Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет34/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

Үшінші  бөлім  қазақ  кәсіби  әдебиетінің  қалыптасу  кезеңі  деп  аталады.  Ұлттық 
әдебиетімізді  зерттеу  ең  алғаш  Қошмұхамбет  Дүйсебайұлы  Кемеңгеровтың  «Қазақ 
тарихы»(1924) мен Ахмет Байтұрсынұлының  «Әдебиет танытқышынан»(1926) бастау алды. 
Осы  зерттеулердің  жалғасы  ретінде  Мұхтар  Әуезовтың  «Әдебиет  тарихы»(1927),  Халел 
Досмұхамедовтың  «Қазақ  халық  әдебиеті»(1928),  Сәкен  Сейфуллиннің  «Қазақ 
әдебиеті»(1932), С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті»  шығармалары жарық көрді.  
Төртінші  бөлімде  Алаш  зиялыларының  ізін  жалғаған  ғалымдар  көбейді.  Әдебиет 
тарихын  зерттеудің  басы  ретінде  танылған  еңбектердің  кейінгі  жылдары  жекелеген 
ғалымдардың еңбектері мен ұжымдық зерттеулерде жалғасын тапқандығы 1949, 1955, 1958, 
1960 жылдары шыққан «Қазақ совет әдебиетінің очерктері» мен 1948, 1960-1967, 2004-2008 
жылдар  аралығында  жарық  көрген  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  сынды  кешенді  еңбектер 
зерттеуге негіз болды. Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы 
бұл кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған 
аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі арқасында қырқыншы 
жылдардың  екінші  жартысында-ақ  ұлттық  әдебиетіміз  үлкен-үлкен  шығармалар  туғызды. 
Соғыс  тәжірибесін  жинақтауда,  халық  ерлігінің  рухани  мазмұны  және  оның  қайнар  көзін 
ашуда  «Қазақ  солдаты»  романының  орны  үлкен.  Онда  жаңа  заман  батырының  тәрбиелену, 
өсу жолы кең бейнеленген. Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге 
келді. Ә.Нүрпейісовтің «Күрляндия» (кейін «Күткен күн» болып өзгерілген – 1950) романы 
бұрын  өдебиетте  көрінбеген  жас  жазушының  эпиктік  талантын  мойындатты.  Оның  кең 
тынысты  романы  өмір  шындығын  қамтуы  мен  шеберлігі  жағынан  ұнамды  бағаланды. 
Елуінші  жылдардың  бас  кезінде  қазақ  әдебиетінде  өндіріс  тақырыбына  арналған  жаңа 
романдар  жарық  көрді.  Ғ.Мұстафиннің  «Қарағанды»  (1952),  Ғ.Мүсіреповтің  «Оянған  өлке» 
(1953),  Ә.Сәрсенбаевтың  «Толқында  туғандар»  (1953)  романдары  қазақ  даласында  өндіріс 
орындарының  пайда  бола  бастауынан  бергі  ұзақ  процестің,  қазақ  жұмысшыларының  туып 
қалыптасуының 
көркем 
шежіресін 
жасады. 
Алғашқы 
екі 
роман 
Қарағанды 
жұмысшыларының  бұрынғы  және  кейінгі  өмірін,  азаттық  жолындағы  күресін  суреттейді. 
1953 жылы осы кезеңнің ең ірі шығармасы Сәбит  Мұқановтың шығармасы  «Өмір  мектебі» 
жарыққа  шықты.  Жастар  өміріне  арналған  С.Шаймерденовтің  «Инеш»  (1953)  романы, 
М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» (1950), З.Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» (1955) повестері 
де осы жылдары да жарық көрді. 
Бесінші  бөлім  1957-1991  жылдар  аралығын  қамтыды.  Бұл  жылдар  Кеңес  дәуіріне  дәл 
түсіп  тұр.  Ал  Кеңес  әдебиетінің  тарихы  күрделі  де  қайшылықты  жағдайларға  толы.  Сол 
уақыттағы  қиыншылықтар  мен  бостандықты  аңсап  жазылған  шығармалардың  санында 
шектеу  болмады  деуге  болады.  Және  де  бұл  дәуір  қазақ  мәдениетінің  өсіп-өркендеуіне, 
жалпы  өнердің  дамуына  септігін  тигізгені  даусыз.  Оны  1917  жылға  дейінгі  әдебиет  пен 
бүгінгі  әдебиет  дәрежесін  салыстыру  арқылы  да  көре  аламыз.  Бұл  кезде  қазақ  әдебиеті 


96 
 
бірнеше сала мен жанрлардан құрала бастады, әрі әлемдік деңгейге дейін көтерілді. Мақтан 
етерлік  қайраткерлердің  есімдері  жарыққа  шықты.  Осы  бөлімнің  көрнекті  өкілдеріне 
Ш.Сәтбаева,  З.Қабдолов,  З.Ахметов,  С.Қирабаев,  Т.Кәкішұлы,  Р.Бердібай,  Ш.Елеукенов, 
Н.Келімбетов,  М.Жолдасбеков,  Р.Нұрғали,  С.Қасқабасов  және  М.Базарбаев    сынды 
әдебиеттанушылар жатады.  
Алтыншы бөлім Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетке тиесілі. Тәуелсіз жылдарындағы 
қазақ  әдебиетіне  мына  тұлғалар  мен  олардың  туындыларын  жатқызамыз:  Нұрпейiсов 
(«Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары 
қазақ»),  Жүнiсов  («Аманай  мен  Заманай»),  Нұршайықов  («Жазушы  мен  оның  достары»), 
Ысқақ  («Ақсу  туралы  аңыз»),  Тоқтаров  («Абайдың  жұмбағы»),  Софы  Сматай  («Жарылғап 
батыр»),  С.Елубай  («Тағзым»),  Мұратбеков  («Ай  туар  алдында»),  Исабеков  («Ай-Петри 
ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), 
Қ.Исабаев  («Шоң  би»),  Д.Досжан  («Құм  кiтап»),  Б.Мұқай  («Өмiрзая»),  Ә.Сарай  («Едiл-
Жайық»),  О.Сәрсенбай  («Шеңбер»),  және  т.б.  көрнектi  жазушылардың  роман,  повесть, 
әңгiмелерi.  Әдебиеттің  бұл  дәуірінде  ұлттық  үн  мен  азаматтық  әуен  жоғары  деңгейге 
көтерілді.  Барлық  уақыттың  қабаттарының  қамтылуы,  лирикалық,  поэтикалық, 
баяндаушылық,  публицистикалық,  сыншылдық  көңіл-күйдің  ұлғаюы  ерекше  орын  алды. 
Әдебиеттің ауқымы кеңейді және барлық жағынан өзгерістерге, толықтыруларға ұшырасты 
деп айтсақ болады. Қазақ халқының әдебиеті көп қиындықтардан өтті, әрі оларға төтеп бере 
алды.  Айтқым  келгені  өз  қасиетін  жоғлтпады.  Қазіргі  таңда  әдебиетіміз  жоғары  деңгейде 
өзінің орнын берік қалады. 
ҚР БҒМ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғалымдары 
және  Қазақстан  мен  ТМД  елдерінің  жоғарғы  оқу  орындарының  оқытушылары,  Германия, 
Болгария,  Ресей,  Әзірбайжан,  Индия,  Молдова,  Словакия,  Румыния,  Түркия,  Чехия 
әдебиеттану  мектептерінің  мамандары  дайындаған  «ХХ-ХХІ  ғасырлар  тоғысындағы  әлем 
әдебиеті  очерктері»,  «Әдеби-көркем  диалог»,  «Ең  жаңа  шетел  әдебиеті»,  «Интеграциялық 
үдерістер  және  қазақ  әдебиеті»  деп  аталатын  ұжымдық  монографиялар  сыни  талдау 
дискурсына  негізделген.  Әлемдік  әдебиеттануда  автоинтерпретация  мәселелері,  қазіргі 
әдебиеттанудың  өзекті  мәселелерін  кешенді  зерттейтін  мәтін  құрылысындағы  авторлық 
элементті анықтау және көркемдік жағынан жүзеге асыру тәсілдері соңғы жылдары назарға 
алынып  келеді.  Әлемдік  әдебиеттегі  озық  үдерістер  бүгінгі  қазақ  әдебиетіне  өз  әсерін 
тигізбей  қоймайды.  Алайда,  әдебиет  зерттеушілері  және  қаламгерлер  көркем  әдебиеттегі 
көркемдік тілдің жоғары болуын әліде қалайды. Осы орайда қазақ әдебиетінде кейіпкерлер іс 
-әрекетін, мінез құлқын суреттеуде нақтылыққа ұмтылып отырғанын көруімізге болады. 
Жалпы алғанда әлемдік әдебиеттегі озық үдерістерден шет қалуға болмайды. Өйткені, 
әлемдік  әдебиетте  көркемдіктен  гөрі  айтар  ойдың  ашық,  іс  -әрекеттің  айқын  болуын 
қалайды.  Бұл  оқырмандарда  көркемдіктен  шет  қақпай  өту  емес,  айтар  ойдың  мөлдірлігін 
қамтамасыз  етудегі  туған  ой  деп  түсінуге  болады.  Сондықтан  да,  келер  ұрпағымыз  шетел 
әдебиеті  емес,  өзіміздің  туған  әдебиетімізбен  мақтанатындай  деңгейге  жеткізуіміз    керек. 
Әрине,  қазіргі  таңда  әдебиетіміз  бірталай  шыңдарды  бағындырып  үлгерді.  Алайда,  әлі  де 
ақсап  тұрған  тұстары  бар.  Сол  үшін  де  ұрпақтарымызға  сапалы,  әрі  мақтан  етердей 
нәрселердің қалуы біздің жауапкершілігімізде. Сол себепті, бар күшімізді жұмылдыруымыз 
керек. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі Қазақ әдебиеті. –  
 А., «Білім», 1998;
 
2 Мүсілім Б Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – А.,1997 
3 Қазақ әдебиеттану ғылымы. –  А., 2000 
 
 
ӘОЖ 800.025/001 
ЗИКИРИНА САЯГҮЛ ДУЛАТХАНҚЫЗЫ 
КАЖИБАЕВА ГУЛЬДЕН КЕНЕСОВНА 


97 
 
Ш.Уәлиханов  атындағы Көкшетау  университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
s.zikirina@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет