Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ   «ЖАРАЛЫ ЖАН» ӨЛЕҢІНІҢ  ИДЕЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет65/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ   «ЖАРАЛЫ ЖАН» ӨЛЕҢІНІҢ  ИДЕЯЛЫҚ-
КӨРКЕМДІК  ҚЫРЛАРЫ 
 
Аннотация: мақала  қазақ әдебиетінің   заңғар тұлғасы  Мағжан Жұмабайұлының 
шығармашылығына арналған.  Автор ақын поэзиясының жарқын үлгісі «Жаралы жан»  
өлеңін поэтикалық, көркемдік  тұрғыдан талдайды. Ақын  туындысына деген өзіндік  пікірін  
білдіреді.   
Тірек сөздер: ақын,  ұлттық рух,   әдебиет,   жан,   символ,  лирикалық бейне 
  
Әдебиет  –  ұлттың  рухани  күші.  Әрбір  әдебиетші,  қаламгер  ұлттық  руханият 
қызметкері.    Олардың    шығармалары,    шығармашылық    ізденістері    халық  игілігіне 
арналады.  Яғни  ақын-жазушылар    қандай  көркемдік  жанрда  жазса  да,  өз  халқының 
тағдырын,  бақытын  жырлап,  жырымен  елін  кемелдікке  жетелейді.  Олай  болса,    әдебиет  – 
қоғамның    көркем  де  ашық  бейнесі.  Тарихта  бодандықты    бастан  кешпеген  ұлт  аз. 
Сондықтан  да  барша  халық  әдебиетінде  азаттық  идеясын    арқалаған  мұралар  ұлттық 
патриотизм    мен  ұлтшылдық  діңгегі  ретінде  қастерленеді.  Қазақ  әдебиетіндегі    еркіндік 
ұраншылдары дегенде сап етер ой, әрине,  Алаш қайреткерлері екені сөзсіз.  
ХХ ғасыр басындағы  күрескерлік кезең сардарлары. Бұл кезеңдегі  қаламын қару еткен  
әдебиетшілер қауымы – қара сөздің қамын ғана ойламай, ел болу, жер мәселесі, әлеуметтік-
саяси ахуал, оқу-білім саласында да аянбай тер төгіп жатты. Осы топ қатары Ә. Бөкейханов, 
Қ.  Кемеңгеров,    А.  Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев  және  басқа  көптеген  белгілі 
қайраткерлер  тізімімен  жалғаса  береді.    Мәселен,  Ахмет  Байтұрсынов  «Маса»  жинағы  мен 
Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағы» заман мен тағдыр сұранымына сай  қажетті  ұранға 
айналып еді. 
Осы  кезеңнің    ең  көрнекті,  жаңа  өрнекті  бастаушыларының    бірі  Мағжан  Жұмабаев  
болды.    Белгілі  әдебиеттанушы  ғалым  Шериаздан  Елеукенов:  «Мағжанның    бірден  ұлт 
ақыны боп  қалыптасуына өмірдің өзі мәжбүр етті» [1,292] –  деген пікір білдіреді. Шынында 
да,    хандық  билік  жойылып,    қазақ  билігі  шағын    ауылдарды  басқарған  болыстыққа  дейін 
құлдырады.    Болыстар  ел  мүддесін  ойламай,  өзара  қырықпышақ  болды.    Ел  билігінен 
айырылған  қазақ бара-бара жер билігінен айырылды.  Ең шұрайлы жерлер  сырттан келген 
келімсектерге беріліп, төл халық  шөл, құмды,  тастақ жерге ығыстырылды. Колхоз құрамыз 
деген  сылтаумен  халқымыздың  мал  мен    жаны    қасақана  аштан  қырылды.    Нәтижеде  
халқымыз  өз елінде   азшылықта қалды.   
Мағжан Жұмабаев осының бәрін көріп, жан-жүрегінің сүзгісінен өткізіп ашынып өсті.  
Білмеймін не боларын, қайран көлім,  


