202
Көбіне оларда жаратылыс ерекшіліктеріне қарай көл, өзен атауына байланысты
топонимдер жиі кездеседі: Ақбаскөл, Ақжанкөл, Арқакөл, Батпақкөл, Бекболаткөл, Бөрінің
көлі, Жалғызкөл,
Жаншора көлі, Жаңакөл, Жаркөл, Жекекөл, Кінкенекөл т.б
Бұдан басқа, шамамен ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында орысша аталғандар:
Горькое, Соленое, Пестрое, Кривоозерное, Питное, Широкое.
Кейде кісі аттары көрініс береді: Илиханов, Пономарев, Шитов, Марошкин, т.б.
Өсімдіктер мен жануарлардың атауымен аталған көлдер жиі кездеседі: Текекөл, Камышное,
Рогозянка, Волчье, Собачье, Кобылье, Қоянды көл.
Солтүстік қазақстандық көлдердің орташа аумағы бір шаршы километрге тең – мұндай
су көздері 10 пайыздай. Аумақтары 750,3 шаршы километрден 29,8 шаршы километрге дейін
бірте-бірте кеми беретін кейбір көлдердің тізімі: Сілетітеңіз, Әлкен Қараой, Шағалалытеңіз,
Теке, Кіші Қарой, Қалибек, Имантау, Алабота, Қақ, Әлкен Торанғұл, Меңгесер, Шалқар,
Становое.
Айдындардың тереңдігі әртүрлі. Мәселен, Шалқардың тереңдігі 15 метр. Жақсы
Жалғызтау — 10,3метр, Имантау — 10, Меңгесер 0,8 метр, Көпшілігінің тереңдігі — 1,5-2,5
метр. Су көлемі айдынның аумағына, тереңдігіне және жыл мезгіліне байланысты. Осы
көрсеткіш Шалқар көлінде орта есеппен 267,0 миллион текше метрді, Меңгесерде 16,4
миллион текше метрді құрайды [4, 1].
Көлдер қамысқа, су өсімдіктеріне, шымтезек шөгінділеріне бай.
Жаманкөл, Меңгесер,
Снежинка-Кривое көлдерінде емдік лай бар.
Жер-су атаулары – халық қазынасы, өткен өмір айнасы. Халқымыздың “Өткеніңді
білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың” деген сөзі тегін айтылмаған.
Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
көтерілген «Туған жер» бағдарламасы арқылы шынайы патриотизмді қалыптастыру болып
табылады. Елбасымыз қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен сұхбатында:
«…Қазақта «Жеріңнің аты-еліңнің хаты» деген сөз бар. Халық жерге ат қою арқылы елінің
тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек,
сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп
тұруға тиіс…», – деген сөзі көңілімізден шыққаны хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Ибраева А.Ғ., Мәлікова С.З., Тайшыбай З.С., Өлкетану. Солтүстік Қазақстан облысы. – Астана: Арман -
ПВ баспасы, 2018. –192 б.
2 Ахметжанова Г., Мәлікова С., Оспанов К., Тайшыбай З. Атамекен атаулары, издательство Северный
Казахстан. – Петропавл қ., 2015. – 338 б.
3
polis.mypiter.kz/blog/istoria
4
https://el.kz/kz/news/archive/content-12129
5 Қалиев Ғ.Тіл білімнің терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы:Сөздік-словарь, 2005. – 439 б.
6 Дияров Б.Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері. – Астана, 2013, – 19б.
7 Жанұзақ Т. Тарихи жер-су аттарының түптөркіні. – Алматы: Сөздік-словарь ЖШС, 2010. – 354б.
ӘОЖ 821.512.122
ЕСМАТОВА
МЕҢДІҚЫЗ ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ
МАКАШЕВА
СӘУЛЕ МЫРЗАБЕКОВНА
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Петропавл,
Қазақстан
Saule_95_5@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: