107
салыстырып қараса, айырмашылықтары көп екенін де дәлелдеп көрсетті. Мысалы:
«Ғаріфларда ғаріф болған ғаріфлар» деп басталатын хикмет бұрынғы аудармаларда 10
жолдан тұрса, «Көкшетау» нұсқасында 14 жол [6, 8]. Осы сияқты «Әнтәлһәдидің» Көкшетау
нұсқасында 17шумақ болса, Светқали Нұржанов аудармасында 16, ал Әбибулла
Мұхамеджанов аудармасында 144, 145 хикметтер бірігіп 26 шумақты құрайды.
Яссауи хикметтерінің Көкшетау нұсқасы қазақ ішінде ауызша айтылып келген нұсқадан
көшірілген болуы мүмкін. Қолжазба қай өңірде көшірілсе, сол өңірдің сөйлеу нормасына
жақын болып келетіні белгілі. Көкшетау нұсқасында қазақтың ауызекі сөз қолданысы жиі
ұшырасады. Мысалы, басқа нұсқаларда «Субхан ием» деген сөз бұл нұсқада: «субхан екем»
деп келетіні бар [6, 11].
Ғалым Сәбит Жәмбек: «Ғасырлар бойы Көкшетау қазақтарының арасында ауызша
айтылып келіп, қағазға түскен бұл қолжазба нұсқаның орны ерекше. Түркітануда Йассауи
дастанының кез келген көшірмесі ғылыми жаңалық. Сондықтан бұл нұсқа отандық ғылым
ғана емес, жалпы түркітану саласы үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Нұсқаның ең
маңызды, басты құндылығы ғасырлар бойы Көкше өңірі қазақтарының рухани даму жолында
қызмет еткені болса керек!», – деген болатын.
Сайып келгенде, Ясауи хикметтерінің Көкшетау нұсқасы
қазақ ішінде ауызша айтылып
келген нұсқадан көшірілген болуы ықтимал. Қолжазба қай өңірде көшірілсе сол өңірдің
сөйлеу нормасына жақын болып келетіні белгілі. Хикметтердің Көкшетау нұсқасында
қазақтың ауыз екі сөз қолданыс дағдысы жиі ұшырасады. Мысалы, басқа нұсқаларда
«Субхан ием» деген сөз бұл нұсқада: «субхан екем» деп келетіні бар, Құдайды «Құдай
екем» дей салу қазақта бар. Басқа нұсқаларда: «бір - еу барым» деп келетін жолдың
«пәруар жарым» болып келгені тегін болмаса керек. Жоғарыда айтылған «қырық қары»
дегендегі «қар» деген өлшемді де қазақтар көп қолданады.
Көкшетаудан табылған қолжазба нұсқаны мен Ясауи хикметтерінің «Көкшетау
нұсқасы» деп атауды ұсынамын. Себебі, біріншіден, мұндай үрдіс ғылымда бұрыннан бар.
Қолжазбаны кім көшіріп алса, кім оқып баспаға дайындаса сол адамның атымен аталатын
дағды бар. Мысалы, «Қозы Қөрпеш – Баян Сұлу» жырының бір нұсқасы А. Фролов
нұсқасы деп аталған. А. Фролофтың ол нұсқаға қатысы ел аузынан көшіріп алғаны ғана. В.
Радлов нұсқасы деп В. Радлов көшіріп алған нұсқаны айтып жүрміз.
Көкшетаудан табылған қолжазбаның жөні бөлек. Бұл нұсқа ғасырлар бойы Көкшетаудағы
қазақтар арасында сақталып келді. Мүмкін Көкше қазақтарының арасында жатқа айтылған
нұсқадан хатқа түскен болуы да ықтимал. Ең бастысы Көкше өңіріндегі қалың қазақтың
рухани дамуы үшін қызмет еткен нұсқа.
Екіншіден, Ясауи хикметтерінің қазақ жерінен табылған қолжазбалары көп емес.
Бұл тұрғыдан, Семейде сақтаулы тұрған нұсқа (ол нұсқа да әлі ескерусіз жатыр - автор) мен
Көкшетау нұсқасының маңызы зор. Онда сақталған хикметтердің толық болмағанына,
сақталуының нашарлығына қарамастан ғылым үшін үлкен жаңалық. Бұл қолжазбаның
Қазақстаннан табылуы үлкен тарихи мәнге ие. Ясауитану саласында мақтаныш етуге
болатын құнды мұра. Одан қалса Ясауи хикметтерінің кез - келген көшірмесі түрік әлемі
үшін жаңалық. Осы тұрғыдан келгенде «Көкшетау нұсқасының» қазақ ғылымы үшін ғана
емес, түріктану ғылымында алар орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. – Астана: Фолиант, 2007
2 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы:Ана тілі, 1991
3
https://adebiportal.kz/kz/news/view/465
4 «Бақара» сүресі, 269-аят
5 Құранның тысында Пайғамбарымыздың көкейіне қондырылған хабарлар.
6 Қожа Ахмет Яссауи «Диуани хикмет» (Көкшетау нұсқасы). – Астана: Фолиант, 2016
7 Е.Бертельс. Литература народов Средней Азии// Журнал «Новый мир». 1939.
8 Наджип Э.Н. Исследования по истории тюркских языков XI-XIV вв. – Москва, 1989.
9 Қожа Ахмет Йасауи. Диуани Хикмет. –Түркістан: Тұран, 2010.
10 el.kz сайты 12.03.2015