Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет198/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

мемлекеттік  тілді  жетік  меңгертуге  болатыны  айқын.  Қазіргі  білім  парадигмасы  мен 
философиясының  өзгеруі  білім  беру  жүйесі  қызметкерлерін  оқытудың  ақпараттық  және 
компьютерлік  технологияларға  негізделген  сапасымен  қарқындылығын  қамтамасыз  ету 
қажеттілігін  талап  етуде.  Білім  беру  ұйымдары  іс  -  әрекетінің  негізгі  нәтижесі  тек  білім  , 
іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, 
ақпараттық  және  басқа  салаларындағы  мемлекет  тапсырыс  беріп  отырған  негізгі 
құзыреттіліктердің жиынтығы. 
Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік 
жаңа  әдіс-тәсілдермен  ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді  оқытушы  ізденісі  арқылы  студент 
қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады [6,4]. 
Университеттегі    білім  мен  тәрбие  беру  жүйесінің  міндеті  -  студенттердің  жан-жақты 
танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр студенті  жеке тұлға ретінде 
дамыту. Әр  университет   білім беруді  жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім 
беру  үрдісін  басқару  мәселесін  жүзеге  асыруда.  Білім  беру  үрдісін  басқару  жүйесінің 
құрылымы  жеке  тұлғаның  қайталанбас  даралығының  дамуына,  шығармашылық  бастама 
алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады. 
Қазіргі  уақытта  орыс  тілді  аудиториясында  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  түрлі  оқыту 
технологиялары  қолданылады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  М.М.Жанпейісованың  модулдік 
технологияның өзіне тән ерекшеліктерін атап айтуға болады:  оқытудың мақсатының, соған 
сәйкес  нәтижесінің  айқындылығы,  өзіне  тән  құрылымы,  бостандығы,  осы  құрылымға  орай 
оқу  материалдары  бөліктерге  бөлініп  берілетіндегі,  оқытушы-кеңесші,  бағыттаушы  қызмет 
атқаратындығы,  оқытушы  мен  білім  алушының  арасында  субъект-субъектілік  қарым-
қатынастың  болатындығы,  білім  алушыларға  өз  бетімен  толықтыруға  толық  мүмкіндік 
жасалатындығы.  Модульдік  оқыту  технологиясы  арқылы  сабақты  жоспарлаудың 
маңыздылығы  –  студенттің    шығармашылығын  дамытуға,  эстетикалық  сезімін,  зейінін 
тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады. Қазақ тілі сабақтарын модульдік технология арқылы 
жобалаудың тиімділігін анықтау [7,9]. 
Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру; 
Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;  
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру; 
1.Модульдік оқыту технологиясының мазмұнын меңгереді. 


352 
 
2.Модульдік оқыту технологиясының құрылымы анықталады. 
3.Сабақ үлгілері арқылы модульдік технологияның тиімділігі айқындалады. 
Сабақ  кезінде  модульдық  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып,  студенттердің  жеке 
дамуына  ерекше  көңіл  бөлемін.  Мен  оқу  материалдарының  мазмұнына  сәйкес  деңгейлік 
тапсырма беремін. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол 
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, студенттің пәнге деген қызығушылығы артады, 
екіншіден, студент ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.Осылайша білім 
берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан  өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын. 
Сондықтан  да  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлауда  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  қолдану-оқу  орындарында  әрбір  оқытушыға  қойылатын  негізгі 
талаптардың бірі. 
Тәуелсіздіктің  20  жылдығында  Қазақстан  әлеуметтің  барлық  салаларында  іргелі 
инновациялардың  пайда  болуымен  ерекшеленді.  Білім  мен  ғылымды  сөз  етер  болсақ, 
халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін оның құқықтық негізін жетілдіру маңызды іс 
болып табылады. Осыған байланысты  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданған.  Бағдарлманың  мақсаты-
экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету 
арқылы  
адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  болып 
табылады.  Еліміздің  2011-2020  жылдарға  арналған  Стратегиялық  даму  жоспарының 
маңызды  бөлігі  -  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасының  қабылдануы. 
Бағдарлама бүкіл қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа мазмұндық және сапалы деңгейге 
шығуының нақты тетігі болып табылады [8]. 
Еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  кредиттік  технологиясы  2001  жылдан 
бастап енгізіліп келеді. Сонан бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен 
енгізілді  деп  айтуға  болмайды.  Сол  себептен,  министрлік  кредиттік  оқыту  технологиясын 
ары  қарай  дамытуға  бағытталған  саясатын  дұрыс  жүргізіп  келеді.  Кредиттік  оқыту 
технологиясы оқыту үрдісінде кредиттерді жинақтау мен трансферттеуде еуропалық жүйені 
пайдалануды,  ECTS  үлгісі  бойынша  кредиттерді  қайта  есептеудің  қазақстандық  моделі 
шеңберінде  академиялық  ұтқырлықты  ұйымдастыруды,  Қазақстандағы  кредиттік 
технологияны бағалау шкаласы мен ECTS және білім беру бағдарламаларын сәйкестендіруді, 
білім  беру  бағдарламаларын  модульдік  құрастыруды  көздейді.  Енді  модульдік  оқыту 
жүйесіне тоқтала кетсем: 
Модульдік  оқыту  —  бұл  білім  беру  бағдарламасының  шегінде  бірнеше  оқу  курстары 
мен пәндерін немесе олардың аяқталмай қалған тарауларын оқытатын құрылымдық бөлімі.  
Кредиттік модуль жүйесінің басты айрықша белгілері:  
• Оқу  жоспарында  көрсетілген  пәндерден  әр  бір  студент  өзі  оқитын  пәндерді  тандап, 
жеке оқу жоспарын құрады; 
• Білім  беру  траекториясында  студенттерге  оқытылатын  пәндерді  тандау  кезінде 
таңдауға  көмектесуге  оқу  процесіндегі  академиялық  кеңесшілерді  (тьютер,  білім  беру 
бағдарламасының жетекшілерін) тарту;  
• Әр  пән  бойынша  оқытушылар  мен  студенттердің  жұмысаған  еңбегін  бағалау  үшін 
сынақ бірлігі (кредит) жүйесін енгізу;  
• Студенттердің  оқытылатын  пәнді  меңгеруін  бағалау  үшін  баллдық  рейтинг  жүйесін 
қолдану. 
Европа  елдерінің  үкіметтері  болашақ  10  жылға  жасаған  жоғарғы  оқу  орындарын 
реформалау  қызметтің  басты  бағытын  көрсететін  міндетемелердің    мазмұндық  жобасын  – 
Болондық  үдеріспен  байланысты.  2003  жыл  19  қыркүйектегі  РФ  білім  минстрлігі  қол 
қойылған  Болондық  декларацияға  сәйкес,  европалық  білім  беру  кеңістігі  құруда.  Осыған 
байланысты  шетелдік  оқу  орындарының  кредиттік  модуль  жүйесін  қолданудағы 
тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып отыр [9]. 


353 
 
Европалық  университеттерде  бір  модуль  шеңберіне  жалпы  ғылымдық  мәртебесіне 
қарамастан бір біріне тақырыптық жағынан жақын пәндер біріктіріледі. Модульді құрудағы 
басты принцип жеңілден қиынға, методологиялықтан қолданбалы пәндерге өту. Сондықтан, 
модульдің құрамында «жалпы кәсіби», «жалпы ғылымдық» және т.б. пәндер болуы мүмкін. 
Модульдік оқыту шеңберінде толық шектелген фундаменталдық және қолданбалы пәндерде 
қатар  қолданылады.  Модульдік  жүйенің  маңызды  ерекшелігі  студенттік  тәжірибеге 
бағытталуында,  соның  ішінде  зерттеушілік  болып  табылады.  Модуль  білім  алушылардың 
тұжырымдамалық білімі мен тәжірибелік дағдысының үйлесуіне қарай, бір бағыттан екінші 
бағытқа,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге  тез  әрі  тиімді  өтуіне  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  
магистратура  сатысындағы  модульдік  оқытуды  ұйымдастыру  процесінде  магистранттың 
жеке  бағдарламасымен  (магистрлік  диссертация  тақырыбымен)  байланысты  болуы  керек 
[10,2]. 
Европалық кеңістік шеңберінде бірнеше жо.ғары білімдер курстар(пәндер) модульмен 
аталады. Студент алған білімін  модуль аяқтағаннан  кейін тәжірибе жүзінде көрсетіп шығуы 
керек.  Модуль  белгілі    пәннің  тұсында  бүтіндей  ұғым  қалыптастырады  және  студент  осы 
модульді меңгергеннен кейін  белгілі бір құзіретте істеу арқылы көрсету (тәжірибе жүзінде) 
керек.  Модуль  тақырыбымен  емес  студенттің  білім  жетістігімен  анықталады.  Семестрдегі 
модулдің санын, студент бір  семестрдегі жеткен нәтижесінің сәйкестігімен анықталады.  
Студент оқу жетістігінің өлшемі ретінде оқу процесінде әрбір студент кредит жинайды. 
Европалық  студент  қанша  ұзақ  уақыт  керек  болсада    болашақ  дипломдарының  есебіне 
кредиттер  санын  жинай  алады.  Жиналған  кредиттар  студентке  біліктілігін  жоғарылатуға 
мүмкіндік  береді.  Мысалы,  қосымша  жоғарғы  білім  алуға.  Кредит  арқылы  студент  оқудан 
ұзаққа  созылатын  үзіліс  ала  алады.  Бұл  жағдайда,  алдын  ала  жиналған  кредиттері  күшін 
жоймайды.  Қандайда  бір  себептермен  студент  оқудан  шығып,  қайтадан  оқуын 
жалғастыратын  болса  алдын  ала  жиналған  кредиттері  күшін  жоймай  саналады.  Бұл 
студенттің жоғары білім алуын жеңілдетеді.  
Ен  алғаш  рет  академиялық  кредиттер  XVIII  және  XIXғ.ғ.аралығында  АҚШ 
университеттеріндегі оқу процесін ырықтануын құру кезінде  енгізілген. Кредиттік бірліктің 
енуі, студенттердің өз бетімен оқу процесін жоспарлауға, оқу процесінің сапасын бағалауға 
және  бақылау  жүйесі  арқылы  принциптік  өзгерістер  енгізуіне  ықпал  ететін  оқыту 
технологиясын толық жетілдіруге жағдай жасады. Осы орайда атап өту керек, әлемдік білім 
беру  жүйесінде  кредиттің  бірнеше  мағынасы  бар.  Осыдан  кредиттік  модульдік  жүйенің 
әрқилы моделін көруге болады. Үш басты басты түрін атап көрсетуге болады: 
• ең алдымен академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін кредиттік аударымдарға 
бағытталған  жүйе.  Мысалы,  USTS  (UMAP  Credit  Transfer  Scheme  –  азия-тынық  мұхиты 
аймағы университетінің кредиттік аударым жүйесі); 
• кредиттерді  жинақтауға  бағытталған  кредиттік  жүйе.  Мысалы,    USCS  (United  States 
Credit System – АҚШ университеттерінде қолданылатын кредиттік жүйе) [11]. 
Бір  уақытта  кредиттерді  аудару  мен  жинақтауға  бағытталған  аралас  түрдегі  кредиттік 
жүйе.  CATS  (Credit  Accumulation  and  Transfer  System  –  Великобритания  университетіндегі 
кредиттік  жүйе),  ECTS  (European  Credit  Transfer  and  Accumulation  System  –  Европалық 
жүйедегі кредиттерді аударым мен жинақтау). 
Жоғарыда  аталған  модельдер  тек  қана  басты  міндеттерімен  ғана  емес  сонымен  бірге, 
кредиттің  анықтамасы  мен  түсік  беру  тәсілдеріменде  ерекшеленеді.  Ережеге  сай,  кредиттік 
сынақ  жүйесі,  білім  беру  бағдарламасын  немесе  оның  бір  бөлігін  меңгеру  үшін  кеткен 
еңбегін  бағалаудағы  кредиттік  бірілктің  түсінігінен  шығады.  Негізі  кредиттік  жинақтау 
жүйесін, білім беру бағдарламасындағы  алған білімі мен іскерлік дағдысының нәтижесінде 
кредиттерді бағалау бірлігі ретінде анықтайды [12] . 
Білімді бағалаудағы тіркеу студенттің шетелде оқығанға дейінгі және кейінгі жетістігін 
көрсетеді.  ECTS  кредиті  құжатында  тек  қана    жергілікті  оқытудың  жағдайындағы  сәйкес 
келетін курстардың деңгейін және сонымен қатар ECTS кредитінің шкаласын ғана көрсетеді. 


354 
 
Жергілікті  оқыту  деңгейі  мен  ECTS  кредитінің  сәйкес  келуі  студенттің  басқа  жоғарғы  оқу 
орнындаоқуына сандық және сапалық мінездемесін береді.  
Шетелде  оқып  білім  алу  өз  елінде  білім  алған  сияқты  бірдей  бірақ,  оқу 
бағдарламаларында  айырмашылықтары  емтихандарда  және  білім  деңгейін  бағалау 
формалары болуы мүмкін. [13] 
2011  –  2020  жылдарға  жасалған  білім  бағдарламасы  жоғарғы  оқу  орындарында 
кредиттік  модульдік  жүйесін  оқытуды  енгізгелі  отыр.  Бұл  жоғарғы  оқу  орынындағы 
түлектерге академиялық және мамандандырылған білім беруді дамытады және білім алудағы 
қарқынды  әдістерді  үйретеді.  Отандық  кредиттік  модульді  оқыту  жүйесі  қазіргі кезде  даму 
үстінде. Осыған байланысты кредиттік модульді оқыту жүйелері бағдарламасының аясында, 
Қазақ  қыздар  педагогикалық  университетінде  «Оқу  үдірісіне  модульдік  оқытуды  енгізу 
мәселелері» 
тақырыбында 
конференцияны 
ұйымдастырып 
отыр. 
Бұның 
өзі 
оқытушыларымызға  модульдік  білім  беру  жүйелерін  талқылап,  білім  беру  мазмұнында  оқу 
үрдісіне модульдік білім жүйесін енгізудің тиімді көздерін береді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1  Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 1-наурыз,2007. 
2  З.Н.Өмірбаева.Оқушылардың рухани – танымдық әрекеті. Қазақстан кәсіпкері № 10-2005 ж. 
3  Г.Б.Ахметова. Кәсіби біліктіліктің педагогикалық мәндік сипаттамасы. Қазақстан кәсіпкері № 11-2008 
4  Р.О.Жұманова .Инновациялық-пед.технология. Қазақстан кәсіпкері № 11-2012 ж. 
5  Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Монография. – Астана: Мемлекеттік тілді 
жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007. -160 б. 
6  Крысин Л.П. Социолингвистические аспекты изучение современного русского языка. – М.,: Наука, 
1989. – 188 с. 
7  Ж.У.Кобдикова.Оқыту процесін технологияландыру. –Алматы: 2000 ж. 
8  Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
9  Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, –Алматы, 2000, 6-бет. 
10  Львова С.И. и др. Русский язык в школе: состояние, проблемыи пути ихрешения. // РЯШ. №4, 2003. 
11  Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері: Монография. –Астана, 2008. - 160 б. 
12  Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялықнегіздері. Пед.ғыл.докт.дис. –
Алматы, 1996 ж. – 345 б. 
13  Лихачев Д.С. Язык и ценности. – Москва, 2000. - 165 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет