Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет67/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204
   
Көл болды мынау аққан қан.  
Бұл  жолдардағы  «қан»  сөзінің  «аққан»  сөзінен  кейін  келіп,    шумақ  соңынан  орын, 
екпіннің басым салмағын қабылдауы да азап ауырлығын шегелей  түсуге ықпал жасап тұр. 
Бұл ауыртпалықты жүректі  жара жеуі де («Жүректі жара жеп барад») бейнені  күрделі ете 
береді. Дерексіз ұғым жараға ауыз біткендей, жүректі жеуі апат деңгейін  аша түседі.  Оған 
қоса: 
Қиналдың-ау, шыбын жан
Тоқталсаңшы, ыстық қан! 
...Түсті ғой қысым жаныма, 
Тұншықтым ғой қаныма! – жолдары  мойын бұрғызады.  


165 
 
Аз суға тұншығу мүмкін еместігін салмақтасақ та, қанға тұншығу оның соншалық көп 
мөлшерде  аққанын  дәл  де,  әсерлі  жеткізе    білген.  Бұл  айқын  көріністер  лирикалық  бейне  
сезімін нақты бейнелеумен ұштасады: 
Тұлпарға мініп бір шапсам, 
  Болмас еді басқа арман! 
Бұл тілек  үнемі ат үстінде  жүрген  қазақ азаматына  лайық, демек, ұлттық  өрнегі 
сақталған сезім болумен қатар, сондай бейнеге көңіл бөлген лирикалық  қаһарманның 
күрескерлік  рухын да танытады.  
Мағжан өлеңдеріндегі қайғы-мұң мәселесіне де арнайы  көңіл бөлгіміз келеді. Күн бар 
жерде көлеңке болатыны тәрізді, қуаныш бар жерде қайғы да жоғалып кете  қалмайтынын, 
тіпті қайғыра білмеген   адамның шаттықты  бағалауда да кенже қала беретінін түсінеміз.  
Мағжанның  жүрек  сырын  жеткізетін  құралы  –  оның  поэзиясы.  Ақынның 
жүгінері  де  –  жүрегі,  сырласы  да  –  жүрегі.  «Жүрегім,  мен  зарлымын  жаралыға»  деп 
жырлаған ақын үшін «жүрек» – өмірдің символы. 
«Жаралы жан» – өлеңінде ақын «жүрек»-ті бірде ыза-кек, бірде шарасыздық, енді бірде 
күш-қайрат, мейірім бейнесінде шебер қолданған. 
Қысылған сорлы адамның шыбын жаны 
Шапшып тұр   жүрегінен ыстық қаны. 
Іші өртеп, жүректі елжіретед ... 
Жүректі жара жеп барад, 
Жасаған-ау, қалай   шыдайын?! 
Соқпа, сорлы жүрегім, 
Шіріген-ді, ақ білегім!  
 Мағжан  шығармашылығында    ұлттық,  батыстық-шығыстық  символдың  ақын 
жүрегінен қорытылып шыққан жан сөзі мен ешкімге ұқсамайтын даралығы бар. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінен  көрінген  символистік  тәсіл  ақын 
шығармашылығында    Сарыарқаның  ызғарлы  көктемінің  арасынан  басын  көтерген 
бәйшешектей  болды.  Себебі,  осы  кезеңде  1906  және  1914  жылдарды  қамтыған  орыс 
революциясының ызғары, қазақ даласына да сезіліп, өз өктемдігін жүргізе бастаған.   
 Ақын  шебер
 
қолданған символдардың бірі – «у». 
Азамат! Анау қазақ қаным десең
Жұмақтың суын апар, жаным десең. 
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, 
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең! 
«Жаралы  жан»  өлеңінде  у  қайғыға  тұншыққан  жанның  дертіне  автор    дауа  іздей 
отырып,  шарасыздық  халді  бейнелеген.    Жүсіпбек    Аймауытов    өз  мақаласында  осы    өлең 
жолдарына  мынадай    пікір  білдірген:  «Азамат  болсаң,    қазағыңа  пайда    тигіз,  үйтпесең 
«ібіліссің»  деп  ауыр  міндет  артады.  Азаматқа  сын  тағады.  Қазақ  азаматы  саясат  жүзінде 
пікірі    шынықпаған  бала  екенін  көреді,  белгілі  пікір,  жол  тұтына  алмай,  бас  қамын  ойлап, 
боялып жүрген кейбір азаматтарды  сөгеді» [2,209]. 
«Жаралы жан» шығармасында  ақын  батыста  қаптаған жандардың қазақ даласына да 
жетіп,  бәрін бүлдіріп жатыр; шыбын жан қысылып, қуат кеміп, аққан қан көбейіп барады; 
«мынау  қарға,  құзғынның  бердің-ау,  тәңірім  тілегін»  –  деп  тәңіріге    жылайды.    «Жүректі  
жара жеп барад, Жасаған-ау қалай  шыдаймын?!» деп күйзелген ақын: 
Сауықшыл есіл елім-ай! 
Сарыарқа сайран жерім-ай! 
Күмістей таза суы бар 
Айдын шалқар көлім-ай! – 
деп елінің бұрынғы  берекелі кезін аңсайды. 
Тұлпарға мініп бір шапсам, 
Болмас еді басқа арман! – 


166 
 
деп армандайды. Ақын қазақты «Қайғылы сар даланы күңіренткен, Зарына адам шыдап тұра 
алмаған»  жаралы  жанға    теңейді.  Сол  әлсіреп    жатқан  жаралы  жанды  азаптан  құтқаруға 
«оқыған азаматтарды» шақырған ақын: 
Азамат! Анау қазақ қаным десең, 
Жұмақтың суын апар, жаным десең. 
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар
Тоқтатам тұншықтырып зарын десең!.. – 
деп қатты-қатты сөздер айтуға дейін барады ақын. Бодандықтағы  қазақ елін: 
Жалқау жел өзін өзі зорға сүйреп, 
Жан-жақты жүргендей-ақ жындар билеп. 
Ың-жың дауыс келеді құлағыма, 
Перілер ән салысып, тұр ма күйлеп?..– 
деген  күйінде көрген ақын осы халді тәңіріге жылап тұрып жеткізіп, одан рақым күтеді.  
Мағжан поэзиясы елді сүюге, өз Отанының тарихымен мақтануға үйретеді. Мағжанды 
ақын  еткен  қасиетті  шындық  пен  жанды-жансызға  деген  айырықша  махаббатты  сездіретін 
жүрек лүпілі.  
Расында, ақын бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны,  қара өлең 
құдіретін  биік  деңгейге  қөтерген  ақын.  Абайдың  шексіз  шеберлігінің  кілтін  іздеуден 
жалықпаған  ақын.  Мағжан  символизмі  қазақ  әдебиетін  Абайдан  соң  тағы  бір  белеске 
көтергені дау туғызбайтын ақиқат. 
 Мағжан  Жұмабаев  1922  жылы  жарық  көрген    «Педагогика»  еңбегінде:  «Мектебімізді 
таза, сау, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) қабысатын,  үйлесетін негізге құра білсек, 
келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз 
күңгірт» [4,103] деген бүгінгі күнде де ең маңызды  мәселені баса айтқан. Өткеннен тағылым 
алмай,  келешектен  үміт  күту  бекершілік.  Келешек    ұрпақ,  Мағжан  Жұмабаев  сынды  
арыстардың мұрасын танып-білмей, қазақ елінің  қамын жеп, ел үшін еңбегін сарп ете алмас  
деп  ойлаймын.    Ұлылардың  ұлағатын    тани  білсек,  өзімізге  өнеге  етсек,    жарқын  болашақ 
есігін айқара ашары  айдан анық! 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Елеукенов Ш. Ғасырмен сырласу. – Астана: Елорда, 2004. – 482 б. 
2  Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер. /Құрастырған Ж.Сүлейменов. 2006, – 428б. 
3  Бес арыс: естеліктер, эсселер,  және  зерттеу мақалалар. – Алматы: Жалын, 1992. – 544 б. 
4  Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: «Фолиант», 2004. – 304 б.  
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 82:809.434.2 
РАҚЫМЖАН ОРАЛСЫН ҚАЛИҚАЙДАРҚЫЗЫ 
АХМЕТЖАНОВА АЯУЛЫМ САМАТОВНА 
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 
Көкшетау, Қазақстан  
Oralsyn90@mail.ru
,  
Akhmetzhanova01@list.ru
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет