5.Қолданыңыз. Алдыңғы сабақтарда өткен троптар мен фигураларды қолданып, қос
ару Айман мен Шолпанның мінез-құлқын, кескін-келбетін, сұлулығын кескіндеп беріңдер.
6. Зерттеңіз. Жырда ақылды, сұлу қыз Айманның айлалы, парасатты әрекеттері сенімді
ашылады. Айман бейнесі шыншыл, тартымды бейне болып шығады. Қара күшке сүйенген
өжет Көтібар әрекеттерінің ерлік емес, есерлік екені мәлім болған тұсын талдап, өз
көзқарастарыңды білдіріп, осы жағдайды зерттеңдер 4.
Лиро-эпикалық жырларды оқытуда біршама қиындықтар да кездеседі. Ол қиындықтар
– жырдың ұзақтығы, поэтикалық тілі. Сонымен қатар жырда қазақ халқының байырғы көне
сөздері көп кездеседі. Бұл қиындықтарды жеңудің бір жолы – жырды алдын ала оқуға беру,
жырды оқыту барысында лингвистикалық комментарий беріп, әр сөздің мәнін терең
түсіндіру. Алдын ала оқыған жырды бөлім-бөлімге бөлгізіп, әр бөлімге қысқаша аннотация
жазып келуді үйге тапсыру үлкен жетістікке жеткізеді.
Жырдың мазмұнын меңгерту барысында сюжеттік-композициялық жоспар жасап,
оқушыларға ұсынуда өте тиімді. Сонда бала алдындағы жоспарға қарап алдын ала оқыған
жыры бойынша жырдың мазмұнын есіне түсіреді, әрі мұндай жұмыс жырды жан-жақты
талдауға, жырдың басты-басты оқиғаларын тез қабылдауына, жыр мазмұнын жүйелі түрде
тұжырымдауға септігін тигізеді.
Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі – эпикалық жырлар. «Эпос-идеялық, көркем мәні
және композициялық құрлысы жағынан музыкалық-поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең
ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қилы-қилы кезеңдер, халық
тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты
философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі
боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер,
жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған.
Қорыта келгенде, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан
жаңаны табатын өнер», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі ізденісте
болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Әрі ұстаз шеберлігі арқылы білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру үлкен жетістікке жеткізіп, оқушылардың өмірден өз
орнын табуға септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. –Астана: Ақорда, 27 қаңтар, 2012 жыл.
2 Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
3 https://baribar.kz/student/12455/epikalyq-shygharmalardy-oqytu/18.
4 Жоламанова Т.М. Көркем шығармаларды талдау жолдары.
– Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, 2018 жыл.
ӘОЖ 378.1.147
ШУКУМАНОВА БАГЛАН СЕРИКБАЕВНА
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Көкшетау, Қазақстан
Shukumanova-bs@ mail.ru