163 
 
Жарайды  тең  болмаса күн мен түнің, 
Итиіп қара шекпен келіп қонса, 
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің [2,16].    
Зар илеген ел ахуалы арқасына аяздай батпаса, ақын мұндай мұңды өлең жазбас еді. 
Поэзия жанрын  қолға алған тұста  Мағжан Жұмабайұлы   ұлы Абай  дәстүрін байыту, 
ұлттың  әлеуметтік  құрамына  байланысты  мәселелерді,  тұтас  ұлттың    қамы,  ер  бірлігі,  
берекесі,  әйел  бостандығын  аңсау,  әлем  кеңістігіне  қадам  басу    тақырыптарын  қарастыра 
білді.  
   Бүгінде    ұлтшыл,  сыршыл  ақын    шығармашылығы    кеңес    құрсауынан  құтылған 
тұстан бері  кеңінен зерттелу үстінде. Оған   Шериаздан  Елеукеновтың «Мағжан Жұмабаев» 
зерттеу  еңбегі,  Дандай  Ысқақұлының    «Әдебиет  алыптары»  кітабы,  Жамал  Боранбаеваның 
«Сөз  зергері  Мағжанның  әдемі  өрген  өрнегі»  атты    ғылыми    диссертациясы,  белгілі  ғалым 
Қуандық Мәшһүр-Жүсіповтың   «Мағжан романтизмі»   атты зерттеулері  айқын  дәлел бола 
алады.  
Әрине,  өз  кезінде      батыс  әдебиетінің      соны  дәстүрін  қазақы    мақамға  сала  білген  
Мағжан  Жұмабаев  жаңашылдығын      өз  замандастары  да    мойындап  талқыға  түсірген. 
Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов   «Мағжанның  ақындығы туралы»  ауқымды   мақала жазып 
«Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке  жылы тиетін» 
үлбіреген  нәзік  әуез  қазақтың  бұрынғы  ақындарында  болған  емес.  Ол  жүректің    қобызын 
шерте  біледі,  оның  жүрегінен  жас  пен  қаны  аралас  шыққан  тәтті  сөздері  өзгенің    жүрегіне 
тәтті  у  себеді»  [2,198]  –    деген  образды    пікір  білдіріп,    заңғар  жазушы    Мұхтар  Әуезов    
«Қазақ    жазушыларынан,  әрине,    Абайды    сүйемін...  Бұдан  соң    Мағжанды  сүйемін. 
Еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан мәдениеті зор ақын...»[3,294]  – деген 
лебіз білдірген. 
Белгілі сыншы ғалым  Айгүл Кемелбаева    «Мағжан әлемі» кітабында:  «
Мағжанның 
ақындық  жаратылысын  суреттеуге  сырлы  сөз,  байыпты  бояу  таппай  қиналасың.  Жұмақ 
құсындай  құлпырған,  махаббат  сезіміндей  тылсым  поэзия.  Мағжанның  суреткерлік 
құбылысын тануға әдемі, салтанатты теңеулердің бәрі тарлық қылып, адыра қалатын тәрізді. 
Мағжанның  көркемдік  көкжиегі  Тайбурылдың  шабысындай.  Оның  күн  дидарлы  нұрлы 
өлеңдерінің  жалғаны,  осалы  жоқ,  құдды  табиғат  стихиясындай.  Сондықтан  ол  туралы 
табынбай, шабыттанбай сөз айту неғайбыл дүние. Мұхтар мен  Жүсіпбек Мағжанның өлеңі 
хақында  тебіренбей,  майдай  ерімей  сөз  айтқан  емес.  Мағжан  феноменін  ақ-адал  түйсінген 
Мұхтар мен Жүсіпбек жүрекжарды лебіздерін ұрпақ санасына құйып кетуді парыз санаған. 
Өйткені  ол  үшеуі  шыңдағы  ұялардан  түлеп  ұшқан  жас  қырандардай  әдебиет  көгіндегі 
заманы бір, тілегі бір, рухы бір алыптар тобынан болды»  – осындай керемет сын-пікір ақын  
парасат-пайымын  айқындай  түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет