126
Кенен, Үмбетәлі, Бармақ есімді ақындар айтысады. Бәрінен басым түскен сол ақын әйел тыңдап
отырған ұлы Жамбылдан төрелік-қазылық сұрайды. Айтысты тыңдап отырған
Жамбылдың да делбесі
қозып, әуелі үш ақынды да Нұриланың жеңгенін айтады да, өзінің де айтысқысы келіп отырғанын
білдіреді. Бұл – сөз сайысы майданын көріп сол майданның жеңімпазымен ақтық жекпе-жек
шайқасына ынтыққан шабытты көңілдің аласұра алабұртуы. Жетпіс бестегі жыр тұлпары Жамбыл
жиырма бестегі жұлқынған Нұриланың үш ақынды сайыста даусыз жеңгенін «Жүйрік озды
жүйріктен құлаштаған» деп бағалайды. Өзінің де шабыты қозған ішкі психологиялық алапат сезім
бұлқыныстарының қуаты жан-жүйесінің еркін билеп шыдатпай тұрғанын еріксіз білдіреді:
«Ерден басып екпінді жолың озды,
Өлеңшінің көбісі шілдей тозды.
Шапырашты мен Жамбыл «Қарасайлап»
Ұмтылғанда үстіңе перім қозды.
Құнжыңдап домбыраға менің арқам,
Аузымнан ақтарылды өлең дарқан» [2, 165].
Жазушы И.Г.Эренбург Жамбылдың суырып салмалық өнері табиғатына тәнті болған әсерін
эстетикалық таным тұрғысынан бейнелейді. Ежелгі замандық ұлы жырау-ақын Гомердің дәстүрлі
жалғасы жағдайындағы ақын тұлғасына баға беріледі: «...алғаш көргенде Жамбылдың түрі, түсі
көзіме көне жыр жазылған папирус қағазындай көрініп кетті. Тірі адам емес, кәдімгі мәңгілік жыр
жолдарын жазған папирус кағазына соншама ұқсаған. Папирус өте ертеде перғауындар әулеті қағаз
ғып тұтынған қамыстың мықты түрі... Хатшысынан: «Сонда бұл шал өлеңсіз
с ө
з сөйлемей ме?» –
деп сұрадым. Хатшысы: «Тамақ ішкісі келсе, жатқысы келсе, сыртқа шығам десе, әдеті сол,
домбыраға қосылып өлең ғып айтады. Қара сөзбен тілдеспейді», – деді. «Қара сөзді ұмытып қалған
ба, сонда бұл шал?» – деп сауал қойдым. «Ұмытып қалған», – деп жауап берді хатшысы. «Қайран
қаламын, баяғы өлең сөздің ұйқасы, ырғағы, оралымы мына ақынның қанына сіңіп кеткен», – деп
тұжырамын» [4, 45]. Демек, Жамбыл – өмір бойы көңіл-күйінің сан сырлы ояныстарында сілкіне
тұлғаланған табиғи бітімі ғажайып жаратылыс иесі.
Жамбылдың шығармашылық тұлғасы – тұтастай суырып салмалық өнер құдіретінің көрінісі.
Ішкі жан дүниесіндегі қайнап жатқан толғанысты ойлардың жарыққа шығу сәттері – жарқылдаған
ұшқындары, алаулаған оттары, тұтас қызуы бет қаратпас бейне жанартаудай әсерлі. Сыншыл да
өткір, бейнелі оралымдарымен өрнектелген астарлы философиялық тұжырымды толғаныстардың
тереңдіктері, замандық құбылыстар мен адамдардың алуан сырлы келбеттері – бәрі де ақын
жүрегінен атқылаған жыр жаңартауының өмірдің найзағайлы аспанымен астасқан суреттер! Демек
ұлы Жамбылдың суырып салмалық ақындығындағы сөзді де сазды да тұтқиылдан айтатындығы –
оның ішкі жан жүйесіндегі бұлқынып, толықсып қайнап жатқан қат-қабат ойларының қабаттаса,
тізбелене атқылауының жүйелене жырлауының көрінісі. Жамбылдың философиялық әуенді
толғауларының да, сыршылдық бояулары қалық лирикалық және сыншылдық тілі өткір сатиралық
өлеңдері де, айтыстарының да, эпикалық дастандарының да – бәрінің де осы суырып салмалық
қасиетінің табиғатына негізделе дүниеге келгені анық.
Жамбыл – қазақ сөз өнері тарихындағы бұрынғы-соңғы көрнекті ақындар дәстүрін жетік білген
ақын. Қазақтың төл әдебиетінің арғы-бергі тарихындағы ақын-жыраулардың, жыршылардың
шығармаларынан өмір бойы үлгі алады.
Ақын-жыраулардың халықтың тарихымен бірге жасайтын құдіреті азаматтық биіктік, ел
тағдыры жолындағы жанкештілік, өнер жолындағы даралық шеберлік – бәрі де Жамбылдың өнеге
тұтар құбыланамасы, шығармашылық мұраты. Сондықтан өзін үнемі солардың
өнерін жалғастырушы
тұлға ретінде сезіне жырлайды: