Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЛИРО-ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет195/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   204
ЛИРО-ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Аннотация: мақалада лиро-эпостық шығармаларды оқыту барысында функционалдық 
сауаттылықты арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдер туралы сөз қозғады. Лиро-эпикалық 
туындылардың  ерекшеліктері  мен  оқиға  желісі  баяндалып,  тұрмыс-салт  жырларының 
бірнеше  түрлері  көрсетілді.  Ғашықтық  жырларын  жинап,  жариялауда  үлес  қосқан  және 
зерттеп қарастырған ғалымдар жайлы да ақпарат берілді. Лиро-эпикалық жырлардың бір 
дәуірдің  ғана  жемісі  еместігі  мен  талай  ғасырлар  бойғы  бірге  жасасып,  әртүрлі 
жағдайларды,  таптық,  қоғамдық  тілектердің  ыңғайына  қарай  өзгеріп  отырғандығы, 
ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша  түрінде,  көптеген  өзгерістерге  ұшырау  арқылы  жеткендігі  де 
сөз  болды.  Эпикалық  шығармалардың  өзіне  тән  ерекшеліктері  атап    көрсетілі,  олардың 
негізгі  бір  мазмұнға  құрылуы,  сюжет,  композициясы,  тақырыбы,  көркем  бейнелері  нақты 
фактілер  арқылы  көрсетіліп,  дәлелденді.Әр  сыныпта  лиро-эпикалық  туындыларды 
талдаудың  өзіндік  ерекшеліктерімен  даралана  талданатыны  айтылады.Ғашықтық 
жырларын  оқыту  арқылы  оқушылардың  ізденімпаздық,  шығармашылық,  зерттеушілік 
қасиеттері дамиды. 
Тірек сөздер:лиро-эпика, ғашықтық жырлар,функционалды сауаттылық, интербелсенді 
әдіс-тәсілдер, көркем шығарма, қаһармандық, лирикалық сезім. 
 
Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  жолдауында: 
«…Жастарға  сапалы  білім  берумен  қатар,  сол  білімін  қоғамдық-әлеуметтік  ортада 
пайдалануға  икемдеу,  олардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыру  арқылы  еліміздегі 
білім  мен  ғылымды  дамыту  мәселелеріне  баса  көңіл  аудару  керек»  [1],  –  деп,  мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау 
жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге қабілетті елу 
елдің  қатарына  кіруі  барысында  маңызды  қадам  болып  табылады.  Осы  бағытта  біз  лиро-
эпикалық  шығармаларды  оқыту  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
арттыру  мақсатында  біршама  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  тәжірибеде  жүзеге  асыруға 
тырыстық. 
Лиро-эпостық жырлар (ғашықтық жырлары) – лирикалық әрі эпикалық шығарма. Лиро-
эпостық  жырларда  оқиға  желісі  бір-біріне  ғашық  екі  жастың  арасындағы  махаббатқа 
құрылады.  Көпшілігінің  ғашықтық  оқиғалары  ескі  салт-сананың  құрбаны  болып,  сәтсіз 
аяқталады.  Лиро-эпостық  жырларларда  халықтың  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  наным-сенімі, 


346 
 
көңіл-күйі  көбірек  суреттеледі.  Оларда  реалистік  және  романтикалық  көріністер  сабақтаса 
келіп,  реалистік  әдіс  басым  жатады.  Ғашықтық  жырларда  кейіпкерлер  –  батырлар  емес, 
карапайым  адамдар.  Екі  жастың  бір-біріне  деген  сүйіспешілігін  жырлайтын  эпостарда, 
негізінен,  махаббат  отына  жанған  қыз  бен  жігіттің  қосыла  алмай,  трагедияға  ұшыраған 
тағдыры  баяндалады.  Әдетте,  олардың  бақытына  кедергі  болатын  нәрсе  –  ата-аналардың 
қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, я болмаса екі рудың арасындағы 
араздық.Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу 
қалыптасқан,  бірақ  бұл  қаһармандық  жыр  мүлде  өшіп,  оның  орнына  романдық  эпос  келді 
деген  сөз  емес,  эпостың  бұл  екі  түрі  көп  уақыт  бірге,  бір-бірімен  байланыса,  қатарласа 
дамыған.  Ұқсастықтары  да  аз  емес.  Олардың  жалпы  поэтикалық  сипаты  ұқсас.  Айталық, 
сюжеттік  құрылымдардың  бір  типті  болып  келуі,  образдар  жүйесіндегі  біркелкілік,  өлең 
құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де 
кездеседі.  Ғашықтық  жырлар  батырлық  жырлардан  кештеу  қалыптасқан,  бірақ  бұл 
қаһармандық  жыр  мүлде  өшіп,  оның  орнына  романдық  эпос  пайда  болды  деген  сөз  емес. 
Эпостың  бұл  екі  түрі  көп  уақыт  бірге,  бір-бірімен  байланыса,  қатарласа  дамыған. 
Ұқсастықтары  да  аз  емес.  Олардың  жалпы  поэтикалық  сипаты  ұқсас.  Айталық,  сюжеттік 
құрылымдардың  бір  типті  болып  келуі,  образдар  жүйесіндегі  біркелкілік,  өлең  құрылысы 
мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. 
Ғашықтық жырлар көп  нұсқалы болып келеді. Оның себебі көп уақыт бұл жырлар ауызша 
тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен. 
Ғашықтық  жырларында  тұрмыс-салт  жырларының  көптеген  түрлері  кездесіп  жатады. 
Айталық, айтыс, жоқтау, құдалық, сырға салу,сыңсу жар-жар сынды көптеген түрлері. Қазан 
төңкерісіне  дейін  ғашықтық  жарларын  жинап,  жариялауда  көптеген  орыс  ғалымдары 
В.Радлов,  Н.Березин,  Г.Потанин  еңбек  сіңірген.  Ал,  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп  қарастырған 
ғалымдар, 
С.Сейфуллин, 
М.Әуезов, 
Қ.Жұмалиев, 
Ә.Қоңыратбаев, 
С.Мұқанов, 
Ы.Дүйсенбаевтар  болатын.  Лиро-эпикалық  жырлар  бір  дәуірдің  жемісі  емес.  Бұл  да  талай 
ғасырмен  бірге  жасасып,  әртүрлі  жағдайларды,  таптық,  қоғамдық  тілектердің  ыңғайына 
қарай  өзгеріп  отырған,  ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша  айтылу  түрінде,  көптеген  өзгерістерге 
ұшырау арқылы жеткен [2]. 
Қазақ  лиро-эпостық  жырлары  негізінен  екі  түрге  бөлінеді:  а)  қазақ  халқының  төл 
туындылары  –  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман  –  Шолпан»,  «Күлше 
қыз»,  «Құл  мен  қыз»,  «Мақпал  қыз»,  «Есім  –  Зылиха»;  ә)  шығыс  әдебиеті  негізінде 
назирагөйлік дәстүрде жазылған қиссалар – «Мұңлық – Зарлық», «Сейфілмәлік», «Бозжігіт», 
«Таһир – Зуһра», «Жүсіп – Зылиха», «Шәкір – Шәкірат», т.б. 
Қазақ  ауыз  әдебиетінде  лиро-эпикалық  жырлардың  ертеден  келе  жатқан  бірнеше 
үлгілері  қалыптасқан.  Солардың  ішінде  бастылары  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»,  (Қыз 
Жібек»,  «Айман  –  Шолпан»  жырларын  айтуға  болады.  Бұл  жырларда  тек  ғашықтық, 
махаббат әңгімелері ғана суреттелмейді. Халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні 
бар жайлары қамтылады.  
Эпикалық  шығармалардың  негізгі  бір  мазмұнға  құрылуы,  сюжет,  композициясы, 
тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттері – эпикалық шығармалардың өзіне 
тән  ерекшеліктері  болып  табылады.  Сондықтан  оларды  талдау  барысында,  ең  алдымен, 
әдебиет теориясынан білім беріледі. 
Көркем  шығарманы  талдау  оны  оқудан  басталады.  Көркем  туындыны  толық  оқымай, 
мазмұнын  жете  меңгермей  тұрып,  оны  талдау  мүмкін  емес.  Эпикалық  шығармаларды 
талдауда әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады. 
Жырдың  эпизодтармен  жұмыста  мына  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөлу  керек:Қай 
буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше 
көңіл  бөледі.  Ал  оқиғалар  бір-бірінен  туындап  жатады,  оқиғаның  басталуы,  дамуы, 
шарттары,  шешімдері  бар.  Олардың  барлығы  оқиға  құрылысына  жатады.  Талдауда  ең 
алдымен оқиға, композиция назарға алынады.  


347 
 
Ғашықтық  жыры  –  ауыз  әдебиетінің  маңызды  да  күрделі  жанры.  Оның  оқытудағы 
қиындық  –  жырдың  ұзақтығы,  тілінің  сонылығы,  яғни  көнерген  сөздердің  көптеп  кездесуі, 
поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-8-сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек 
сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл 
бөлу  керек.  Мысалы,  кіріспе  жұмыстарын  жүргізгенде  оқушыларға  лиро-эпикалық  жырлар 
туралы  алғашқы  әдеби-теориялық  ұғым  екі  кезеңмен  беріледі.  Содан  соң,  жырдағы  халық 
арманын талдап, оның негізінде халық тарихының жататыны туралы айтылады. Жырға әдеби 
талдау жасау және жырдың идеясын тақырыбын ашу көзделеді [3]. 
Лиро-эпостық  шығармаларды  оқыту  арқылы  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын арттыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. 
Сабақ  үдерісінде  лиро-эпикалық  шығармаларды  оқытуда,  оқушыларға  жырларды 
таратып  бергеннен  кейін  «ДЖИГСО»  әдісімен  оқып-талдауға  тапсырма  беруге  болады. 
Мысалы:  І  топ  оқушылары  «Қарабай  мен  Сарыбайдың  аңшылыққа  шығуы  мен  бел  құда 
болуы»  туралы  шағын  жырды  оқыса,  ІІ  топ  «Қозының  Баянды  іздеп  жолға  шығуынан»,  ІІІ 
топ  «Екі  ғашықтың  махаббат  құрбаны  болуын»  осындай  тақырыптағы  шағын  жырларды 
белгіленген  уақыт  аралығында  оқып,  талдап  болған  соң  әр  топ  мүшелері  өзінің  бастапқы 
тобына оралады да, сол оқыға бойынша түсінгенін әңгімелейді.  
Бұл  әдістің  тиімділігі  –  шағын  жыр  үзіндісі  арқылыоқушылар  жыр  мазмұнынан 
хабардар  болады,  яғни  аз  уақыттың  ішінде  көлемді  тақырып  барлық  оқушыға  түсінікті 
болады.  Бұл  жерде  оқушының  тыңдау  дағдысы  қалыптасады,  шағын  топта  талқыланған 
жырды өз тобына келіп баяндау арқылы оқушының айтылым дағдысы да дамиды әрі  әрбір 
оқушыда  осы  материалды  қазір  өз  тобыма  жеткізуім  керек  деген  жауапкершілік  пайда 
болады. 
«Білемін/Білгім  келеді/Үйрендім»  (ББҮ)  кестесі  сабақтың  басынан  аяғына  дейін 
қолданылады,  өйткені  стратегия  сабақтың  барлық  сатысын  қамтиды  –  сабақтың  басында 
оқушылар  осы  мәселе  туралы  не  білетіндерін  ойланады,  сонан  соң  сұрақтар  құрастырады 
және  осы  сұрақтарға  өздері  жауап  іздейді.  Басқаша  айтқанда,  оқушылар  сабақты  тиімді 
меңгеру  үшін  барлық  рәсімдерді  жасай  алады.  Біріншіден,  не  білетіндерін  ойға  түсіреді; 
екіншіден, сұрақтар қояды; үшіншіден, сабақта не үйренгендерін түйіндейді. Осы үш сатыны 
қамтитын сәттер оқушылардың белсенді таным жұмыстарының куәсі болып табылады. Осы 
кестені лиро-эпикалық жырларының кез келгенін оқытуда қолдана аламыз. 
«Венн  диаграммасы»  арқылы  лиро-эпикалық  туындыларды  салыстыруға  түрлі 
тапсырмалар беруге болады. «INSERT», «Галереяда ой шарлау», «Семантикалық карта» т.б. 
әдістер  бойынша  жыр  мазмұнын  терең  түсініп,  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруға 
бағытталған тапсырмаларды саралап, оқушы деңгейіне сай топтастырып жасақтауға болады. 
Лиро-эпикалық  шығармаларды  оқыту  арқылы  білім  алушылардың  функционалдық 
сауаттылығын арттыруда тиімді әдістердің бірі – «Жол шетіне белгі қою» әдісі. 
«Жол  шетіне  белгі  қою»әдісінің  алгоритмі  бойынша  жырды  эпизод-эпизодқа  бөліп,әр 
оқушыға  таратамыз.  Белгі  бойынша  сыныптағы  барлық  оқушы  өзіне  тиесілі  эпизодты  оқи 
бастайды. Оқу барысында жол шетіне қажетті ескертпе-белгілер жасап отырады (әзіл-оспақ 
сурет,  шартты  белгі,  реплика).  Олар  қызықты  және  көңіл  аударарлық  болуы  тиіс.  Бұл  әдіс 
арқылы әрі жыр мазмұнын меңгереді, әрі кейіпкер бейнелерін ашады, әрі оқушы жырдың әр 
шумағына талдау жасай отырып, өз көзқарасын білдіреді. 
Лиро-эпикалық шығармаларды оқытуда қолайлы әдістердің бірі  –  «Мәтін құру»  әдісі. 
«Мәтін құру» әдісінің шарты бойынша көркем шығарманы (лиро-эпикалық жырды) эпизод-
эпизодқа бөліп оқып, мазмұнын меңгерген оқушылар қолдарына қағаз бен қалам алып, сұрақ 
жазып,  парақты  бүктеп,  оны  жүргізушіге  береді.  Жүргізуші  сұрақтарды  реттеп 
орналастырады.  Сосын  ортаға  шыққан  оқушы  жүргізушіден  кез  келген  парақты  алып, 
сұраққа жауап береді. Осылайша жұмыс жалғаса береді. Қорытындысында жырдың мазмұны 
тексеріледі.  
Жырдың екінші сабағында әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдау жасауда «Екі жақты 
күнделік» әдісі қолайлы. Бұл әдіс бойынша оқушылар жеке-дара жұмыс жасайды. Әр оқушы 


348 
 
жырдан  өзіне  ұнаған  жерлерін  қағаз  бетіне  түсіріп,  оған  өзкөзқарасын,  пікірін  білдереді. 
Әдеби талдауды ары қарай жалғап, жырдың бас кейіпкерлеріне талдау жасайды.  
Ал,  жазылым  дағдысын  қалыптастыруда  «РАФТ»  әдісін  қолдануға  болады.  Бұл  әдіс 
оқушы  шығармашылығын  шыңдауға  оң  әсерін  тигізеді.  Оқушы  кімнің  рөліне  енетінін, 
аудиториясын, форматын, тақырыбын өз қалауынша таңдай алады.  Жырдың кейіпкерлеріне 
талдау  жасауда  да«РАФТ»  әдісіөте  қолайлы.  Бас  кейіпкердің  іс-әрекетін  талдап,  саралап, 
оның  бойындағы  жақсылы-жаманды  қасиеттерін  жан-жақты  талдай  отырып,  РАФТ  әдісі 
арқылы түйіндеме жасайды.  
Р–рөл.  
А–автор, яғни жеке оқушыдан не аудиториядан.  
Ф –форма (хат, монолог, арнау, т.б.) 
Т– тақырып.  
Бұл әдісте оқушылар өз қалаулары бойынша әртүрлі формада таңдаған кейіпкерлеріне 
хат жолдайды. 
Лиро-эпикалық  жырды  оқытудың  үшінші  сағатында  Б.Блум  таксаномиясынқолдану 
арқылы  сабақты  жүргізген  тиімді.  Б.Блум  танымдық  қабілетті  дамытудың  6  деңгейін 
көрсетеді:  білім,  ұғыну  (түсіну),  қолдану,  талдау,  синтез,  бағалау.  Үшінші  сабақта  Б.Блум 
таксаномиясынқолдану арқылы жырға қорытынды жасайды. 
Бірінші  кезеңде  оқушыларға  жырдың  мазмұны  бойынша  сұрақтар  қойылады. 
Оқушылар  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  оқиғаның  қай  жерде,  қай  кезеңде  болғанына 
нақты  дәйексөздерді  қолдана  отырып,  анықтама  береді.  Осындай  жұмыстар  арқылы 
оқушылардың білім деңгейі тексеріледі. 
Екінші  кезеңде  оқушылар  жырдың  құрылысына  талдау  жасайды.  Жырдың  шешіміне 
тоқталып,  тәрбиелік  мәнін  ашады.  Бұл  кезеңде  жырдың  мазмұнын  түсінгендігі  байқалады. 
Осылайша оқушылардың ұғыну деңгейі тексеріледі.  
Үшінші кезеңде жыр кейіпкерлеріне мінездеме беріп, портреттерін жасайды. Жырдың 
көтерген  мәселелеріне  көзқарастарын  білдіре  отырып,  болжам  жасайды.  Бұл  жұмыстарды 
орындау барысынан алған білімдерін тапсырма орындауда қолдана алатындығы байқалады. 
Осылайша қолдану деңгейі тексеріледі. 
Төртінші  кезеңде  батырлар  жыры  мен  лиро-эпикалық  жырларды  салыстырып,  лиро-
эпикалық  жырдың  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындайды.  Осылайша  оқушылардың 
шығарманы талдау деңгейлері бақыланады. 
Бесінші кезеңде жырдың тақырыбы мен идеясын ескере отырып, эссе жазады. Осындай 
тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  алған  ақпараттарын  шығармашылық  өңдеуден  өткізе 
алатындығы байқалады.  
Алтыншы  кезеңде  жырдан  алған  әсерлерін  ортаға  салып,  пікір  алмасады.  Оқыған 
шығармаларына деген көзқарастарын білдіреді. Осындай жұмыстары арқылы оқушы еңбегі 
бағаланады. 
Ғашықтық  жырларын  оқытуда  интербелсенді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  оқушыларды 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, зерттеушілікке баулуға мол мүмкіндік береді. Сонымен 
қатар, сыныптағы барлық оқушының сабаққа белсене қатысуына жол ашады. Лиро-эпикалық 
шығармаларды  оқытуда  мұғалім  өз  шеберлігіне,  тәжірибесіне  байланысты  әдіс-тәсілдерді 
құбылтып  қолдана  беруге  болады.  Тек  тек  орынды,  ұтымды  қолданса  болғаны. 
Мысалы,«Айман  –  Шолпан»  жырын  оқытудың  үшінші  сағатында  Кубизм  стратегиясы 
бойынша сабақты жүргізуге болады. Кубизм стратегиясы бойынша жүргізілетін тапсырмалар 
жүйесі: 
1.  Суреттеңіз.Тарихта  болған  Көтібар,  Арыстан,  Есет  батырлардың  ерлік  істерін 
суреттеп беріңдер. 
2. 
Баяндаңыз. 
Жырдағы 
апалы-сіңілі 
ару 
қыздардың 
басынан 
кешкен 
оқиғаларынжырдан мысал келтіре отырып, рет-ретіменбаяндаңдар. 
3. Талдаңыз. Шығарманы композициялық құрылысына талдаңдар. 


349 
 
4. Салыстырыңыз. Венн диаграммасы бойынша Айман мен Шолпанға мінездеме беріп, 
салыстырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет