Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет32/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
Щучье жоғары педагогикалық колледжі 
 Щучье, Қазақстан  
maxmetova_68@mail.ru
 
 
ӘДЕБИЕТ – ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ КӨРКЕМ АЙНАСЫ 
 
Аннотация:  мақалада  автор  әдебиет  өнерінің  ерекшеліктеріне,  бастауларына 
тоқталады.  Сондай-ақ қазақ әдебиетін зерттеуші  ғалымдар мен қазақ әдебиетінің  басты  
өкілдері жайлы сөз қозғайды.  
Тірек сөз: әдебиет, халық, көркем өнер, қазына, әдеби  шығарма    
 
  Әдебиет  пен  өнер  қай  кезеңде  де  мәңгілік.    Халқымыздың  ең  қымбат  қазынасындай 
сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұра – қазақ әдебиеті. 
   Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен мәдениетін өркендетуге күш салады, оны 
жаңа  дәуір,  жаңа  заман  жаңалықтарымен  сабақтастыра  дамытады.  Қоғамдық  сананың 
айрықша  саласы-өнер;  өнердің  жалпы  адамзат  мәдениетінен  алатын  орны  өзгеше, 
адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы –  бояу, 
әншінің  құралы  –  үн,  бишінің  құралы  –  қимыл  болса,  әдебиетішінің  құралы  –  тіл.  Демек, 
әдебиет – сөз өнері. 
Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті – көркем әдебиет. 
Бейнелеу,  сәулет,  мүсін  өнерлері  нақты,  затты  болғанымен  жансыз,  қимылсыз,  ал 
әдебиет  кез  келген  шындықты  қимыл,  қозғалыс  үстінде  құбылтып,  құлпыртып  көрсете 
алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін –  бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны 
және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-
қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды. 
Әдебиет  адамға  өмірді  танытып  қана  қоймайды,  солардың  өмірге  көзқарасын 
қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді. 
Әдеби  шығарма  адамның  бүкіл  ой-қиялын,  сыр-мінезін  түгел  баурайды:  қуантады, 
сүйіндіреді,  таңдантады,  күйіндіреді,  жылатады,  күлдіреді…Қысқасы,  адамның  көңіл-
күйінде сан сапа құбылыстар  туғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем 
әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген 
Кітап  және  симфония,  сурет  немесе,  мүсін  не  туралы  деген  сұрақтың  жауабы  бір-ақ: 
адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен 
қасиеті  жайлы…  Өнер  дүниесінің  (туындысының)  бәріне  ортақ  мазмұн      –    адамның  ойы, 
арманы,  құштарлығы,  мұраты;  өнер  туындысының  қай  түрі  болсын,  әрқайсысы  өз  тілінде 
өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді. 
Адам  тағдыры  –  жазушы  үшін  шығарма  арқауы  ғана  емес,  өмірді  танудың  өзгеше 
тәсілі. 
Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу 
– тек сөз өнерінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы  –  тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, 
яғни кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес. 
Көркем  әдебиет  тілі  –  әдеби  тілдің  ауқымында  жасалғанымен,  ұғымдық  аясы  одан 
әлдеқайда  кең.  Бұл  –  оның  шығармашылық  қызметінен,  образды  бейнелеуші,  кейіпкерді 
мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші 
және  басты  ерекшелікке  –    жалпы  халықтық  тілдің  барлық  қабаттарын  (диалектілерді, 
жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады. 
Көркем  әдебиеттің  тілі  –    тіл  мәдениетінің,  тілдік  талғамның  ғана  тарихы  емес, 
қоғамдық  өзгерістердің,  әлеуметтік  психологияның  да  тарихы.  Өйткені  жалпы  ұлттық  тіл 
мәдениеті  аясында  жасалған  әр  кезең  әдебиетінде  сол  әдебиетті  тудырған  уақыт 
ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады. 
Әдебиеттің пәні  –  адамның  өмірі, қоғамдық  қарым-қатынастар  мен  алуан  түрлі  қоғам 
өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. 


91 
 
Әдебиет  қоғам  өміріндегі  сан  қилы  шиеленіс,  тартыстарды,  қақтығыс  пен  күресті 
бейнелейді.  Сондай-ақ  саяси,  экономикалық,  моральдық  тағы  басқа  талай  мәселелерді 
қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-
әрекетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды. 
Жазушы  кейіпкерлер  өмір  сүретін,  әрекет  ететін  қоғамдық  ортаны,  жағдайды  нақты 
бейнелейді,  олардың  іс-әрекетінің,  мінез-құлқының  белгілі  тарихи  жағдаймен  байланысын 
айқындап  береді.  Әдебиет  өмірді  көркем  образ  арқылы  бейнелейді,  адамның  дараланған 
характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды 
заңдылықтарды ашып береді. 
Қоғамдық  өмірде  әдебиет  қозғамайтын  мәселе,  назар  аудармайтын  жағдайлар  аз-ақ, 
жоқтың  қасы.  Алайда  әдебиет  алдымен  адамның  тұтас  тұлғалы  бейнесін  көрсететін 
болғандықтан,  қоғамдық  өмірдегі  қай  мәселеге  болсын  эстетикалық  қатынас  тұрғысынан 
қарап,  оны  шығармадағы  көрсетілетін  нақтылы  өмірлік  жағдайларға  орай  бейнелейді. 
Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің 
маңызды,  мәнді  екені  айқын  ажыратылып,  дәл  танылады.  Оқиғалардың,  адам  бейнесі 
әдебиетте  нақтылы  суреттеледі,  оқырманға  өмірдің  өзін  көріп  отырғандай  әсер  беріп, 
шығарманың  ой-санасына    күшті  ықпал  етуіне  мүмкіндік  береді.  Әдебиетте  қоғам  өмірі, 
тарихи  даму  процесі  үнемі  алға  қарай  бастайтын  тура  тартылған  жол  сияқты  болып 
жатпайды,  қайшылығы  мол  қиын  жағдайлар,  қақтығыстар,  адамдардың  тағдыры  арқылы 
көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық 
заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді. 
Әдебиет  адамның  байқағыштық,  сезімталдық,  көркем  ой-қиялдан  ләззат  ала  білу 
секілді  қабілеттерін  күшейте  түседі,  эстетикалық  сезімін  байытады.  Әдебиет  адамды  биік 
қоғамдық  идеялдар,  зор  арман-мұратарға  жетелейді.  Адамгершілікке,  еңбексүйгіштікке, 
табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан 
әлеуметтік  мәселелерге  жауап-шешім  іздейді.  Ендеше,  көркем  әдеби  шығарма  өзінің  үлкен 
қоғамдық,  тәрбиелік  маңыздылығымен  де  эстетикалық  сезімімізге  әсер  етіп,  өмірдегі 
адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді. 
Суреткерлік  сипаты  оның  азаматтық  рухынан,  қоғамдық  бітімінен  басталады.  Демек, 
оның  жеке  өз  басының  дара  қасиеті,  оның  рухани  жан  дүниесі,  әлеуметтік  кейпі  мен 
моральдық  кескіні,  дүниетанымы  мен  қоғамдық  қызметі,  білімі  мен  мәдениеті  бір-бірімен 
ұштасып, бірін-бірі толықтырып, нағыз суреткердің өзіндік болмысын танытады. 
Әрбір өнер адамының бәрінен бұрын жаны сұлу, адамгершілігі мол, мінезге бай, білімі 
терең және мәдениеті биік болуы керек. 
Суреткер өз дәуірінің перзенті, сондықтан ол  – қоғам қайраткері, өйткені қаламгерлік – 
қоғамдық  іс.  Әдебиеттің  қоғамдық  мәнін  сөз  еткенде,  оның  танымдық  маңызын  аттап  өту 
мүмкін емес.   
Көркем  әдебиеттің  құдіретті  күшін,  немес,  оның  өмір  таныту,  тәрбиелеу  жайын  ғана 
емес,  күллі  қоғамдық  өзгертушілік  қасиетін  түсіну  үшін,  оның  эстетикалық  тбиғатын  тану 
қажет. Эстетика  –  жан  тебірентер,  адамды  баурап  алар  әсем  әсер.  Әдеби  шығарма  аамның 
күллі  ой-қиялын,  сыр-сезімін  түгел  баурап  алар  әсем  әсері.  Әдебиеттің  әлеуметтік  мәнін, 
оның қоғамдық –  өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт. 
Сөз өнері – қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы.   Әдебиет– тіл 
сияқты  бірнеше  дәуірдің  жемісі,  емес,  бір  ғана  дәуірдің  жемісі.  Тіл  –  бәріне  ортақ  және 
бейтарап. 
Әдебиет  –  ақиқат  өмірдің  сырлы  суреті,  халықтың  көркем  тарихы;  көркем  шығарма 
өзегі-шындық.  Жазушы  өмірдегі  сан-салалы  шындықтан  өзінің  суреткерлік  мақсатына 
керегін ғана таңдап, шығармасына арқау етеді.  Ол өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы 
мен  әлеуметтік  көзқарасы  тұрғысынан  саралайды.  Ал  суреткердің  бұл  қасиеттерін  ол  өмір 
сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді.  
Ахмет  Байтұрсынов  әдебиетшілердің  ішінде  бірінші  болып  өнерді,  эстетикалық 
қызметтің  бір  түрі  ретінде  айтады.  «Әдебиет  танытқыш»  (1926)  кітабында  өнердің 


92 
 
ерекшеліктерін саралап қана қоймай, ХIХ ғасырдағы Еуропада қабылданған өнерді жіктеудің 
теорияларын  басшылыққа  алды.  Ол  өнерді  бес  түрге  бөлді:  сәулет  өнері,  сымбат  өнері, 
кескін өнері, әуез өнері, сөз өнері [1,25]. 
А.Байтұрсыновтың  «Әдебиет  танытқышы»,  ең  алдымен,  сөз  өнерінің  табиғатын, 
өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді. 
Сөзбен  сымбаттаудың  я  кескіндеудің  үлгісін  көрсету  үшін  автор  Абай  өлеңдерінен 
мысалдар  келтіреді.  «Әдебиет  танытқышта»  ауыз  әдебиетінің  ең  шұрайлы,  ең  бейнелі, 
мазмұны  мен  көркемдігі  бай  үлгілерін  пайдаланған.  Ағартушы  өз  айтқандай,  «адамның 
насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, 
жақсылық  пен  жамандық  тартыстарына,  ерлік  пен  батырлық  істерге,  бірлік  пен  ынтымақ, 
сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерге көбірек көңіл бөлген. 
…ауыз  және  жазба  әдебиеттің  әлеуметтік,  қоғамдық  мән-маңызын  ашудан  гөрі 
адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі. 
Немістің классикалық философы И.Кант сияқты, А.Байтұрсынов сөз өнерін – әдебиетті 
өнердің алды деп санайды. «Өнердің ең алды – сөз өнері» – деп санады.  
«Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген 
халық болып, сөз қадірін білетіндіктен айтқан. «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама 
қадірінше  сөз  өнері  атқара  алады.  Қандай  сымбатты,  кескінді,  сәулетті  сарайлар  болсын, 
қандай  сымбатты,  кескінді  суреттер  болсын,  қандай  әдемі  ән-күй  болсын  –  сөзбен  сөйлеп, 
сүйреттеп  көрсетуге,  танытуға  болады.  Бұл  өзге  өнердің  қолынан  келмейді»  [1,25]  деген 
тұжырым жасайды ғалым. 
Әдебиеттанушы Рымғали Нұрғалиев «Өнер алды – қызыл тіл» деген еңбегінде көркем 
идеяны бейнелеудің тәсіліне сүйене отырып, өнерді жіктеу жөнінде өз пікірін тартады. Өнер 
табиғатын,  оның  қоғамдық  ролі  мен  ұлттық    құндылық  ретінде  маңызын  зерттеуде  
әдебиеттану ғылымының ерекшеліктерін саралай келе, оны эстетиканың бір тармағы ретінде 
бағалайды [2, 112]. 
«Эстетиканың бір бұтағы – әдебиеттану ғылымының үш саласы бар: әдебиет теориясы, 
әдебиет  тарихы,  әдебиет  сыны».  Әдебиеттің  мақсатын  эстетикамен  байланыстыра  отырып, 
«әдебиет  эстетика  негіздерінен  білім  беруде»,  «әсемдікті  сүюге  үйретуде,  шағармашылық 
қабілеттерді дамытуда» айырықша қызмет атқаратындығын көрсетеді. 
Әдебиеттанушы  Зейнолла  Қабдолов  «Әдебиет  теориясының  негіздері»  [3]  және  «Сөз 
өнері»    [4,19]  атты  еңбектерінде  А.Байтұрсынов  сияқты  өнер  түрлерін  заттық  субстратқа 
негіздеп жіктейді де: «Мүсіншінің құралы – саз, суретшінің құралы – бояу, әншінің  құралы – 
үн, бишінің құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы – тіл» дейді. 
Өнер  тапшылығының  ішіндегі  ең  құрметті  орынды  қадірлі  де  қасиетті  көркем 
әдебиетке береді. Ал көркем әдебиеттің ұлттық құндылық ретінде «құдіретті күшін», «күллі 
қоғамдық өзгертушілік қасиетін» түсіну үшін, оның эстетикалық табиғатын тану қажеттілігін 
айтады. 
«Өнердің қайнар көзі халық өнерімен тығыз байланыста болып, өнердің кәусәр, терең 
және  мөлдір  қайнарларынан  шымырлап  шығады  да,  сол  халықтың  өзінің  сусынына 
айналады». 
Ал  қаһармандық  категориясы  қоғамда  маңызды  орын  алатын  адамдардың  бейнелері 
арқылы  жасалады,  өйткені  «батырлық  образ  ұнамды  кейіпкер:  адамға  тән  небір  тамаша 
сипаттардың  синтезі  секілді  сом  тұлға,  өз  дәуірінің  ең  аяулы,  асыл  мұраттарынан  туған 
тарихи  тип».  Қаһармандық  жанрдың  қайнар  көзі  сан  алуан:  әлеуметтік  теңсіздікке  қарсы 
күрес, Отанды басқыншылардан азат  ету, әділеттік, махаббат, достық  үшін күрес т.б. қазақ 
әдебиетінде  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  Ғ.Мұстафин,  Х.  Есенжановтың  шығармаларындағы 
қаһарман кейпкерлерді мысалға келтіруге болады. 
Қазақ халқы – әдебиет пен өнердің, рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өрісі 
биік  көркемделген  тілі,  қазақтың  жазба  әдебиеті,  өскелең  әдебиеттің  түп  төркіні  сонау  VI-
VIII ғасырлардығы Орхон – Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады.  


93 
 
Бүкіләлемдік  өркениет  тарихынан  ерекше  орын  алатын  әмбебап  ғұлама  Әл-Фараби 
бабамызда  бастап,  түрік  тілдес  халықтарға  ортақ  өшпес  асыл  мұра  қалдырған  орта  ғасыр 
ойшылары:  Баласағұни,  Қашқари,  Иассауи  трактаттары,  сондай-ақ  Алтын  Орда  дәуірінің 
даналары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы т.б. еңбектері – қазіргі ұрпақ мүддесі 
мен тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. 
Ал  Асан  Қайғы,  Жиембет,  Ақтанберді,  Шалкиіз,  Бұқар,  Дулат,  Мұрат,  Махамбет, 
Майлықожа  т.б.  сол  сияқты  күміс  көмей,  жез  таңдай  ақын-жыраулардың  әр  түрлі  өмір 
құбылыстар, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, 
дана  өсиеттерінің  қазіргі  жастардың    білімі  мен  тәрбиесіне  берер  пайдасы,  қосар  үлесі  
қаншама. 
Бір  халықтың  ғана  емес,  адамзат  тудырған  алыптардың  қатарындағы    ұлы  Абай 
мұрасының,  оның  педагогикалық  көзқарастары  мен  психологиялық  тұжырымдарынының 
алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениетінің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен  
қатар XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген 
Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрі  
өз  туындыларының  негізгі  арқауы  еткен  педагогикалық,  психологиялық  тұжырымдары 
қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі. 
Мыңдаған  жылдар  бойы  тірнектеп  жиналған  халықтың  осынау  рухани  мол  мұрасы 
әлемдік озық үлгілермен астаса келіп, оқу-тәрбие беру, оқыту үрдісінде  қазақ әдебиеті пәні 
шеңберінде  оқыту  жаңа  бағытта  жүргізіле  бастады.  Жалпы  білім  беретін  қазақ  орта 
мектептеріндегі қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты  – оқушылардың  рухани дүниесін байытып, 
оларға  көркемдік,  сезімдік,  адамгершілік,  азаматтық  тәрбие  беру  нәтижесінде  оқырмандық 
тұрақты  ынта-ықыласты,  биік  талғамды  қалыптастыру  негізінде,  жеке  тұлғаны  дамытуға 
әкеледі. 
Сол  себепті  қазақ  әдебиеті  пәні  оқушы  жүрегіне  жол  тауып,  оның  зердесіне  замана 
келбетін,өмірдің  тылсым  тіршілігін,  тынысын  жеткізетін  халқымыздың  көркем  тарихы, 
ұлттық  сананы  тәрбиелейтін,  адам  мен  қоғам  жайындағы  түсінігі  мен  тәрбиесін  реттейтін 
өмір оқулығы, ұлттық құндылығы болып табылады. 
 Қазақ  әдеби  тілі  –  ұлы  Абайдың,  Әуезов  мен  Сейфуллинннің,  Майлин  мен 
Жансүгіровтың,  Мұқанов  пен  Мүсіреповтың  тілі.  Бақытымызға  орай,  міне,  осы    ақын-
жазушылардың  шығармаларында  ана  тіліміздің  інжу-маржаны  алтын  сандықтай  сақтаулы 
тұр. Қоржынның екінші басында – қазақ фольклоры, ауыз әдебиетінің асылдары жатыр. 
Болашақ  ұрпақтың  әлі  талай  таңдай  қағып  тамсанары  да,  тарыққанда  талғажу  етер 
талшығы да – әдебиетіміздің осындай үздік үлгілері болмақ. 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер: 
1  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. 
– 
А.,1989 
2  Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. 
– 
Алматы, 1979 
3  Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. 

Алматы,1990   
4  Қабдолов З. Сөз  өнері. 

Алматы, 1992    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 800.025/001 
ЖУМАКАНОВА УЛПАН СЕРИКХАНОВНА  
ЖУМАТОВА ГУЛЬЗАТ МУХАМЕТКАРИМОВНА 


94 
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 
Қарағанды, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет