Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИ ҮРДІС



Pdf көрінісі
бет33/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Kamysbayeva71@mail.ru 
 
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИ ҮРДІС 
 
Аннотация:  мақалада  біз  қазақ  әдебиетінің,  жалпы  қазақ  мәдениетінің  даму 
кезеңдеріне  тоқталамыз.  Сол  бойынша  біз  әдебиетіміздің  қалай  дамып  және  қандай 
кедергілерден өткенін нақтылаймыз. Қазақ әдебиетінің өте бай және мінсіздігін барынша 
көреткіміз келеді. 
Тірек  сөздер:  Тіл,  әдебиет,  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы,  интеграциялық  үрдістер, 
тенденциялар 
 
Әдебиет  –  кешегі  күннің  шынайы  бейнесі,  болашағымыздың  елесі  іспеттес.    Сол 
қазынаны  сақтай  білген,  сол  қазынаны  рухани  қажетіне  қарай  орынды  жарата  білген 
халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар.   Сондықтан да тілі бір, тілегі бір 
халықтардың  ерте  кездердегі  әдебиетін  қайта  қарап,  бүгінгі  әдебиеттану  ғылымы  жеткен 
жетістіктерді  пайдалана  отырып,  жаңаша  көзқараспен  ұлттық  әдебиетімізді  жаңа  деңгейде 
зерттеу  заман  талабы.  Сондықтан  да  сол  байлығымызды  толықтай  зерттеп,  келер  ұрпаққа 
жеткізу  міндетіміз.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  –  қазақтың  ұлттық  көркем  әдебиетін 
зерттейтін ғылым болып табылады. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі  сонау 
ерте заманнан басталып, қоғам өміріне сай өзгеріске ұшырап, бүгінгі күнге дейін жалғасын 
тауып  жатыр.  Қазақ  халқының  әдебиеті  сонау  ерте  заманнан  түркі  дәуірінен  бастау  алды. 
Содан бері қаншама ғасырлар өтті. Өркениет дамуымен қатар әдебиеттің дамуы қатар жүрді. 
Қазақ әдебиеті небір оқиғаларды басынан өткеріп, бүгінгі ұрпаққа мұра болып жетті. Ұлттық 
әдебиетімізді қалыптасуын, зерттелуін негізінен 6 бөлімге бөліп қарастырамыз. Бірінші бөлім 
ежелгі дәуірден ҮІ-ХІҮ ғасыр аралығын қамтыды.  Бұл кезеңдегі ірі шығармалар ««Алып Ер 
Тоңға»,  Шу  батыр,  «Атилла»,  «Көк  бөрi»  және  «Ергенеқон»  дастандарын  бүгiнгi  қазақ 
әдебиетінiң  қайнар-бастаулары  деп  есептейміз.  Бертін  келе  түрік  қағанатының  кезіндегі 
шығармаларға  «Күлтегін  жыры»,  «Тоныкөк»,  «Білге  қаған»  секілді  қаһарман  батырларға 
арналған  жырларды  жатқызамыз.  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  түркі  әдебиетін 
зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалым Ислам Жеменей. Орта ғасырлардағы әдебиет өкілдеріне  
Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп 
Баласағұни,  Ахмед  Жүгiнеки,  Қожа  Ахмет  Иасауи,  Сүлеймен  Бақырғани,  Қадырғали 
Жалайыри, Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулатты  т.б. осы тұлғаларды 
жатқызамыз.  Осы  кезеңдегі  әдебиетті  зерттеген  ғалымдар    С.А.Қасқабасов,  С.С.Қорабай, 
М.Жармұхамедұлы 
(«Оғыз-наме», 
«Ахмет 
Иасауи»), 
Н.Келімбетов 
(«Сақтардың 
қаһармандық  дастандарың,  «Алып  Ер  тоңға»,  «Шуң  дастаны»,  «Ғұндардың  батырлық 
жырлары»,  «Аттиллаң  дастаны»,  «Көк  бөрің  дастаны»,  «Ергенекон»  дастаны»,  «Түркі 
қағанаты 
тұсындағы 
әдебиет»), 
Ш.Ыбыраев 
(«Қорқыт 
Ата 
кітабы»), 
А.Қ.Егеубаев(«Қарахандықтар  тұсындағы  әдебиет»,  «Жүсіп  Баласағұн»,  «Махмұт 
Қашқари»), Т.Қыдыр («Сүлеймен Бақырғани»), («Кодекс Куманикус»), («Сақ-ғұн заманынан 
жеткен әдеби сарындар», «Хуастуанифт» әдеби жәдігері»), А.Әбдірәсілқызы («Әл-Фараби») 
Г.Құрманғали («Ахмет Иүгнеки»). 
Екінші  бөлімге  Зар  заман  ақындарынан  бастап,  Абай  Құнанбайұлы,  Ыбырай 
Алтынсарин    мен  Шоқан  Уәлиханов  еңбектерін  жатқыза  аламыз.  Зар  заман  ақындары 
өкілдері:  Дулат  Бабатайұлы,  Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Әбубәкір  Кердері, 
Албан  Асан,  т.б.  Мұхтар  Әуезов  Зар  заман  ақындары  дәуірін  Абылай  хан  тұсынан  Абайға 
дейінгі  жүз  жылға  ұластырып,  Нарманбетпен  аяқтайды.  Алғаш  1927  жылы  жарық  көрген 
Мұхтар  Әуезовтың  «Әдебиет  тарихы»  кітабында  зар  заман  ақындары  туралы  мәліметті 
қардырған. Әуезовтың ізін жалғаушы Алаш зиялылары зар заман ақындарын толық зерттеді. 
Қазақ  әдебитінің көрнекті  өкілі,  қазақтың  бас  ақыны  Абайды  зерттеу  әлі  де  жалғасып  келе 


95 
 
жатыр.  1933  жылы  Абай  шығармаларын  баспаға  шығарған  Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолы» 
шығармасын жазуға кіріседі. 1934 жылы Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді әдебиет 
және  ғылым  қайраткерлері  Абай  шығармалары  жөнінде  көлемді  мақалалар  жазды. 
Осылардың  ізін  жалғаған  зерттеушілер  көбейеді.  Б.Байғалиевтің  "Абай  өмірі  –  мұрағат 
деректерінде"  монографиясы,  Абайдың  Шығысқа  қатысы  жайлы  М.Мырзахметұлының 
"Мұхтар  Әуезов  және  абайтану  проблемалары"  монографиясы,  "Абай  және  Шығыс 
монографиясы", Қ.Салғариннің "Тереңге тартқан тамырлар" зерттеуі, С.Оразалиевтің "Абай  
және  Дауани",  Ғ.Есимовтің  "Хакім  Абай",  А.Машановтың  "Әл  Фараби  және  Абай", 
Ж.Ысмағұловтың 
"Абайдың 
ақындық 
тағылымы", 
М.Бекбосыновтың 
"Абайдың 
библиографиялық  көрсеткіштері"  (1965,  1988,  1995)    осы  сөзімнің  дәлелі.  Абайды  зерттеу 
Тәуелсіздің жылдарында жалғасын тапты. Бұл кездегі Абай мұраларын зерттеушілер Тұрсын 
Жұртбай,  Таласбек  Әсемқұлов,  Тұрсынжан  Шапай  және  т.б.  Алғашқы  ұстаз  Ыбырай 
Алтынсаринды  ең  алғаш  зерттеген  ғалымдар    М.Әуезов,  Е.Бекмаханов,  Б.Сүлейменов, 
Ә.Сыдықов,  С.Мұқанов  т.б.  Шоқан  Уәлиханов  өзінің  қысқа  ғұмырында  қазақ  жеріндегі 
барлық ғылымға өз елеулі еңбегін қосып, сол ғылымдардың іргетасын қалап кетті.                                                      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет