық  детекторы»  әдісі.Бұл  әдіс  бойынша  тақтаға  бір  оқушы 
шығады,  оған  8-10  сұрақ  қойылады.  Ол  сұрақтардың  бәріне  дұрыс  жауап  береді  де,  бір-екі 
сұрақтың  жауабын  қате  айтады.  Топта  отырған  оқушылар  өзара  ақылдасып,  қай  сұраққа  
жалған жауап бергенін анықтайды, дәлелдейді 4. 
Бұл  әдіс  оқушылардың  білімінің  беріктігін  тексеруге  өте  тиімді  әрі  саналы  да  терең 
білім алуына көмектеседі. 
Қорыта  келгенде,  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясын  қолданудың  сабақ  сапасына  әсері  мол.  Сабақта  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясының  стратегияларын  тиімді  де  жүйелі  қолдану  оқушылардың  танымдық 
қабілеттерін, белсенділігін дамытып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейді.  
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін 
дамыту арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Біріншіден, оқушылардың білім сапасы 
көтеріледі.  Екіншіден,  оқушылардың  сөйлеу  мәдениеті  артып,  ораторлық  қабілеті 
шыңдалады. Үшіншіден, кез-келген тапсырманы орындауға талпынады. Төртіншіден, өмірге 
тез бейімделіп, функционалдық сауаттылығы артады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Назарбаев  Н.Ә.  2030  жылға  арналған  стратегиялық  бағдарламасы.  –  Алматы:  Ақ  орда,  1  қазан,  1997 
жыл. 
2  Мирсейітова С. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.  – Алматы: 
Мұрагер, 2011 жыл. 
3  Әбдібекқызы  Қ.  Оқушылардың  көркем  шығармашылық  қабілетін  дамыту.  –  Алматы:  Рауан,  1994 
жыл. – 62-б.  
4  Жақсылықова  Г.И,  Каженова  А.М.,  Исмагилова  Н.З  Интербелсенді  әдіс-тәсілдер.  Алматы: 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл. 
 
 
ӘОЖ 37.013:821.723.139 
НАУКАНОВА АИДА ЕРЛАНОВНА 
ҚУАНЫШБАЙ ГҮЛДЕРАЙ ЕРҒАЗЫҚЫЗЫ 
ЖОЛАМАНОВА ТОЙЫНДЫҚ МОЛДАҒАЛИҚЫЗЫ 
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі  
Көкшетау, Қазақстан 
aida.naukanova2000@gmail.com 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет