326
1. Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр... сөздерін қатыстырып, шағын мәтін
құрастырыңдар.
2.
Екі сөзді салыстырып, екінші жағын толтырыңдар:
«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер
«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды
да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп
отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының
мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне,
қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Аталған жаңа
бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға
мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – оқушыға жеңілден қиынға,
қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына
отырып,
оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын
ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін
мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Ж.Қараевтың
деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 деңгейге бөлінген: Репродуктивтік
деңгей– жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар
оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
Алгоритмдік деңгей– мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты
пайдалана отырып орындайды. Эвристикалық деңгей– оқушы өзі ізденіп, қосымша
әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. Шығармашылық деңгей – оқушының таза
өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс
үстінде өздігінен меңгереді [4, 4].
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тиімді технологиялардың бірі –
модульдік
Достарыңызбен бөлісу: